Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Кредиттік бюроның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 18 шілдедегі № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5310 тіркелген, 2008 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағының № 10, 2008 жылғы 31 қазанда «Заң газеті» газетінде № 166 (1392) жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
«29-1. Кредиттік бюроның бағдарламалық қамтамасыз етуі Кредиттік бюро туралы заңмен белгіленген мерзім ішінде кредиттік тарих субъектісіне қатысты ақпараттың сақталуын, сондай-ақ кредиттік тарихты қалыптастырғаннан бастап кез келген уақыттағы жағдай бойынша кредиттік есептердің бір жұмыс күні ішінде қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Кредиттік бюроның серверлері бас тартатын тұрақты аяқталған жүйеден тұруы тиіс және аппараттық бөлікті жүз пайыз қайталайтын кластерді білдіруі тиіс. Кредиттік бюроның деректер базасының резервтік серверлері негізгі серверден он километрден кем емес аралықта орналасуы және деректер базасының негізгі серверлері жұмысын тоқтатқан жағдайда, кредиттік бюро негізгі сервердің жұмысын тоқтатқан сәттен бастап 6 (алты) сағаттан аспайтын мерзімде резервтік серверлердегі деректер базасының жұмысын қалпына келтіруді қамтамасыз ететіндей кредиттік бюроның деректер базасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрлігі
Министр ___________А. Жұмағалиев
2011 жылғы 16 қыркүйек
(қолы, күні, елтаңбалық мөр)