Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Тіркелген бірыңғай салық ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 188 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-135, 2009 жылғы 22 мамырда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімінің 2-тармағы жойылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезектен
тыс сессиясының төрағасы А. Досов
Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Лощинин
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша салық
департаменті Рудный қаласы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ С. Ахметов