Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында алғашқы қоныстандыру қағидаларын және олардың уақытша орналастыру орталықтарында болу мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 570 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 қарашада N 7310 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 328-ө-м бұйрығымен

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
      1 «Құқық қорғау қызметі» функционалдық кіші тобында:
      201 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 «Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
      100 «Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету», 101 «Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін үйлестіру жөніндегі қызметтер» бюджеттік кіші бағдарламалары алып тасталсын;
      07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
      2 «Коммуналдық шаруашылық» функционалдық кіші тобында:
      279 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай редакцияда жазылсын:
      «279 Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;
      3 «Елді-мекендерді көркейту» функционалдық кіші тобында:
      279 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай редакцияда жазылсын:
      «279 Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;
      09 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында:
      9 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      279 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай редакцияда жазылсын:
      «279 Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;
      10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
      2 «Су шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
      279 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай редакцияда жазылсын:
      «279 Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;
      13 «Басқалар» функционалдық тобында:
      9 «Басқалар» функционалдық кіші тобында:
      279 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай редакцияда жазылсын:
      «279 Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;.
      2. Бюджеттік процесі әдіснамасы департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев