Бағалау қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 354 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрдің м.а. 2011 жылғы 21 қазандағы N 339 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 қарашада № 7301 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 147 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 149 Бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 04.04.2016 № 147 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.03.2016 № 149 Бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабының 1-тармағын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған бағалау қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оның ресми жариялауын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6272 тіркелген және 24.11.2010 жылғы № 319 (26380) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жыл, № 15 (Тиражға шыққан уақыты 25.11.2010 ж.) «Мүлікті бағалау бойынша қызмет саласындағы тексерулер бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегi № 18 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегi № 139 бірлескен бұйрығының күші жойылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі                  Экономикалық даму және
      ___________ Р. Түсіпбеков        сауда министрдің м.а.
                                       ___________ М. Құсайынов

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің  
2011 жылғы 31 қазандағы № 354 және    
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму 
және сауда министрдің м.а.         
2011 жылғы 21 қазандағы № 339       
Бірлескен бұйрығымен бекітілген       

нысан

ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерісті тағайындау туралы акт ____________________________________
                                             (№, күні)
Лицензиаттың атауы немесе А.Ә.Т. ____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
ЖСН/БСН (егер ол болса) _____________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан мекен-жайы _______________________________________________
_____________________________________________________________________


N

Талаптар тізімі

Ия

Жоқ


1.

Мүлікті бағалау, зияткерлік меншікті, материалдық емес активтер құнын бағалау қызметтерімен айналысу лицензиясының болмауы



2.

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы № 109 Заңының 8-бабына сәйкес, бағалау жүргізу шартында мыналар қамтылуға тиіс:
1) бағалаушы мен тапсырыс берушінің реквизиттері:
жеке тұлға үшін (ЖК) — тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса), тұрғылықты жері;
заңды тұлға үшін - атауы, орналасқан жері (пошталық мекен-жайы), банктік реквизиттері;



2) бағалау объектісінің атауы және (немесе) орналасқан жері, бағалау түрі;

3) бағалау объектісінің түрі көрсетілсін;

4) бағалау жүргізу мерзімдері;

5) көрсетілген қызмет үшін төлеу жағдайлары, тәртібі мен мөлшері;

6) тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы;

7) бағалау объектісіне тапсырыс берушінің меншік құқығын растайтын құжаттардың реквизиттері, не бағалау туралы шарт жасауға тапсырыс берушіге құқық беретін өзге де негіздер;

8) мүлікті бағалау бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның реквизиттері (оны берген орган көрсетіліп, лицензияның берілу күні мен нөмірі).

3.

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы № 109 Заңының 9-бабына сәйкес, бағалау туралы есепте мыналар көрсетілуге тиіс:



1) бағалаушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса);

2) мүлікті бағалау бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның нөмірі мен берілген күні;

3) есептің жасалған күні және бағалау күні;

4) бағалау объектісінің (объектілерінің) атауы және (немесе) орналасқан жері және сипаттамасы;

5) бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын бағалау тәсілдері мен бағалау әдістері;

6) үш тәсілдің, әдістердің мәнін қысқаша жазу және осы есепте қолданылған тәсілдерді талдауды негіздеу.

Есептің сипаттама бөлімінде көрсетілуі тиіс:

7) бағалау объектісін байқау күні;

8) объектінің сипаттамасы мен жағдайы;

9) объектінің құрамы;

10) бағалау объектісінің нысанасы мен ағымдағы пайдаланылуы;

11) бағалау объектісінің орналасқан жерінің сипаттамасы;

12) олардың құрамы тиесілі стандарттарда бекітілген бағаланатын объектінің негізгі сипаттамаларының сипаттамасы;

13) объектіні бағалау мақсаты, мүліктік құқықтар мен шектеулердің сипаттамасы, бағалау түрі;

14) бағалау әдістерін таңдау негіздері және бағаланатын объектінің нарықтық немесе өзге құнын белгілеу үшін пайдаланылатын әрбір әдістің мәнін қысқаша жазу

15) бағалау стандарттары, соның ішінде халықаралық бағалау стандарттары (БҚЗ 2б. 2т.) және бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын басқа да нормативтік құқықтық актілер;

16) бағалау нәтижелерін келісімге беру және бағаланатын объектінің қорытынды құнын анықтау;

17) Есептің қорытынды бөлімінде объекті құнының шамасы туралы бағалау күніндегі жағдайы бойынша қорытынды шешім болуы тиіс.

4.

Бағалаушының тәуелсіздік талаптарын сақтауы:



1) бағалаушы заңды тұлға-тапсырыс беруші үшін акционер, құрылтайшы, қызметкер, меншік иесі, қатысушы, несие беруші, дебитор, демеуші болып табылмауы тиіс;

2) бағалаушы жеке тұлға-тапсырыс беруші үшін жақын туысы немесе жекжаты болып табылмауы тиіс;

3) бағалаушы – заңды тұлға басшысы не ол уәкілеттік берген адам тапсырыс беруші - жеке тұлғамен және (немесе) заңды тұлғаның басшысымен не ол уәкілеттік берген адаммен жақын туыстық немесе жекжаттық қарым-қатынаста болса, бағалауды жүргізе алмайды.

5.

Объектіні тікелей зерттеуді жүзеге асыру және тапсырыс берушіге бағалау туралы есепті беру



6.

Бағалау жүргізуге хронологиялық тәртіпте шарттардың нөмірлері көрсетілген бағалау туралы есептерді тіркеу кітабының болуы



7.

Жасалған бағалау туралы есептерді 5 жыл ішінде сақтау жөніндегі талаптарды сақтау



8.

Бір бағалаушылар палатасында мүшелікті растау



9.

Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау және мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау бойынша қызметтің біліктілік талаптарына сәйкестілігі:
1) заңды тұлға штатында мүлікті бағалау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар екіден кем емес қызметкердің болуы



10.

Бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің сақтандыруының болуы



Лауазымды тұлғалар:

____________________________________ ___________ ___________________
      (Аты-жөні, лауазымы)              (қолы)        (аты-жөні)

____________________________________ ___________ ___________________
      (Аты-жөні, лауазымы)              (қолы)        (аты-жөні)

Лицензиат:

_______________________________________________  ___________________
      (Аты-жөні, лауазымы)                               (қолы)