Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы N 371 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 20 желтоқсанда N 2-14-118 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 728 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Өңірлерді дамыту» бағдарламасында:
      «Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Нысаналы индикаторлар» деген жолдағы «Атырау» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Атырау 103,2   103,8   103,0  107,2   111,6»;
      «Қаржыландыру көздері мен көлемі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаржыландыру көздері мен көлемі

      Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарламаны республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі:
      2011 жылы – 176,5 млн. теңгені,
      2012 жылы – 1 050,0** млн. теңгені,
      2013 жылы – 14 000,0** млн. теңгені,
      2014 жылы – 15 000,0** млн. теңгені құрайды.
      Жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру көлемі республикалық бюджеттен Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаларға бағытталатын қаражат көлемі айқындалғаннан кейін анықталатын болады.
      2015 – 2020 жылдарға – _______ **.
      **Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау кезінде анықталатын болады.»;

      «Кіріспе» деген 2-бөлімде:
      сегізінші бөлікте:
      үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкiлеттi орган – Бағдарламаны iске асыруға жауапты Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi (бұдан әрi – Уәкiлеттi орган);
      Жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Бағдарламаны iске асыруды жүзеге асыратын Өңірлік даму комитеті (бұдан әрi – Жұмыс органы);»;
      бесінші абзац алынып тасталсын;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі.»;
      «Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:
      мынадай мазмұндағы он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2011 жылғы 17 сәуірдегі № 01-7.4 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөнінде іс-шаралар кешенін әзірлеу бойынша тапсырма берілді.
      Қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқару органдарының толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық құқықтық, ұйымдық және экономикалық база жасалғанын атап көрсету қажет. Алайда, жергілікті өзін-өзі басқару тиімділігі көп жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті заңдардың барлық кешенінің бар болуына ғана емес, сондай-ақ халықтың өзінің жергілікті өзін-өзі басқаруға іс жүзінде және тікелей қатысуына да, яғни халықтың жергілікті өзін-өзі басқару құқығын іс жүзіндегі (нақты) іске асыру қабілетіне де байланысты.
      Осы тұрғыдан алғанда, Бағдарламада ауылдық елді мекендерді дамытуға және ауыл халқының тыныс-тіршілігін жақсартуға бағытталған жобаларды (іс-шараларды) айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеуге халықтың өзін тарту көзделеді.
      Бұл ретте, қаржылық көмек тек (Ауыл шаруашылығы, Экономикалық даму және сауда министрліктерінің бірлескен бұйрығымен бекітілген экономикалық әлеуеті төмен және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтау бойынша критерийлерге сәйкес) оң демографиялық үрдісі мен даму жағынан экономикалық әлеуеті бар ауылдарға (селоларға) берілетінін атап көрсету қажет»;
      «Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
      «Бағдарламаның нысаналы индикаторлары» деген 2-кіші бөлімде:
      «Атырау» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Атырау 103,2   103,8   103,0   107,2   111,6»;
      «Міндеттер» деген 3-кіші бөлімде:
      «Жобаларды бағалау мен іріктеу шарттары 2011 жылдың ішінде Бағдарламаның Жұмыс органы әзірлейтін әдіснамалық ұсынымдарда көзделетін болады.» деген он үшінші бөлік алынып тасталсын;
      жиырма екінші, жиырма бесінші, жиырма тоғызыншы бөліктердегі «Уәкілетті орган», «Уәкілетті органның» деген сөздер «Жұмыс органы», «Жұмыс органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз екінші бөлік мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «4) жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау.»;
      отыз үшінші бөлік алынып тасталсын;
      отыз сегізінші, қырық екінші, елу төртінші бөліктердегі «Уәкілетті органдар», «Уәкілетті органдардың», «Уәкілетті органның» деген сөздер «Жұмыс органы», «Жұмыс органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші және елу сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
      «4-басымдық. Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау.
      Осы басымдық шеңберінде жобаларды (іс-шараларды) іске асыру экономикалық әлеуеті жоғары және орташа ауылдарда (селоларда) ғана жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау шеңберінде іске асырылатын жобаларды (іс-шараларды) анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеуге халықты тарту жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Ауыл (село) әкімдері оларда ұсыныстар талқыланатын және бірінші кезектілігіне, өзектілігіне негізделе отырып жобаларды (іс-шараларды) іріктеу бойынша (іс-шараларды (жобаларды) «төменнен жоғарыға» іріктеу қағидаты) шешімдер қабылданатын жергілікті қоғамдастықтардың жиналыстарын (жиындарын) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
      коммуналдық шаруашылық бойынша 2012 жылы: көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, тұрғын үй қорын сақтау және қоқыстарды әкету, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз қалған объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар және мал қорымдары полигондарын жайластыру, жылыту жүйелерін жөндеу, балалардың ойын алаңдарын орнату;
      2013 – 2014 жылдары:
      1) күрделі және ағымдағы жөндеу: білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау объектілерін;
      2) коммуналдық шаруашылық: көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, тұрғын үй қорын сақтау және қалдықтарды әкету, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз қалған объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар және мал қорымдары полигондарын жайластыру, жылу жүйелерін жөндеу, балалардың ойын алаңдарын орнату;
      3) көлік коммуникациялары: кентішілік жолдарды және көпірлерді күрделі, орта және ағымдағы жөндеу, бағдаршамдар орнату;
      4) ауыл шаруашылығы: су қоймаларын тазарту, иесіз қалған су техникалық ғимараттарын қалпына келтіру;
      5) өзге де: телефон орнату, Интернет»;
      «Бағдарламаны іске асыру кезіндегі қатысушылардың өзара іс-қимылы» деген 4-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Бағдарламаны іске асыру кезіндегі
қатысушылардың өзара іс-қимылы

4.1. «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау» басымдығын қоспағанда, Бағдарламаны іске асыру кезіндегі қатысушылардың өзара іс-қимылы

      1. Аудандардың және қалалардың әкімдері облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне инвестициялық ұсыныстарды жібереді, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген құжаттарды қоса отырып, инвестициялық ұсыныстардың тізімдерін қалыптастырады және Бағдарламаның Үйлестірушісіне жібереді.
      2. Бағдарламаның Үйлестірушісі:
      1) «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес әзірленген инвестициялық ұсыныстарды қарайды және аудандар мен қалалардың әкімдеріне, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;
      2) Жұмыс органының қарауына іріктеліп алынған инвестициялық ұсыныстар бойынша құжаттар пакеті мен оң экономикалық қорытынды жібереді.
      3. Жұмыс органы он бес жұмыс күні ішінде инвестициялық ұсыныстардың Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының мақсаттары мен міндеттеріне және Бағдарламаның басымдықтарына сәйкестігін қарайды және олар бойынша Бағдарламаның Үйлестірушісіне қорытынды жібереді.
      4. Бағдарламаның Үйлестірушісі Жұмыс органының инвестициялық ұсыныстарға оң қорытындысын алғаннан кейін БИЖ-дің техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдар әрі - ТЭН) әзірлеуге және қажетті сараптамалар жүргізуге қаражат бөлу жөніндегі қорытындыны қалыптастырады және бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
      5. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған инвестициялық ұсыныстар бойынша аудандардың және қалалардың әкімдері, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ТЭН әзірлейді және тиісті сараптамалар жүргізеді және экономикалық қорытындыны алу үшін Бағдарламаның Үйлестірушісіне жібереді.
      6. Бағдарламаның Үйлестірушісі:
      1) БИЖ-дің ТЭН-ін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамаларды қарайды және аудандардың және қалалардың әкімдеріне, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне олар бойынша экономикалық қорытындыны жібереді;
      2) Жұмыс органының қарауына іріктеліп алынған БИЖ бойынша құжаттар пакеті мен оң экономикалық қорытындыны жібереді.
      7. Жұмыс органы:
      1) ТЭН және БИЖ ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныстарды тиісті орталық мемлекеттік органдарға салалық сараптама дайындау үшін құжаттардың толық пакетімен қоса жібереді;
      2) оң сараптамаларды ескере отырып, БИЖ тізбесін қалыптастырады және Уәкiлеттi органның қарауына жібереді.
      8. Уәкiлеттi орган БИЖ тізбесін ВАК қарауына енгізеді.
      9. ВАК:
      1) БИЖ тізбесін мақұлдайды;
      2) бағыттар бойынша Бағдарламаны қаржыландыру лимиттерін келіседі;
      3) шешімді тиісті хаттамамен ресімдейді.
      10. ВАК-тың оң қорытындысы жобаларды Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік өтініміне қосу үшін негіз болып табылады.
      11. Жұмыс органы ВАК шешімін Бағдарламаның Үйлестірушісіне жібереді.
      12. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынады.

4.2. «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау» басымдығы бойынша Бағдарламаны іске асыру кезіндегі қатысушылардың өзара іс-қимылы

      1. Қаржыландыру лимитін бөлу:
      1.1. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әр облыстың ВАК мақұлдайтын қаржыландыру лимитін ауылдық (селолық) округтарда, сондай-ақ өңірдің ауылдық (селолық) округтың құрамына кірмейтін ауылдарда (селоларда) тұратын халықтың санына байланысты айқындайды.
      1.2. Облыс әкімі қаржыландыру лимитін ауылдық (селолық) округтарда, сондай-ақ ауылдық (селолық) округтың құрамына кірмейтін ауылдарда (селоларда) тұратын халықтың санын байланысты әр ауданға жеткізеді.
      1.3. Аудан әкімі қаржыландыру лимитін даму әлеуеті жоғары және орта әр ауылдық (селолық) округтарда, сондай-ақ ауылдық (селолық) округтың құрамына кірмейтін ауылдарда (селоларда) тұратын халықтың санына байланысты әрбір ауылдық (селолық) округке жеткізеді.
      Бұл ретте, аудан әкімі қаржыландыру лимитін бөлген кезде ауылдық (селолық) округтың құрамына кірмейтін даму әлеуеті төмен ауылдарды (селоларды) алып тастайды және оны даму әлеуеті жоғары және орта ауылдық (селолық) округтарға және ауылдық (селолық) округтың құрамына кірмейтін ауылдарға (селоларға) қайта бөледі.
      1.4. Ауылдық (селолық) округтың әкімі округтың барлық ауылдарына (селоларына) есептелген қаржы көлемін тек даму әлеуеті жоғары және орта ауылдарға (селоларға) бөледі және қайта бөледі.
      2. Іріктеу рәсімі:
      2.1. Ауыл (село) тұрғындарының жиынында ауылдық (селолық) округ әкімі жеткізген қаржы көлемінің шеңберінде жобалар (іс-шаралар) анықталады және тұрғындар жиынының хаттамасымен ресімделеді.
      2.2. Мақұлданған жобалар бойынша ұсыныс (тұрғындар жиынының шешімі) ауылдық (селолық) округтің әкіміне түседі.
      2.3. Ауылдық (селолық) округтің, ауылдық (селолық) округтың құрамына кірмейтін ауылдың (селоның) әкімі мақұлданған жобалар (іс-шаралар) бойынша ұсыныстарды (тұрғындар жиынының шешімін) аудан әкімдігіне жібереді.
      2.4. Аудан әкімдігі бағыттарды ескере отырып ұсынылған Жобалар (іс-шаралар) тізбесін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген құжаттармен қоса Бағдарламаның Үйлестірушісіне жолдайды.
      2.5. Бағдарламаның Үйлестірушісі жобалар (іс-шаралар) бойынша ұсынылған құжаттарды қарайды және олар бойынша қорытынды қалыптастырады.
      2.6. Бағдарламаның Үйлестірушісі жобаларға (іс-шараларға) берілген қорытындылардың нәтижесін аудан әкімдігіне жолдайды.
      Өз кезегінде аудан әкімдігі Бағдарлама Үйлестірушісінің қорытындысын ауылдық (селолық) округтардың, ауылдардың (селолардың) әкімдеріне жібереді.
      Ауылдық (селолық) окугтардың, ауылдық (селолық) округтардың құрамына кірмейтін ауылдардың (селолардың) әкімдері тұрғындардың жиынында қолдау көрсетілген және қолдау көрсетілмеген жобалар (іс-шаралар) туралы ақпарат жеткізеді.
      2.7. Бағдарламаның Үйлестірушісі Жұмыс органының қарауына қажетті құжаттар пакетін және іріктеліп алынған жобалар (іс-шаралар) бойынша оң қорытындыны жібереді.
