Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № А-3/526 "2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № А-6/1265 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 шілдеде № 1-1-151 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № А-11/1923 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 10.11.2015 № А-11/1923 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде (№ 1-1-140 тіркелген, 2011 жылғы 7 сәуірдегі «Көкшетау», «Степной маяк» газеттерінде жарияланған) «2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» № А-3/526 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген қаулының, 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 М.Батырханов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облыстық денсаулық
      сақтау басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        К.К.Тәшметов

      «Қазақстан Республикасының
      Ішкі Істер министрлігі Ақмола
      облысының ішкі істер департаменті
      Көкшетау қаласының Ішкі істер
      басқармасы» мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы               Т.С.Асылбеков

      «Көкшетау қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С.К.Балғожинов

Көкшетау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ А-6/1265 қаулысымен
қосымшасы бекітілді

Көкшетау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 16 наурыздағы
№ А-3/526 қаулысымен
№ 1 қосымшасы бекітілді

Қалалық шақыру комиссиясының құрамы

1.

Балгожинов
Серік Кенесұлы

«Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығы,
комиссия төрағасы

2.

Ысқақов Азамат Маратұлы

Көкшетау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-
бақылау бөлімінің бас маманы

Комиссия мүшелері:

3.

Балғожин Айбек Тоқтарұлы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының ішкі істер департаменті Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

4.

Волкова
Ирина Геннадьевна

Ақмола облысы денсаулық
сақтау басқармасы жанындағы «Қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының дәрігер-
терапевт, медициналық комиссияның төрайымы
(келісім бойынша)

5.

Сарсенбаева
Айгүл Аманкельдіқызы

Ақмола облысы денсаулық
сақтау басқармасы жанындағы «Қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының медбикесі– комиссияның хатшысы (келісім бойынша)