"Энергетикалық сараптаманы жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 214 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 313 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 қыркүйекте № 7195 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 04 қарашадағы № 343 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 2011.11.01 N 17 Шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасы және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитарлық инспекторының 2011 жылғы 20 мамырындағы N 18 ұсынысы негізінде, Ақтүбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек елді мекенінде ұсақ мүйізді малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды Ақтүбек ауылдық округі әкімі аппаратының мал дәрігерлік бас маманы Бибазаров Асқар Қайпчанұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                М. Төлегенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауылшаруашылығы Министрлігі
      агроөнеркәсіп кешендегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Алакөл аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы                     Арман Маратұлы Қабаев
      08 қыркүйек 2011 жыл

      Алакөл аудандық мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасы бастығы               Фурман Скендірұлы Шағайбаев
      08 қыркүйек 2011 жыл