"Микробиологиялық, паразитологиялық зертханаларды жобалауға, салуға, реконструкциялауға, күтіп-ұстауға және жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министдің м.а. 2011 жылғы 10 маусымдағы № 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 шілдеде № 7063 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.11.23 № 1372 Қаулысымен.

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне «Acтaнa қаласындағы Классикалық опера және балет театры» объектісінің жобалау-сметалық құжаттамасына жетекші шетелдік мамандарды тарта отырып, халықаралық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 14000000 (он төрт миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов