Комсомол ауылының жаңа көшелеріне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 106 шешімі. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 желтоқсанда № 3-2-125 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылдық округінің әкімінің 15.02.2016 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, халықтың пікірін ескере отырып, Комсомол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Комсомол ауылының көшелеріне келесі атаулары берілсін:
      1) "Жалаңтөс Баһадүр"
      2) "Телжан Шонанұлы"
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Комсомол ауылдық округінің әкімінің орынбасары О.Б.Ертаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Комсомол ауылдық округінің әкімі

М Аяғанұлы