"Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 3 тамыздағы № 393 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 22 тамызда № 7135 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012.06.25 N 3804 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылорда қаласының жұмыс берушілеріне мүгедек азаматтар үшін жұмыс орындарының үш процент мөлшерінде квотасы белгіленсін.
      2. Қызылорда қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының бір процент мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н. Жәлиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІ                              М. ЖАЙЫМБЕТОВ