"Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 614 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 желтоқсанда № 7351 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.13 № 1196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінде:
      1.2-тармақта:
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «басты жол - 2.1, 2.3.1-2.3.3 белгілерімен белгіленген немесе 5.1 белгісі бар жолдармен қиылысатын (қосылатын) не болмаса қиыршық тас төселген жолдарға қатысты қатты (асфальтталған, цементті-бетондалған, тыс материалдар және сол сияқты) жол. Екінші дәрежелі жолда, тікелей учаске қиылысы алдындағы төселген жол болғанымен, қиылысатын жолмен тең болып саналмайды;»;
      мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «газон (гүлзар) - қалалық жер тізілімінде «газон» («гүлзар») ретінде айқындалған, айқын белгіленген шекаралары бар жер учаскесі;»;
      мынадай мазмұндағы жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:
      «жүксіз масса - көлік құралының экипажысыз, жолаушылар мен жүксіз, бірақ толық отын қоры мен қажетті құрал-сайман жиынтығы бар массасы;
      жүкті масса - тиелген көлік құралының, экипаж бен жолаушылардың нақты массасы;»;
      мынадай мазмұндағы жиырма бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдау - жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтініштері) бойынша автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, тасымалдаушылар көрсететін көлік қызметтері;»
      отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «жол қиылысы - жолдардың, тиісінше қарама-қарсы, жол қиылысы ортасынан неғұрлым алыстатылған қиылысты белгіленген сызықтармен қосатын бір деңгейде қиылысу, түйісу немесе тармақталу орны. Олардың алдынан басымдылық белгісі қойылмаған далалық, орманды және екінші дәрежелі жолдармен қиып өту, (түйісу) орындары жол қиылысы болып саналмайды;»;
      қырқыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «қозғалысқа кедергі - осы жол жолағы бойымен қозғалысты жалғастыруға мүмкіндік бермейтін қозғалыс жолағындағы қозғалмайтын объект. Кептеліс және Ереже талаптарына сәйкес осы қозғалыс жолағында тоқтаған көлік құралы кедергі болып табылмайды;»;
      қырық бірінші абзац алып тасталсын;
      2.1.1-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткендігі туралы құжат»;
      2.1.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.1.2. Қауіпсіздік белдігімен жабдықталған көлік құралдарында қозғалыс кезінде белдіктенген болуы, белдік тақпаған жолаушыларды тасымалдамау.
      Мотоциклді басқарған кезде түймеленген мотошлем киюге және түймеленген мотошлем кимеген жолаушыны тасымалдамау.»;
      2.7.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.7.2. Ақауы бар немесе мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралдарын пайдалануға.»;
      3.3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3.3. Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда көру шегінде - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.»;
      4.2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «көлік құралының қозғалысы кезінде оның есігін ашуға, сондай-ақ терезе ойығынан, люктен басын шығаруға;»;
      6.4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6.4. Сарғыш қызыл немесе сары түсті жарқылдауық маягі іске қосулы көлік құралдарының жүргізушілері жол үстінде құрылыс, жөндеу немесе жинау жұмыстарын орындау кезінде жеке күзет ұйымдарының жедел ден қою ұтқыр топтары қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартымен жол белгілері (2.2, 2.4-2.6, 3.11-3.14, 3.17.2, 3.20 белгілерінен басқа) мен таңбаларының, сондай-ақ Ереженің 9.4-9.8 және 16.1-тармақтарының талаптарын орындамауы мүмкін.»;
      8.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8.3. Екінші дәрежелі жолдан шығу кезінде жүргізуші жолда қозғалып келе жатқан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерге, ал жолдан кірген кезде -жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге, ол кесіп өтетін қозғалысқа жол беруі тиіс.»;
      12.4-тармақта:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «темір жол өтпелерінде, тоннельдерде;»;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «эстакадаларда, көпірлерде, жол құбырларында (егер осы бағыттағы қозғалыс үшін кемінде үш жолақ болса) және олардың астында (жолақтардың санына қарамастан);»;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «аялдама алаңдарында және оларға 15 м жақын жерде, ал ол жоқ болғанда маршруттық көлік құралдары мен такси аялдамасының көрсеткішінен 15 м жақын жерде;»;
      13.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13.1. Оңға немесе солға бұрылған кезде жүргізуші ол бұрылатын жолдың жүріс бөлігін өзінің қозғалыс бағыты бойынша кесіп өтетін жаяу жүргіншіге, оны велосипед жолымен кесіп өтетін велосипедшіге және 5.9 (18.2-тармағын ескере отырып) белгісімен белгіленген жол жолағы бойымен қозғалып келе жатқан маршруттық көлік құралдарына жол беруге міндетті.»;
      19.10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19.10. Сарғыш қызыл немесе сары түсті жарқылдауық маяк жолдарды салу, жөндеу немесе ұстау, бұзылған, жарамсыз және өзге де көлік құралдарын тиеу және тасымалдау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде көлік құралдарында; ауыр салмақты, ірі көлемді жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде көлік құралдарында; ауыр салмақты, ірі көлемді және қауіпті жүктердің тасымалдарына ілесіп жүретін көлік құралдарында; ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустарда, күзетілетін объектілерге рұқсатсыз кірген кезде жеке күзет ұйымдары ұтқыр топтарының көлік құралдары қосылуы тиіс.»;
      22.8-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларға арналған ұстап тұру арнайы құрылғысы болмағанда.»;
      24.4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көлік-арба (шана) жүргізушісі шектеулі шолынатын жерлерде екінші дәрежелі жолдан жолға шығу кезінде малды жүгенінен ұстап алып жүруі тиіс.»;
      2) көрсеткен қаулымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерінде:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелер «Транзит» деген тіркеу белгісінің қолданылу мерзімі ішінде не сатып алған немесе кедендік декларацияланған сәттен бастап 10 тәуліктен кешіктірілмей жол полициясында тіркелуі тиіс.»;
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Механикалық көлік құралдарында (трамвайлар мен троллейбустардан басқа) және тіркемелерде осы үшін көзделген орындарда тиісті үлгідегі тіркеу белгілері, ал автомобильдерде бұдан басқа, маңдай әйнегінің төменгі оң бұрышында мемлекеттік немесе міндетті техникалық қараудан өткендігі туралы талон орналастырылады.»;
      13-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттік немесе міндетті техникалық қараудан өтпеген, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралдарына;»;
      14-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «оларды пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтары бар көлік құралдарын жолға шығаруға немесе тиісті рұқсатсыз жабдықталған немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе мемлекеттік немесе міндетті техникалық қараудан өтпеген, сондай-ақ иелері заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамаған көлік құралдарын жолға шығаруға;»;
      мынадай мазмұндағы 7.17-тармақпен толықтырылсын:
      «7.17. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің әріптік және сандық белгілерін жасыруға мүмкіндік беретін перделер орнатылған.».
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Жеке күзет ұйымдарының ұтқыр жедел ден қою топтары.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов