Панфилов ауданында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қазандағы N 748 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Панфилов ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 14 қарашада N 2-16-141 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 09 қыркүйектегі № 462 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 09.09.2016 № 462 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2012.12.04 N 702 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік құқығына қарамастан, Панфилов ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес процент мөлшерінде квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2012.12.04 N 702 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Әбдіқадырұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Келемсейіт
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Панфилов ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Азат Жапарұлы Жақыбай