"Салалық марапаттау жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы N 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 693 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 19 қазанда № 7270 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.05.2015 № 429 (оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Салалық марапаттау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5876 тіркелген, 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 187 Заң газетінде жарияланған) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі марапаттауының мынадай түрлері бекітілсін:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттау;
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғысын жариялау;
      3) ақшалай сыйақы беру.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 236-бабына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін ақшалай сыйақы түрінде марапаттау лауазымдық міндеттерін мінсіз адал атқарғаны, жұмыстарды, оның ішінде ерекше қиын және шұғыл жұмыстарды жоғары сапалы орындағаны үшін, бастамасы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін жүзеге асырылады.
      Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - БМСК) ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлеріне ақшалай сыйақы беру БМСК тарифіне қосымша компонентке нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.
      БМСК ұйымдарының қол жеткізген жұмыстарының нәтижелері үшін БМСК әлеуметтік қызметкерлеріне ақшалай сыйақы төлеуге арналған қаржылық қаражат қоры «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 тіркелген) (бұдан әрі - Әдістеме) белгіленген БМСК медицина қызметкерлері үшін қаржылық қаражат қорын жасау тетігіне ұқсас жасалады.
      Ақшалай сыйақы төлеуге арналған қаражатты бөлу, БМСК әлеуметтік қызметкерлеріне ақшалай сыйақы мөлшерін анықтау БМСК ұйымдарының немесе денсаулық сақтау ұйымдарының оның құрамына осы БМСК (бөлімше) Ұйымдары кіретін, бірінші басшының бұйрығымен құрылған комиссия «Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 310 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6972 тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасына байланысты республикалық бюджеттен бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша берілетін компонентке қаржы бөлу есебінен еңбекақы төлеу қағидаларымен (бұдан әрі - Қағида) анықталған БМСК медицина қызметкерлеріне ынталандыратын үстемеақы белуге ұқсас айқындалады.
      БМСК әлеуметтік қызметкерлеріне ақшалай сыйақы төлеу Қағидаға және Әдістеменің 5-бөліміне сәйкес БМСК медицина қызметкерлеріне ынталандыру сипатында қосымша ақы төлеуге жүзеге асыруға ұқсас жүзеге асырылады.
      БМСК ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлері үшін ақшалай сыйақы сомасын анықтау үдерісі Медицина қызметкерлері үшін Әдістемеде белгіленген БМСК тарифіне қосымша компонент сомасын анықтау рәсіміне ұқсас мынадай алгоритм бойынша анықталады:
      1) әрбір БМСК ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлері үшін индикаторлар мәнінің интегралды (кешенді) көрсеткіші баллдар бойынша мынадай:
      әлеуметтік қызметкерлер қызметін бағалау осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес БМСК ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлері жұмысының қол жеткізілген нәтижелерін бағалау индикаторлары арқылы жүзеге асырылатын;
      БМСК ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлер қызметін бағалау индикаторлары үшін осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кодтар тізбесі пайдаланылатын ерекшеліктерді қоспағанда Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлері үшін соманы бөлу кезінде индикаторлар мәнінің интегралды көрсеткішін анықтау рәсіміне ұқсас анықталады;
      2) осы Бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес әрбір БМСК ұйымының әлеуметтік қызметкерлер үшін ақшалай сыйақы сомасы теңгемен есептеледі;
      3) ішкі құрылымдық бөлімшелердің әлеуметтік қызметкерлері үшін ақшалай сыйақы сомасын анықтау Қағидаға сәйкес ынталандыру компоненті төлемдерінің сомасын бөлуге ұқсас көрсетілген кезеңге еңбекақы қорының қатынасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      Бұйрықтың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласындағы құрметті атақтарды беру ережесі бекітілсін.»;
      Бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласында құрметті атақтарды беру ережелерінде (бұдан әрі - Ереже):
      оң жақ жоғарғы бұрышындағы тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына 4-қосымша».
      Бұйрықтың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.».
      Бұйрыққа қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына 5-қосымша».
      Осы бұйрыққа 123-қосымшаларға сәйкес 123-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Стратегиялық даму департаменті (Б.Т.Төкежанов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д.Құрманғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                              С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 10 қазандағы  
N 693 бұйрығына       
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2009 жылғы 10 қарашадағы  
№ 689 бұйрығына      
1-қосымша         

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлері жұмыстарының қол жеткізілген нәтижелерін бағалау индикаторлары

Индикатордың атауы

Есептеу формуласы

Нешеге санауға

бөлінгіш

бөлгіш

1

2

3

4

5


БМСК ұйымдарына тіркелген тұрғындар ішінен тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызуды қажет етпейтін асқынған созылмалы аурулары бар адамдарды емдеуге жатқызу жағдайлары

