Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің, спорттық медицина және оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 02-02-18/198 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 23 желтоқсанда № 7341 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 109 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.11.2014 № 109 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің, спорттық медицина және оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
      2. Стратегиялық жоспарлау департаменті (Д.Ү.Қамзебаева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын.
      3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ғ.Т. Әбілова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Спорт комитеті (Е.Б.Қанағатов) аталған бұйрықты ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі М.Е. Омаровқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Т. Ермегияев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі
      ____________ С. Қайырбекова
      1 қараша 2011 жыл

Қазақстан Республикасы   
Туризм және спорт министрінің
2011 жылғы 4 қазандағы 
№ 02-02-18/198 бұйрығымен 
бекітілді        

Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің, спорттық
медицина және оңалту орталықтарының қызметін
ұйымдастыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің, спорттық медицина және оңалту орталықтарының меншік түріне қарамастан қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
      2. Осы ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері (бұдан әрі - диспансер) - дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрігерлік бақылауға, емдік дене шынықтыруға және оңалтуға арналған медициналық ұйым;
      2) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық маңызы бар бұйымдар мен медициналық техниканың айналымын, медициналық қызметтің көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      4) медициналық оңалту - науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені.
      5) медициналық қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылы;
      6) спорт медицинасы және оңалту орталығы (бұдан әрі - орталық) - спортшыны қалпына келтіру, алдын алу және оңалту іс-шараларын, медициналық-биологиялық препараттарды қолдану қауіпсіздігін және олардың тиімділігін қамтамасыз ететін медициналық ұйым.
      3. Диспансер және орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Лицензиялау туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, осы Ережені және басқа да денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
      4. Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-1-бабына сәйкес диспансер және орталық дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысының субъектісі болып табылады.
      5. Емдік дене шынықтыру және дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды оңалту бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында диспансердің қызметін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы қамтамасыз етеді.

2. Диспансердің және орталықтың медициналық
қызметін ұйымдастыру

      6. Орталықтың қызметі жоғарғы жетістіктер спортын медициналық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының спортшыларына медициналық қызмет көрсету мақсатында құрылады.
      7. Диспансердің қызметі медициналық көмекке қол жетімділігін қамтамасыз ету, спортшыларды және дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушыларды тұрғылықты жері бойынша дәрігерлік және динамикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.
      8. Диспансер және орталық өз қызметін жүзеге асыратын қызметін оңтайландыру мақсатында профильдік жұмыстар бойынша медициналық, спорттық, білім беру, қоғамдық ұйымдармен үйлестіреді.
      9. Диспансерге және орталыққа тікелей басшылықты құрылтайшы (құрылтайшылар) шешімімен лауазымға тағайындалатын және босатылатын директор - бас дәрігер жүзеге асырады.
      10. Диспансердің (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және орталықтың контингенті споршылардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушы тұлғалардың тізімнен тұрады.
      Спортшылардың контингенті спорт ұйымдарының ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады және дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық және/немесе жергілікті атқарушы органдармен бекітіледі.
      11. Медициналық қызмет түрлері мен нысандары диспансердің және орталықтың Жарғысымен анықталады.

3. Диспансердің міндеттері мен функциялары

      12. Диспансердің міндеттері мыналар болып табылады:
      1) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз етуді, дәрігерлік бақылауды, емдік дене шынықтыруды және оңалтуды жүзеге асыру;
      2) жарыстарды өткiзу кезінде медициналық қамтамасыз етуді және оқу-жаттығу жұмыстарын, оқу-жаттығу жиындарын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      3) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз ету бойынша жалпы емдік желілер ұйымдарының қызметін үйлестіру;
      4) дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы халықтың әртүрлі жастағы және кәсіби топтарын сауықтыру, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
      13. Диспансердің функциялары мыналар болып табылады:
      1) дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын тұлғалардың денсаулығын бақылау немесе медициналық қамтамасыз ету, басқа спорт түрлері мен жарыстарға қатысуға рұқсат беру;
      2) спорттық іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету;
      3) спортшылар денсаулығының жағдайына диспансерлік бақылауды жүзеге асыру, олардың тексерілуін уақытылы жүргізу, емдеу және қайта қалпына келтіру;
      4) шұғылданушылардың жаттығу және денсаулық деңгейін көтеруге жәрдемдесетін санитарлық-гигиеналық жай-күйінің оңтайлы жағдайларын әзірлеу және негіздеу;
      5) шұғылданушылардың денсаулықтарының ауытқуының, ауруларының және спорттық жарақаттарының себептеріне талдау жүргізу, олардың алдын-алу және емдеу бойынша іс-шаралар әзірлеу;
      6) дене шынықтыру және спортпен шұғылданушыларға медициналық қызмет көрсету әдістері мен нысандарын әзірлеу, олардың денсаулық жағдайларын, денсаулығы мен функционалдық жағдайлары деңгейін анықтау;
      7) шұғылданатындардың ағзасына кері әсерін тигізетін сыртқы орта факторларының зиянды әсерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар жүйесін жүзеге асыру;
      8) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ әртүрлі жастағы халықты қалпына келтіріп емдеуде емдік дене шынықтыру әдісін пайдаланатын мекемелердің/ұйымдардың бөлімшелердің қызметіне ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
      9) дәрігерлік-дене шынықтыру қызметі бойынша тәжірибе жинақтау, конференциялар, кеңестер өткізу;
      10) балалардың, оқушылардың дене тәрбиесі және дамуы тұрғысынан медициналық педагогикалық бақылау мәселелері бойынша мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелердің, мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының медициналық қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді ұйымдастыру;
      11) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушыларды медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру, аурулардың алдын алу және жарақаттарды емдік дене шынықтыру әдісімен емдеу бойынша денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдарға, спорттық ұйымдарға ұсыныс жасау.

4. Диспансердің және орталықтың міндеттері мен функциялары

      14. Орталықтың міндеттері мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан құрама командасы спортшыларын диагностикалауды, емдеуді қайта оңалтуды және қалпына келтіруді жүзеге асыру;
      2) оқу-жаттығу жиындарын, жаттығу сабақтары мен жарыстарды өткізу кезінде спортшыларды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
      15. Орталықтың функциялары мыналар болып табылады:
      1) спортшылардың денсаулығын бақылау немесе медициналық қамтамасыз ету, басқа спорт түрлері мен жарыстарға қатысуға рұқсат беру;
      2) орталыққа бекітілген спортшылардың медициналық тексеру жүргізу: тереңдетілген медициналық тексеру (соның ішінде, спортпен шұғылдануға дейінгі бастапқы тексеру), кезеңдік медициналық тексеру, жарыс алды тексеру, ағымдағы тексеру, қосымша медициналық тексеру;
      3) спортшылардың және спортпен шұғылданушылардың ауруларының және жарақаттарының салдарын медициналық оңалту және емдеу;
      4) дене шынықтыру әдістері және құралдары арқылы мүгедек-спортшыларды және ақыл-есі шектеулі адамдарды медициналық оңалтуды жүзеге асыру, төмендеген немесе жоғалған функцияларын қалпына келтіру үшін емдік дене шынықтыру әдістерін пайдалана отырып, науқастарды іріктеу және оқыту;
      5) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ әртүрлі жастағы халықты қалпына келтіріп емдеуде емдік дене шынықтыру әдісін пайдаланатын мекемелердің/ұйымдардың бөлімшелердің қызметіне ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
      6) дәрігерлік-дене шынықтыру қызметі бойынша тәжірибе жинақтау, конференциялар, кеңестер өткізу;
      7) балалардың, оқушылардың дене тәрбиесі және дамуы тұрғысынан медициналық педагогикалық бақылау мәселелері бойынша мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелердің, мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының медициналық қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді ұйымдастыру;
      8) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушыларды медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру, аурулардың алдын алу және жарақаттарды емдік дене шынықтыру әдісімен емдеу бойынша денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдарға, спорттық ұйымдарға ұсыныс жасау.

5. Диспансердің және орталықтың құрылымы

      16. Диспансердің және орталықтың құрылымы және штат саны штат санының және еңбекақы қорының шегінде құрылтайшының (құрылтайшылардың) келісімі бойынша директор - бас дәрігер әзірлейді және бекітеді.
      17. Міндетті бөлімдер (кабинеттер):
      1) спорттық медицина бөлімі немесе кабинеті;
      2) емдік дене шынықтыру және массаж бөлімі немесе кабинеті;
      3) функционалдық диагностика бөлімі немесе кабинеті;
      4) күндізгі стационар;
      5) клиникалық-биохимиялық лаборатория;
      6) ұйымдастыру-әдістемелік кабинеті;
      7) профильді мамандар дәрігерлерінің кабинеті;
      8) физиотерапиялық бөлім немесе кабинет;
      9) ине рефлекс терапиясы кабинеті;
      10) рентгенологиялық кабинет;
      11) тіркеу.
      18. Диспансердің және орталықтың штат санына сәйкес қосымша медициналық және әкімшілік-шаруашылық бөлімшелер мен лауазымдар ұйғарылады.
      19. Спорттық медицина бөлімі (кабинеті);
      1) тереңдетілген медициналық тексеруді;
      2) ағымдық кезеңдік тексеруді;
      3) спорттық еңбекке жарамдылықты, уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптауды, спорт түрлері бойынша жаттығуларға рұқсат беру мәселесін шешуді;
      4) жарақаттан және аурудан кейінгі спорттық қабілеттілігін қалпына келтіру мен арттыру жөнінде емдік - алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруды және өткізуді;
      5) спорттық-бұқаралық іс-шараларды, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      20. Емдік дене шынықтыру бөлімі (кабинеті) емдік-дене шынықтыру әдістерін қолдану мәселелері бойынша жоғалған функцияларын өтеу немесе қалпына келтіру мақсатында және оларды өткізу мен тиімділігін бақылауды жүзеге асырудың емдік - кеңестерін қабылдауды жүзеге асырады.
      21. Функционалдық диагностика бөлімі (кабинеті) функционалдық диагностика әдісін өткізуді және зерттеуді жүзеге асырады.
      22. Күндiзгi стационар тәулiк бойы дәрiгерлiк бақылау талап етпейтiн ауруларға алдын алу, диагностикалық, емдiк және оңалту шараларын өткiзуді жүзеге асырады.
      23. Клиникалық-биохимиялық лаборатория клиникалық-лабораториялық және биохимиялық зерттеу өткізуді жүзеге асырады.
      24. Ұйымдастыру-әдістемелік кабинеті ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі консультацияларды жүзеге асырады.
      25. Профильді мамандар дәрігерлерінің кабинеті профиль бойынша алдын алу, диагностикалық, емдiк және оңалту шараларын өткiзуді жүзеге асырады.
      26. Физиотерапиялық кабинет терапияның физикалық әдістерін жүзеге асырады.
      27. Ине рефлекс терапиясы кабинеті емдік, алдын алу және оңалту шараларын рефлексотерапия арқылы жүзеге асырады.
      28. Рентгенологиялық кабинет рентгендік диагностикалық тексеруді жүзеге асырады.
      29. Тіркеу диспансерге және орталыққа келушілерді тіркеуді және медициналық құжаттарын толтыруды жүзеге асырады.