Мәслихаттың 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 188 "Тіркелген бірыңғай салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2011 жылғы 30 қарашадағы № 539 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 желтоқсанда № 9-2-199 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2016 жылғы 4 мамырдағы № 19 шешімімен

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Жамбыл облысының әкімдігіне аудару үшін 2011-2012 жылдардағы жылыту маусымында Қаратау және Жаңатас қалаларының үздіксіз жылумен жабдықталуын қамтамасыз ету үшін табиғи газ және отындық мазут сатып алуға 2011 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 224786000 (екі жүз жиырма төрт миллион жеті жүз сексен алты мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсаты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов