БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
1 «Құқық қорғау қызметі» функционалдық кіші тобында:
201 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
100 «Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету», 101 «Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін үйлестіру жөніндегі қызметтер» бюджеттік кіші бағдарламалары алып тасталсын;
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
2 «Коммуналдық шаруашылық» функционалдық кіші тобында:
279 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай редакцияда жазылсын:
«279 Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;
3 «Елді-мекендерді көркейту» функционалдық кіші тобында:
279 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай редакцияда жазылсын:
«279 Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;
09 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында:
9 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
279 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай редакцияда жазылсын:
«279 Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;
10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
2 «Су шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
279 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай редакцияда жазылсын:
«279 Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;
13 «Басқалар» функционалдық тобында:
9 «Басқалар» функционалдық кіші тобында:
279 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай редакцияда жазылсын:
«279 Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;.
2. Бюджеттік процесі әдіснамасы департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев