Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар, сондай-ақ, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 23 қарашадағы N 47/16 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 желтоқсанда N 8-4-258 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы N 18/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 12.05.2016 N 18/02 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбына өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 21.02.2013 N 04/31 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Барлық меншік нысандарындағы мекемелерде және ұйымдарда, кәсіпорындарда, жұмыс орындарының жалпы санының 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар, сондай-ақ, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 21.02.2013 N 04/31 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес, бар бос орындарына жұмысқа орналастыру үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі N 32/02 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде N 8-4-246 болып тіркелген) қаулысының күші жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Бахит Кадыровна Молдабаеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Балқаш қаласының әкімі
Қ. Тейлянов