Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызме

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 221 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 ақпанда № 7407 тіркелді

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 35-бабы 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5573 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарификация бірліктерінің өлшемдерінде:
      4-тармағында:
      1) тармақша келесі мазмұнда жазылсын:
      "1) жергілікті, аймақішілік, қалааралық телефондық трафикті, IP-телефония операторларының телефондық трафикті – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);";
      2) тармақша келесі мазмұнда жазылсын:
      "2) халықаралық телефондық трафикті – 30 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 10 секунд);";
      5-тармағында:
      1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары келесі мазмұнда жазылсын:
      "байланыс операторларының телекоммуникация желі ішінде – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);
      басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне шығу – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);";
      2) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары келесі мазмұнда жазылсын:
      "таяу және алыс шетел желілерінде қосылуларды ұсыну кезінде – 30 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 10 секунд);
      басқа байланыс операторлар желісінен таяу және алыс шетел желілеріне қосылуларды ұсыну кезінде – 30 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 10 секунд);";
      4) тармақша келесі мазмұнда жазылсын:
      "4) халықаралық роуминг кезінде ұялы байланыс – 30 секунд (2013 жылғы 1 қаңтардан – 10 секунд).".
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р.Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С.Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      қауіпсіздік комитетінің төрағасы
      ________________ Н.Ә.Әбіқаев
      2011 жылғы "____" ___________