Ветеринария бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын және тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/366 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы N 228 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 1 қыркүйекте № 7152 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2012.04.04 N 69 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына және қала әкiмiнiң мәлiмдемесiне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТI:
      1. Арыс қаласына қарасты ауылдық елді мекендеріне 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, бiр маманға жетпiс еселік айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу үшiн бiр мың бес жүз еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2011.09.29 № 47/301-IV шешімімен.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.

      Қалалық мәслихат сессия төрағасы:          Ә.Жарымбет

      Қалалық мәслихат хатшысы:                  Ө.Керімқұлов