БМСК ұйымдарына тіркелген тұрғындар ішінен тәуліктік стационарға емдеуге жатқызуды қажет етпейтін асқынған созылмалы аурулары бар адамдардың емдеуге жатқызқызылғандар саны

БМСК ұйымдарына тіркелген тұрғындар ішінен емдеуге жатқызған барлық науқастар саны

100%

кестенің жалғасы

Коэффициент салмағы

Деректер көзі

1 МҰ* шектік мәні

Кезеңділік (тоқсанына, жылына бір рет)

алымы

бөлімі

6

7

8 1

9

10

2

№ 066/е нысаны Бұйрыққа 2 қосымшаның кестесінде көрсетілген АХЖ-10** кодтары бойынша негізгі диагноз

№ 066/е-н емдеуге жатқызылған науқастар

алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 5%-ға төмендеу

Тоқсан сайын

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      * МҰ - медициналық ұйым;
      **АХЖ - Аурулардың халықаралық жіктемесі 10-шы қайта қаралым

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің 
2011 жылғы 10 қазандағы   
N 693 бұйрығына      
2-қосымша         

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2009 жылғы 10 қарашадағы 
№ 689 бұйрығына     
2-қосымша         

«Тіркелген тұрғындар ішінен тәулікбойы стационарға емдеуге жатқызуды қажет етпейтін асқынған созылмалы аурулары бар адамдарды емдеуге жатқызу деңгейі» индикаторларын есептеу кезінде ескерілетін ауруларға арналған Аурулардың халықаралық жіктемесі (бұдан әрі - АХЖ-10) кодтарының тізбесі

№ р/с

АХЖ-10 кодтары

Аурулардың атауы

1.

D 50

Темір тапшылықты анемия

2.

G 50 - G 64;
G 70 - G 73

Жеке нервілердің, нерв түбіршіктері және өрімдерінің зақымдануы

3.

I 10

Артериялық гипертензия

4.

M 15 - V 19

Артроздар

5

N 10, N 12, N 15

Бүйректің түтік-интерстициалдық аурулары

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 10 қазандағы 
бұйрығына        
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2009 жылғы 10 қарашадағы 
№ 689 бұйрығына    
3-қосымша       

БМСК әлеуметтік қызметкерлері үшін ақшалай сыйақы сомасын есептеу

      1. БМСК әлеуметтік қызметкерлері үшін ақшалай сыйақы сомасын есептеу екі кезеңде жүргізіледі, бұл ретте есептеу бірінші кезеңде өңірлер және БМСК ұйымдарының деңгейіне дейін, ал екінші кезеңде - БМСК ұйымдарының әрбір әлеуметтік қызметкеріне дейін жүзеге асырылады.
      2. БМСК әлеуметтік қызметкерлері үшін ақшалай сыйақы есептеудің бірінші кезеңі мынадай түрде жүзеге асырылады:
      1) БМСК әлеуметтік қызметкерлері үшін ақшалай сыйақы сомасы мынадай формула бойынша анықталады:

Фмұмұ*ССН,

      мұнда, — Фмұ - медициналық ұйымдар бойынша әлеуметтік қызметкерлер үшін ақшалай сыйақы сомасы;
      Смұ - медициналық ұйым бойынша баллдар сомасы;
      ССН - сыйақы ставкасының нормасы немесе 1 балл құны.
      2) медициналық ұйым бойынша балл сомасы (С мұ) мынадай формула бойынша есептеледі:

Смұ = ИПмұ_*Кәққ,

      мұнда, Кәққ - барлық БМСК ұйымдарының арасында әлеуметтік қызметкерлердің ең аз санына аталған БМСК ұйымының әлеуметтік қызметкерлері санының қатынасы ретінде есептелген әлеуметтік қызметкерлер құрамының коэффициенті. Егер БМСК ұйымында әлеуметтік қызметкерлер болмаса, осы коэффициент 0-ге тең, және тиісінше әлеуметтік қызметкерлерді марапаттауға арналған ақшалай сыйақы сомасы 0-ге тең.
      3) сыйақы ставкасының нормасы мынадай формула бойынша анықталады:

ССН=Фжнык//Смұ

      мұнда, Ф жнык — осы есепті кезеңдегі әлеуметтік қызметкерлер үшін ақшалай сыйақыға бөлінген қаржы қаражатының жалпы сомасы,
      Смұ  - осы есепті кезеңдегі барлық ҚР МҰ бойынша нәтижелеу баллдарының жалпы сомасы.
      3. БМСК ұйымының әрбір әлеуметтік қызметкері деңгейіне дейін ақшалай сыйақы сомасын есептеудің екінші кезеңі Қағидалардың 19, 20-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте қаражатты бөлу есептелген жан басына шаққандағы нормативтің ынталандыру компоненті Фәлеум сомасынан жүргізіледі.