Қостанай облысы Федоров ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 19 тамыздағы № 430 шешімі және Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 19 тамыздағы № 1 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 қыркүйекте № 3773 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селолары", деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдары" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Занының 11-бабына сәйкес және Федоров ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескеріп Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Федоров ауданының Украин ауылдық округі таратылсын.
      2. Федоров ауданының таратылған Украин ауылдық округінің Малороссийка және Дубровка ауылдары олардың жер пайдалану шегіндегі аумақтарымен Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округінің әкімшілік бағанысына берілсін.
      3. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкімі                            С. Кулагин

      Сессия төрайымы                            Т. Шерстобитова

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Төкенов