"Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2011 жылғы 24 қарашадағы № 597 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 қарашада N 7317 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 71 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
      3 «Елді-мекендерді көркейту» функционалдық кіші тобында:
      458 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай мазмұндағы 035 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «035 Семей ядролық полигонының жабылуының 20 жылдығына орайластырылған іс-шараларды өткізуге байланысты Семей қаласының инфрақұрылымын абаттандыру және жөндеу»;
      10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
      9 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      212 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 077 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «077 Салықтық және өзге де берешектерді өтеу»;
      шығыстардың экономикалық сыныптамасында:
      1 «Ағымдағы шығындар» санатта:
      02 «Сыйақылар төлеу» сыныбында:
      210 «Ішкі қарыздар бойынша сыйақы төлемдері» кіші сыныбында:
      212 «Республикалық бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақы төлемдері» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «212 Жоғары тұрған бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақы төлемдері»;
      5 «Қарыздарды өтеу» санатта:
      07 «Қарыздарды өтеу» сыныбында:
      710 «Ішкі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу» кіші сыныбында:
      мынадай мазмұндағы 714, 715 ерекшеліктермен толықтырылсын:
      «714 Бюджет кредиттерінің пайдаланылмаған сомасын қайтару
      715 Бюджеттік кредиттерді мақсатсыз пайдаланудың сомаларын қайтару»;
      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
      Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
      210 кіші сыныбында:
      212 «Республикалық бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақылар төлемдерi» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жоғары тұрған бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақы төлемдері (мүдделер)»;
      «Анықтама» бағанында:
      «Республикалық бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақы төлемдері (мүдделер)» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жоғары тұрған бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақы төлемдері (мүдделер)»;
      2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                               Р. Дәленов