Ескерту. Күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 25.07.2014 № 289 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 2 желтоқсандағы "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 23-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" № 329 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Стратегиялық жоспарлау департаменті (Д. Қамзебаева) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ғ. Әбілова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. "Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 1 наурыздағы № 06-2-2/69 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2762 болып тіркелген. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 ж. № 25-28, 939-құжат) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Е. Омаровқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Т. Ермегияев
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2011 жылғы 24 тамыздағы
№ 20-20-18/169 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен
даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына сәйкес әзірленген.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аға жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының құрама командалардың жастар (резервтік) құрамасы үшін жауап беретін жаттықтырушы;
2) бас жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына басшылық жасауға, спорт түрі бойынша әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық жарыстарда оның даярлығына, қалыптасуы мен сайысқа түсуіне жауап беретін жаттықтырушы;
3) жылдың басты жарыстары - Қазақстан Республикасының чемпионаттары, Қазақстан Республикасының Спартакиадасы;
4) жаттықтырушылар кеңесі - спортшылар мен командаларды спорт жарыстарына қатысуға даярлау әдістемесіне ұсынымдар әзірлеу үшін бас жаттықтырушы, мемлекеттік жаттықтырушы, аға жаттықтырушылардан, спорт түрлері бойынша құрама командалардың дәрігерлерінен, дене шынықтыру және спорт саласындағы ғалымдардан, дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құрылған, спорт түрлері бойынша республикалық федерациялардың кеңесші органы;
5) нысаналы кешенді бағдарлама - спорттық ұйымдардың күш-қимылын мақсатты және тиімді бөлуге, біліктілігі жоғары спортшыларды тәрбиелеудің басты бағыттарына назар аударуға мүмкіндік беретін, оқу-жаттығу, ғылыми-әдістемелік және медициналық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны, тәрбиелік және патриоттық жұмысты дамытуды қоса алғанда, олимпиядалық циклға спортшыларды даярлау жөніндегі мәселелерді кешенді шешуге арналған перспективалы жоспар;
6) мемлекеттік жаттықтырушы - Қазақстан Республикасында спорт түрін дамытуға және оны басқаруға жауапты жаттықтырушы;
7) спортшы - спортпен жүйелі шұғылданатын және спорт жарыстарына қатысатын жеке тұлға.
3. Қазақстан Республикасының құрама командалары - спортшылардың, жаттықтырушылардың, отандық және шетелдік мамандардың, дене шынықтыру-спорт және медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары спорттың түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің құрамдас бөлігі болып табылады, халықаралық жарыстарға даярлық және оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында қатысу мақсатында құрылады.
4. Әртүрлі спорт түрлері бойынша түрінен Қазақстан Республикасының құрама командалары, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекіткен арнайы нормативтерді орындаған спортшылардың арасынан спорт түрлері бойынша тиісті республикалық федерациялардың, жаттықтырушылар кеңесінің, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, конкурстық негізде құрылады.
5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы негізгі және жастар (резервтік) құрамынан құралады.
Республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері спорт түрінен Қазақстан Республикасының негізгі және жастар (резервтік) құрама командасына мүшелікке үміткерлер болып табылады.
Қазақстан Республикасы құрама командаларының негізгі және жастар (резервтік) құрамаларына мүше спортшылар өз қатарларынан команда капитанын сайлайды. Команда капитаны оқу-жаттығу процесі мен жарыс кезінде құрама команданың мүшелері мен команда басшылығы арасында негізгі дәнекер болады.
6. Негізгі және жастар (резервтік) контингентінің сандық құрамына:
1) спорттың олимпиадалық түрлері бойынша: үш құрам;
2) спорттың олимпиадалық емес түрлерінен: екі құрам;
3) спорттың ойынды (олимпиадалық, олимпиадалық емес) түрлерінен: бір жарым құрам қабылданады.
7. Қазақстан Республикасы құрама командаларының негізгі мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасының әлемдік спорттық қоғамдастықтағы беделін одан әрі нығайту үшін әлемдік спорт ареналарында алдыңғы қатарлы ұстанымдарды жеңіп алу;
2) әртүрлі деңгейдегі спорттық іс-шараларға қатысу, Олимпиадалық және халықаралық спорттық қозғалысты Қазақстан Республикасында және одан басқа жерлерде насихаттау;
3) халықаралық спорттық жарыстарға қатысу арқылы халықтар арасындағы достық пен өзара түсінісушілікті нығайту.
8. Қазақстан Республикасы құрама командаларының негізгі міндеттері:
1) Азия, Олимпиада, Параолимпияда және Сурдолимпиада ойындарында, Универсиадаларға, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары мен Кубоктарына және басқа халықаралық жарыстарға дайындалу мен табысты өнер көрсету;
2) спортшылардың спорттық шеберлігін одан әрі жетілдіру;
3) Қазақстан спортының халықаралық аренадағы беделін арттыру;
4) спортшыларды патриоттықка тәрбиелеу және дене шынықтыруды және спортты насихаттау;
5) команданы, спорт түрінің жақсы дәстүрлерін сақтайтын, аға ұрпақтың тәжірибесі мен жетістіктерін ескеретін ұжымды қалыптастыру;
6) спортшыларды даярлаудың, оқу-жаттығу процесін ғылыми және медико-биологиялық қамтамасыз етудің әдістемесін жетілдіру;
7) өскелең ұрпақты спортпен жүйелі шұғылдануға тарту.
2. Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамы
9. Спорт түрлері бойынша тиісті қоғамдық бірлестіктер (федерациялар) жылдың басты жарыстарының нәтижелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының құрама командасы мүшелігіне үміткерлер арасында конкурс өткізеді. Конкурс қолданыстағы заңнамаға сәйкес өткізіледі. Міндетті конкурстық талаптар:
1) арнайы нормативтерді орындау (жылдың басты жарыстарында көрсетілген спорттық жетістіктер);
2) денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсыну (спортшылар үшін спорттық медицина және оңалту орталығының медициналық қорытындысын ұсыну);
3) сотты болғандығы немесе болмауы туралы анықтама ұсынуы.
Осы құжаттардың көшірмелері, конкурстық комиссияның отырысының хаттамасы және үміткерлерінің тізімі Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамын бекіту кезінде уәкілетті органға жолданады. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының, құрама командасына үміткерлерді қарастыратын комиссияны құрады және бекітеді.
Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамын бекітетін комиссия бес адамнан тұрады:
1) уәкілетті органның екі өкілі;
2) спорт түрі (түрлері) бойынша мемлекеттік жаттықтырушы;
3) Шататтық ұлттық командалар дирекциясының екі өкілі.
10. Спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар, дене шынықтыру-спорт және медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлері уәкілетті орган шешімімен Қазақстан Республикасы құрама командаларына мүшелігіне үміткер ретінде бекітіледі.
11. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамын, спорттың жазғы түрлері бойынша, әр жылдың 31-ші желтоқсанына дейін, қысқы түрлері бойынша, әр жылдың 20 мамырына дейін бекітеді.
12. Құрама командалардың мәртебесін және спортшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында негізгі және жастар (резервтік) құрамындағы спортшылар арасынан ұжымға құрама команданың жаңа мүшелерін салтанатты түрде қабылдау 1-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы құрама команда мүшесінің антын қабылдайды.
13. Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі спорттық нәтижелерді төмендеткені, жеке жоспарлар мен белгіленген нормативтерді жүйелі орындамағаны, тыйым салынған препараттарды қолданғаны, шарт талаптарын бұзғандығы үшін команда құрамынан шығарылады.
3. Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлау
14. Спорт түрінен Қазақстан Республикасының құрама командасын басқаруды бас жаттықтырушы жүзеге асырады және спорт түрінен жаттықтырушылар кеңесі басқарады..
15. Бас жаттықтырушы спорт түрлерінен құрама команда мүшелерінің даярлығы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және құрама командаға мүше спортшылардың жарыстарға қатысуының нәтижелеріне үнемі талдау жүргізеді. Даярлықтың нысаналы әрі кешенді бағдарламаларын (бұдан әрі - бағдарлама) іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізеді. Бас жаттықтырушының жұмысы оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға және халықаралық жарыстарға қатысуға, команда құрамындағы тәрбие жұмыстарына және команда құрамында психологиялық ахуал жасауға бағытталған.
16. Қазақстан Республикасы құрама командасына мүше спортшының жеке жаттықтырушысы Қазақстан Республикасы құрама командасына орталықтандырылған даярлық үшін уақытша іссапарға жіберілуі мүмкін. Жеке жаттықтырушы Қазақстан Республикасы құрама командасынан тыс жерде спортшының жеке дайындық жоспарын орындағаны үшін жеке өзі жауап береді.
17. Спорт дәрігері Қазақстан Республикасы құрама командасына мүше спортшының денсаулығын қадағалайды, жаттықтырушылар құрамына спортшының хал-жайы және ұсынылатын жаттығу жүктемелері жөнінде ұсыныстар береді, медико-биологиялық, қалпына келтіру шаралары мен емдеуді, сондай-ақ спортшыны теңгерімді тамақтандыруды, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өтетін орындардың санитарлық-тазалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады.
18. Қазақстан Республикасы құрама командасының массажшысы спорт дәрігерінің немесе бас дәрігердің әдістемелік басшылығымен жұмыс істейді.
19. Қазақстан Республикасы құрама командасын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін тартылатын мамандар спортшыларды даярлау жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді, оның функционалдық және техникалық деңгейіне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады. Бас жаттықтырушымен, жаттықтырушылар кеңесімен бірлесіп дайындықтың бағдарламаны және жеке жоспарларды әзірлеуге қатысады.
20. Қазақстан Республикасы құрама командасына тартылатын басқа да мамандар (қару және кеме шеберлері, механиктер, атбегілер және тағы басқалар) өздерінің лауазымдық нұсқаулықтары мен біліктілік мінездемелеріндегі талаптарға сәйкес жұмыстарды орындайды.
21. Жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелері болып табылатын спортшыларды, жаттықтырушыларды және мамандарды ынталандыру мақсатында осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес келісімшарт жасау үшін төлемдердің көлемі бекітіледі.
Ескерту. Нұсқаулық 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 04.09.2013 № 318 бұйрығымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2011 жылғы 24 тамыздағы
02-02-18/169 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
құрама командаларын жасақтау
мен даярлауды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының құрама
командасы мүшесінің
АНТЫ
Мен, (Т.А.Ә), мені________________________________(спорт түрі)
Қазақстан Республикасының құрама командасына қабылдауды мемлекеттің көрсеткен ерекше сенімі ретінде бағалай және өзімнің жауапкершілігімді сезіне отырып:
- аса жоғары нәтижелерге жету үшін өзімнің жеңіске деген бар күш-жігерімді жұмсай отырып, спорт аренасында біздің Отанымыздың намысын лайықты қорғау үшін спорттық шеберлігімді үнемі жетілдіруге;
- спорт жарыстарында адал күресуге, жарыс ережелерін қатаң сақтауға, допингке қарсы кодексті ұстануға және тыйым салынған заттарды пайдаланбауға;
- спорттағы тәлімгерлердің барлық нұсқаулары мен талаптарын орындауға, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына, команда мүшелеріне, бәсекелестерге, төрешілерге, көрермендер мен жанкүйерлерге сыйластықпен қарауға;
- өзімнің барлық қарекетімде спорттық әдеп ережелерін басшылыққа алуға салтанатты түрде ант етемін.
Менің осы антты бұзуым Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі деген жоғары атақпен сыйыспайтындығын ұғынамын.
_______________________________ __________________
Тегі Аты Әкесінің аты (күні)
Қазақстан Республикасының
құрама командаларын жасақтау
мен даярлауды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама
командаларының спортшыларымен келісім-шарт жасау үшін төлемдердің көлемі
Ескерту. Нұсқаулық 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 04.09.2013 № 318 бұйрығымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi).
№ |
Адамдардың санаты және жарыстың атауы |
Алған орын |
Келісім- |
Ескертпе |
1. |
Олимпиада, ойындарында медаль жеңіп алуға дайындықты жүзеге асыратын үміткер спортшылар |
1 орын |
7500 дейін |
Төлемдер Олимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған соммадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы Олимпиадалық медальды жеңіп алу келісім-шартының шарттарын орындағаннан кейін төленеді. |
2 орын |
5500 дейін |
|||
3 орын |
3500 дейін |
|||
2. |
Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері |
1 орын |
3000 дейін |
Төлемдер Олимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған соммадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы Олимпиадалық медальды жеңіп алу келісім-шартының шарттарын орындағаннан кейін төленеді. |
2 орын |
2000 дейін |
|||
3 орын |
1500 дейін |
|||
3. |
Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері |
1 орын |
4000 дейін |
Төлемдер спортшы келісім шартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Әлем чемпионатына дейін жүзеге асырылатын болады. |
2 орын |
3000 дейін |
|||
3 орын |
2000 дейін |
|||
4. |
Паралимпиада, Сурдолимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері |
1 орын |
3000 дейін |
Төлемдер спортшы келісім шартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда Олимпиада, Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарынан кейін жүзеге асырылатын болады. |
2 орын |
2000 дейін |
|||
3 орын |
1500 дейін |
|||
5. |
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері |
1 орын 2 орын 3 орын |
4000 дейін 3000 дейін 2000 дейін |
Төлемдер спортшы келісім шартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі әлем чемпионатына дейін жүзеге асырылады |
6. |
Азия ойындарының (жабық ғимараттардағы Азия ойындарын, Жасөспірімдер Азия ойындарын, Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарын, Азия ойындарын қоспағанда) |
1 орын 2 орын 3 орын |
1000 дейін 700 дейін 400 дейін |
Төлемдер спортшы келісім шартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Азия ойындарына дейін жүзеге асырылады. |
Қазақстан Республикасының спорт түрінен құрама командаларының
жаттықтырушыларымен және мамандарымен келісім-шарт жасау үшін төлемдердің көлемі
№ |
Адамдардың санаты және жарыстың атауы |
Алған орын |
Келісім- |
Ескертпе |
1 |
Олимпиада, ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын бас жаттықтырушылар |
4000 дейін |
||
2 |
Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жеке жаттықтырушылар |
2000 дейін |
||
3 |
Олимпиада, ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылар |
4000 дейін |
Төлемдер Олимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған соммадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы Олимпиадалық медальды жеңіп алу келісім-шартының шарттарын орындағаннан кейін төленеді. |
|
4 |
Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылар |
2000 дейін |
Төлемдер Олимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған соммадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы Олимпиадалық медальды жеңіп алу келісім-шартының шарттарын орындағаннан кейін төленеді. |
|
5 |
Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушы кеңесшілер |
10000 дейін |
||
6 |
Спортшылары Олимпиада, Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарында, олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарында медаль жеңіп алуға үміткер командалардың дәрігерлері, массажшылары |
1500 дейін |
||
7 |
Олимпиада, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындарының, олипиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері бар командалардың сервисмені, психологы, механигі және басқа да мамандары |
2000 дейін |
||
8 |
Кешенді ғылыми топтың мүшелері |
1500 дейін |