Бестау ауылы көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бестау ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 8 тамызда № 3-7-114 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің орыс тілдегі атауында және бүкіл мәтін бойынша "аульного", "аула" деген сөздер тиісінше "сельского", "села" деген сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бестау ауылдық округі әкімінің 12.12.2014 № 5 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бестау ауылдық округі әкімінің 06.03.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бестау ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 27 мамырдағы № 2 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Бестау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бестау ауылдық округі әкімінің 06.03.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Бестау ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
      1) Әліби Жангелдин көшесі;
      2) Мұхтар Әуезов көшесі;
      3) Виктор Пацаев көшесі.
      2. Бестау ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
      1) Октябрьская көшесі – Жастар көшесі;
      2) Ленина көшесі – Астана көшесі;
      3) Белогорская көшесі – Достық көшесі;
      4) Степная көшесі – Бірлік көшесі;
      5) Восточная көшесі – Шығыс көшесі;
      6) Западная көшесі – Батыс көшесі;
      7) Школьная көшесі – Мектеп көшесі;
      8) Юбилейная көшесі –Мерейтой көшесі.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі О. Бойченко