Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі N 32/02 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 қазанда N 8-4-246 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 23 қарашадағы N 47/16 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 82-жолдың 4-бағанында "ҚНРА, АӨҚО," деген аббревиатуралар алып тасталсын;
      реттік нөмірі 86-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 119-жолдың 4-бағанында "ҚНРА (келісім бойынша)," деген сөздер алып тасталсын;
      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      "ҚНРА - Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі" деген жол алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов