"Мемлекеттік Қызметшілердің қызмет тізімі үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 02-01-02/59 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 25 тамыздағы № 02-01-02/176 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 тамызда № 7139 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 31 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 2-бөлімде:
      «Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдері, 23111» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдері,             25753»;
      «Түзеу мекемелері 12496» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Түзеу мекемелері                                        9854».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов