Астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгілік нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 06-1/545 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 17 қазанда № 7259 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 28.09.2016 № 809 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 16.07.2015 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысының 16-тармағын іске асыру мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 16.07.2015 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2011 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 321 бұйрығымен    
бекітілген       

Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және
орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге
де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік
органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары,
мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының
және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну
және оларды зерделеу ережесі

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 16.07.2015 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ереже

      1. Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсынудың осы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторинг жүргізу ережесіне сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 16.07.2015 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Ереже уәкілетті органдардың олар қабылдаған актілерді ұсыну және оларды зерделеу тәртібін белгілейді.
      3. Осы Ереже мемлекеттік құпияны қамтитын актілерге немесе олардың жекелеген бөліктеріне қолданылмайды.
      4. Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – орталық мемлекеттік органдар) қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің (бұдан әрі – жергілікті мемлекеттік органдар) тізбесін әділет органдарының зерделеуі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеусіз қолдануға жол бермеу мақсатында жүргізіледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 16.07.2015 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Тізбелерді ұсыну тәртібі

      5. Уәкілетті органдар Тізбелерді осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай мынадай тәртіппен ұсынады:
      орталық мемлекеттік органдар және олардың ведомстволары - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне;
      жергілікті мемлекеттік органдар – аумақтық әділет органдарына.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 16.07.2015 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Тізбелерді зерделеу тәртібі

      6. Әділет органдары Тізбелерді зерделеуді салыстыру нысанында (бұдан әрі – салыстыру) жүргізеді және мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) уәкілетті органдардан алынған ақпараттарды жинақтау,
қорытындылау және талдау;
      2) тоқсан сайынғы талдау анықтамаларын жасау.
      7. Салыстыру кезінде:
      1) уәкілетті органның негізгі қызметі жөніндегі Бұйрықтарды тіркеу Журналының көшірмесі;
      2) тоқсан сайын ұсынылған Тізбелерге сәйкес уәкілетті орган қабылдаған актілердің көшірмелері пайдаланылады.
      8. Уәкілетті органдардың толық және шынайы ақпаратын қамтамасыз ету үшін салыстыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы және аумақтық әділет органының басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.
      Салыстыру аяқталған соң акті жасалады.
      Салыстыру актісінде мынадай мәселелер көрсетілуге жатады:
      1) уәкілетті органның актілерінің зерделеу үшін уақтылы ұсынылуы;
      2) уәкілетті органның өткен тоқсанда қабылдаған актілерінің саны;
      3) уәкілетті органның өткен тоқсанда әділет органында тіркелген нормативтік-құқықтық актілерінің саны;
      4) уәкілетті орган негізгі қызмет жөніндегі Журналдан енгізілген мәліметтерге сәйкес ұсынылған ақпарат есебінің толықтығы.
      Салыстыру актісіне әділет органдарының және уәкілетті органның қызметкерлері қол қояды.
      Салыстыру актісі екі данада жасалады, бір дана әділет органдарында қалады, екіншісі уәкілетті органның лауазымды адамына тапсырылады.

4. Қорытынды ереже

      9. Тізбелерді зерделеу барысында әділет органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу ережесiнің 4-тармағының негізінде тиісті актілерді оларды мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы мәселені шешу үшін сұратады.
      10. Әділет органдары бұзушылықтар анықталған жағдайда әділет органдарына «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 457462 баптарымен, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 714, және 24 баптарымен ұсынылған өкілеттіктерді ескере отырып, тиісті ықпал ету шараларын қабылдайды.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 16.07.2015 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Уәкілетті орган осы уәкілетті органның құзыретіне кірмейтін мәселелер анықталған кезде, ол тиісті ұсынысты осы мәселелер құзыретіне жататын уәкілетті органға жібереді.
      12. Тізбелерді зерделеу нәтижелері туралы қорытынды ақпаратты әділет органдары тоқсан сайын Интернет ресурстарында орналастырады.

 Қазақстан Республикасы министрлерінің
және орталық мемлекеттік органдардың,
олардың ведомстволарының өзге де   
басшыларының қабылданған бұйрықтарының,
орталық мемлекеттік органдардың,   
Орталық сайлау комиссиясының қаулылары,
мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ 
әкімдіктердің қаулыларының және   
әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет
органдарына ұсыну және оларды зерделеу
ережесіне қосымша          

20___жылғы___тоқсанда
______________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
қабылдаған актілер тізбесі

      Ескерту. Қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 16.07.2015 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

актіні қабылдау күні (күні, айы, жылы)

актінің нөмірі

актінің толық атауы
(негізгі актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, негізгі актінің толық атауы)

ескерту

мем.тіркеуге жіберілмеген

мем.тіркеуге жіберілген (ілеспе хаттың күні және нөмірі)

тіркелген (мем.тіркеу күні және нөмірі)

мем.тіркеуден бас тартылған (әділет органдары хатының күні және нөмірі)

Мем.тіркеуден бас тарту алған соң қабылданған шаралар

1

2

3

4

5

6

7

8

9