Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылдық округі Елек ауылының Садовая көшесінің атауын қайта атау туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 26 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 қыркүйекте № 3-9-149 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімінің 28.11.2014 № 38 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі бүкіл мәтіні бойынша "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімінің 28.11.2014 № 38 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына сәйкес ауыл халқының пікірін ескере отырып, Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімінің 14.03.2017 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Ақкемер ауылдық округі Елек ауылының Садовая көшесінің атауы Әли Жұмабаев көшесіне деп қайта аталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақкемер ауылдық округінің әкімі Ә.Қалмұрзаев