      2.8. Жұмыс органы он бес жұмыс күні ішінде жобаларды (іс-шараларды) Бағдарламаның басымдығына сәйкестігін қарайды және олар бойынша қорытындыны жібереді.
      2.9. Бағдарламаның Үйлестірушісі Жұмыс органының жобаларға (іс-шараларға) берген қорытындыларының нәтижелерін аудан әкімдігіне жібереді.
      Өз кезегінде аудан әкімдігі Жұмыс органының қорытындысын ауылдық (селолық) округтардың, ауылдардың (селолардың) әкімдеріне жібереді.
      Ауылдық (селолық) округтардың, ауылдық (селолық) округтардың құрамына кірмейтін ауылдардың (селолардың) әкімдері тұрғындардың жиынында қолдау көрсетілген және қолдау көрсетілмеген жобалар (іс-шаралар) туралы ақпаратты жеткізеді.
      3. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынады.»;
      «Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген 6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
      Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарламаны республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі:
      2011 жылы – 176,5 млн. теңгені;
      2012 жылы – 1 050,0** млн. теңгені;
      2013 жылы – 14 000,0** млн. теңгені;
      2014 жылы – 15 000,0** млн. теңгені құрайды.
      Жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру көлемі республикалық бюджеттен Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаларға бағытталған қаражат көлемі айқындалғаннан кейін анықталатын болады.
      2015 – 2020 жылдарға - _______ **.
      **Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау кезінде айқындалатын болады.»;
      «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде:
      реттік нөмірі 2.2-жол алынып тасталсын;
      6-бағанда:
      реттік нөмірі 2.1-жолдағы «150,0*» деген сандар «161,0» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 2.3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «2011 жыл – 15,5
      2012 жыл – 50,0**»;
      реттік нөмірі 3.1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

3.1

«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқаруды мемлекеттік қолдау

Қазақстан Респуб ликасының Үкіметіне ақпарат

ЭДСМ,
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 – 2020 жылдар

2012 жыл – 1 000,0** млн. теңге;
2013 жыл – 14 000,0** млн. теңге;
2014 жыл – 15 000,0** млн. теңге;
2015-2020 – **

Республика лық бюджет

»

      мына:

«

2011 – 2020 жылдарға арналған Бағдарлама бойынша барлығы


2011 жыл*
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет


1075
1000

75

2012 – 2020 жылдар**



»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«


Республикалық бюджеттен барлық қаражат




2011 жыл – 176,5 млн. теңге;
2012 жыл – 1 050,0** млн. теңге;
2013 жыл – 14 000,0** млн. теңге;
2014 жыл – 15 000,0** млн. теңге;
2015-2020 - **


»;

      ескертпеде:
      «*Бағдарламаны қаржыландырудың 2011 жылға арналған көлемі 2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау кезінде түзілетін болады.» деген жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов