Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы қағиданы бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы N 352 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 маусымдағы N 7024 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 06.01.2022 № ҚР ДСМ-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексiнің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы қағида бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (А.С. Таласпаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

С. Мусинов


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 352 бұйрығымен бекітілген

Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы қағида
1. Жалпы қағидалар

      1. Осы Қағида "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және травматологиялық және ортопедиялық медициналық ұйымдардың статусы мен өкілеттілігін анықтайды.

      2. Халыққа (ересек адамдар мен балаларға) травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін ұйымдар (бұдан әрі - Ұйымдар) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды анықтауға, емдеуге және медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы жүргізу мақсатында құрылады.

      3. Ұйымдардың жұмысын (республиканың, облыстың, қаланың) штаттан тыс бас травматолог – ортопед маманы үйлестіреді.

      4. Травматологиялық және ортопедиялық көмек жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды уақтылы анықтауды, емдеуді және медициналық оңалтуды қамтиды.

      5. Халыққа (ересек адамдар мен балаларға) травматологиялық және ортопедиялық көмек консультациялық-диагностикалық және/немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетіледі.

2. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары

      6. Халыққа травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:

      1) балалар мен ересектер арасында жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларының профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      2) диагностиканың қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларын ерте диагностикалау;

      3) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсету хаттамаларына сәйкес емдеу;

      4) бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарымен және қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, жарақаттанудың профилактикасы бойынша іс-шаралар өткізу;

      5) "Стационарды алмастыратын көмек көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 798 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5951 тіркелген) тәулік бойы медициналық қадағалауды қажет етпейтін науқастарға стационарды алмастыратын және оңалту көмегін көрсету (бұдан әрі – медициналық айғақтары болған жағдайда стационарды алмастыратын көмек көрсету) мынадай жағдайларда белгіленеді:

      - емделушіні дәрігер тексеріп-қарауы үшін гипстік байлауды қою, ауыстыру немесе алу, деформацияларды түзету кезеңінен кейінгі медициналық айғақтардың болуы;

      - ұзақ мерзім бойы кешендік тексеру жүргізуді талап ететін аурудың диагнозын қою және/немесе нақтылау;

      - пациентке белгілі дайындықты талап ететін күрделі диагностикалық зерттеуді жүргізу үшін медициналық айғақтардың болуы;

      - амбулаторлық жағдайда (операциядан кейінгі жараны таңып-байлау, медикаменттік препараттарды буынға егу, буыннан пункция алу, диагностикалық биопсия) дәрігерлер орындайтын емдеу манипуляцияларын жүргізу үшін медициналық айғақтардың болуы;

      - диагностикалық артроскопия және ангиография;

      - миниинвазивтік операциялық әрекеттерді орындау;

      - оңалту және қайта қалпына келтіру емдеу курсын жүргізу;

      - науқас тәулік бойы болған стационардан шыққаннан кейін динамикалық қадағалау үшін медициналық айғақтардың болуы болып табылады.

      7. Жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары анықталған жағдайда немесе олардың асқынған жағдайында бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының дәрігерлері және басқа мамандық дәрігерлері науқастарды амбулаторлық-емханалық ұйымдардың немесе стационарлық медициналық ұйымдардың травматолог–ортопед дәрігеріне консультацияға және емдеуге жібереді.

3. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы

      8. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ТОҒЗИ);

      2) құрылымында оған жүктелген функцияларға байланысты мынадай медициналық ұйымдар:

      Амбулаторлық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинеті;

      Консультациялық-диагностикалық емханалардың (орталықтардың) травматология және ортопедия бөлімшесі;

      стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесі;

      стационарлық медициналық ұйымдардың көп және байланысқан жарақат бөлімшесі;

      орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесі;

      стационарлық медициналық ұйымдардың травматологиялық пункті жатады.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Травматология және ортпедия ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

      9. ТОҒЗИ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, кәсіпорын Жарғысын басшылыққа алады және өзінің қызметін медициналық қызметке мемлекеттік лицензияның негізінде жүзеге асырады.

      10. ТОҒЗИ қызметінің негізгі мәні мен мақсаты травматология және ортопедия саласында ғылыми іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, жарақаттар мен сүйек–бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастардың профилактикасының, диагностикасының, емдеуі мен оңалтуының қазіргі заманғы, жоғары технологиялық және тиімді тәсілдерін практикаға енгізу, халыққа білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелеріне жарақаттар мен сүйек–бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға көмек беру жөнінде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету болып табылады.

5. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинеті

      11. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинеті (бұдан әрі – Кабинет) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға амбулаториялық жағдайда консультациялық және емдеу–диагностикалық көмекті қамтамасыз ету үшін құрастырылған.

      12. Кабинеттің негізгі қызметтері:

      1) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға консультациялық-диагностикалық және емдік көмек көрсету;

      2) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды стационарлық емдеуге іріктеу және жіберу;

      3) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге іріктеу және жіберу;

      4) кезеңдік гипс қою көмегімен санның туа біткен шығуы және туа біткен маймақ аяқ балаларға консервативтік емдеу жүргізу;

      5) жарақаттардың салдарымен және сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды: санның туа біткен шығуы және туа біткен маймақ аяқ, сколиоз, қаңқаның тұқым қуалайтын жүйелі аурулары, қаңқаның даму аномалияларымен ауыратын балаларды, остеопороз және ірі буындарды эндопротездеуден кейінгі науқастарды диспансерлік бақылау;

      6) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу;

      7) медициналық–әлеуметтік сараптама комиссиясына тұрақты еңбекке қабілеті жойылған белгілері бар науқастарды жіберу;

      8) учаскелік дәрігер-терапевттің, жалпы тәжірибелік дәрігер (отбасылық дәрігер), дәрігер–хирург, сонымен қатар (құрамында травматология және ортопедия кабинеті жоқ) медициналық ұйымдардың дәрігерлерінің жолдамасымен келген, жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға консультациялық, диагностикалық - ем шараларын жүргізу;

      9) өңірлерде ересектер мен балалар арасындағы сүйек–бұлшықет жүйесі аурушаңдығы мен жарақаттанушылығын төмендету, оның алдын алуға бағытталған мемлекеттік және өңірлік нысаналы бағдарламаларды орындауға қатысу;

      10) қызмет көрсететін ауданда ересектер мен балалар арасындағы жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларының аурушаңдық, мүгедектік, өлім-жітім негізгі медициналық–статистикалық айғақтарына мониторинг және сараптама жасау;

      11) қызмет көрсететін ауданда жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға жарақаттың алдын алу, диагностикалау, оңалту және диспансерлік бақылау бойынша ұсыныстарды құрастыру;

      12) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды емдеу, диагностикалау және алдын алу жаңа әдістерін енгізу;

      13) тәжірибелік травматология және ортопедия мәселелері бойынша медициналық алдын алу кабинеттерінің дәрігерлік және орта медициналық жұмыскерлерінің, учаскелік дәрігер-терапевтердің, дәрігер-педиатрлардың, дәрігер-неонатологтардың, жалпы тәжірибелік дәрігерлердің, дәрігер-хирургтердің балалар хирургі дәрігерлерінің біліктілігін көтеру бойынша іс–шараларға қатысу;

      14) жарақаттанушылықтың барлық түрлерінің алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізуге қатысу;

      15) есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;

      16) медициналық айғақтары бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсету.

      13. Кабинеттің құрылымы мен медициналық қызметкерлердің штат санын емдеу-диагностикалық жұмысын жүргізу көлемінен, қызмет көрсетілетін халық санына және "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген) (бұдан әрі – денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері) штат нормативтеріне сүйене отырып, Кабинет құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.

      14. Кабинет осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жабдықтардың амбулаторлық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинетіне арналған минимал тізбесімен қамтамасыз етіледі.

6. Консультациялық-диагностикалық емханалардың (орталықтардың) травматология және ортопедия бөлімшесі

      15. Консультациялық-диагностикалық емханалардың (орталықтардың) травматология және ортопедия бөлімшесі (бұдан әрі - Емханалық бөлімше) облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда ұйымдастырылады.

      16. Емханалық бөлімше мынадай қызметтерді атқарады:

      1) жарақаттар мен сүйек–бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын пациенттерге консультациялық-диагностикалық және емдік көмек көрсетуді қамтамасыз ету;

      2) тексерудің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, қажетті зертханалық, аспаптық және диагностикалық зерттеулер жүргізу;

      3) науқастарды стационарлық тексеріске және емдеуге іріктеу және жіберу;

      4) амбулаторлық-емханалық және стационарлық ұйым жағдайларында пациенттерді әрі қарай емдеу ұсынымдарын белгілеу;

      5) жарақаттар мен сүйек–бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету және оларды қолдану тиімділігіне талдау жүргізу саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерді клиникалық практикаға енгізу;

      6) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын ұйымдастыру;

      7) жарақаттар мен сүйек–бұлшықет жүйесі ауруларын, оның ішінде балалар жарақаттанушылығының алдын алу жөнінде халықпен санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу;

      8) кезеңдік гипс қою көмегімен санның туа біткен шығуы және туа біткен маймақ аяқ балаларға консервативтік емдеу жүргізу;

      9) санның туа біткен шығуы бар және туа біткен маймақ аяқ, сколиоз, қаңқаның тұқым қуалайтын жүйелі аурулары, қаңқаның даму аномалияларымен ауыратын балаларды, остеопорозы бар және ірі буындарды эндопротездеуден кейінгі пациенттерді диспансерлік бақылау;

      10) есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;

      11) медициналық айғақтары бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсету.

      17. Емханалық бөлімшенің құрылымы мен медициналық қызметкерлердің штат санын емдеу-диагностикалық жұмысын жүргізу көлеміне, қызмет көрсетілетін халық санына және денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтеріне сүйене отырып, құрамында ол құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.

      18. Емханалық бөлімше осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жабдықтардың амбулаторлық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинетіне арналған минимал тізбесімен қамтамасыз етіледі.

7. Стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесі

      19. Стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесі (бұдан әрі - Стационарлық бөлімше) халыққа (ересек адамдар мен балаларға) көп бейінді мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған стационарлық немесе стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының (республиканың, облыстың, қаланың, ауданның) құрамында ашылады.

      20. Амбулаториялық-емханалық жағдайда тиімді медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде сараланған диагностика, қажетті мамандандырылған емнің тәсілдерін әзірлеу және жүргізу үшін науқастар медициналық ұйымның Стационарлық бөлімшесіне жіберіледі.

      21. Стационарлық бөлімше мынадай қызметтерді атқарады:

      1) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға терапиялық және/немесе хирургиялық, оның ішінде микрохирургиялық емдеу әдістерін қолдану арқылы мамандандырылған, оның ішіде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету;

      2) басқа аурулармен зертханалық және аспаптық диагностика және сараланған диагностика жүргізу;

      3) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларын диагностикалау, емдеу және профикалтиканың қазіргі заманғы әдістерін клиникалық практикаға енгізу және меңгеру;

      4) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды оңалтудың госпиталдық кезеңін жүзеге асыру;

      5) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүзеге асыру;

      6) мамандандырылған, соның ішінде жоғары технологиялық травматологиялық және ортопедиялық медициналық көмектің емдеу және диагностикалау мәселелері бойынша көп бейінді стационардың қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға қатысу;

      7) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларын алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелерінде стационардың басқа бөлімшелері дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету;

      8) есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;

      9) медициналық айғақтары бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсету.

      22. Стационарлық бөлімше орта, жоғары және қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың клиникалық базасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

      23. Стационарлық бөлімшенің құрылымы мен медициналық қызметкерлердің штат санын емдеу-диагностикалық жұмысын жүргізу көлеміне, қызмет көрсетілетін халық санына және денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтеріне сүйене отырып, құрамында ол құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.

      24. Стационарлық бөлімше осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес жабдықтардың стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесіне арналған минимал тізбесімен қамтамасыз етіледі.

8. Стационарлық медициналық ұйымдардың көп және байланысқан жарақат бөлімшесі

      25. Стационарлық медициналық ұйымдардың көп және байланысқан жарақат бөлімшесі (бұдан әрі - Бөлімше) халыққа (ересек адамдар мен балаларға) көп бейінді мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған стационарлық немесе стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының (республиканың, облыстың, қаланың, ауданның) құрамында ашылады.

      26. Бөлімше мынадай қызметтерді атқарады:

      1) көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарға диагностикалық, емдік және профилактикалық көмек көрсету;

      2) басқа аурулармен зертханалық және аспаптық диагностика және сараланған диагностика жүргізу;

      3) шұғыл стационарлық (тексеру, емдеу және оңалту) медициналық көмек көрсету және кейіннен көптеген (тірек-қимыл жүйесінің екі немесе одан да көп сегменттерінің зақымдануы) және/немесе үйлескен (басқа жүйелері мен органдардың - бассүйек жарақаттарымен, ішперде қуысымен, ірі тамырмен үйлескен тірек-қимыл аппаратының және нервтердің зақымданулары) жарақаттарды емдеу;

      4) симультантты (кезеңдік) операциялар жасау;

      5) көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарды оңалтудың емдеуге жатқызу кезеңдерін жүзеге асыру;

      6) Бөлімше құрамына кіретін емдеу-алдын алуды ұйымдастыру бөлімшесінде көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарды профилактикалау, диагностикалау, емдеу мәселелері бойынша басқа маман дәрігерлердің консультациялық көмек көрсетуі;

      7) Бөлімшеде емдеу-диагностикалық жұмыстың сапасын арттыру және көп және байланысқан жарақаттар кезінде ауруханалық өлім-жітімді төмендету үшін іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

      8) көп және байланысқан жарақаттармен ауыратын науқастарды диагностикалау және медициналық көмек көрсету мекемелері бойынша емдеу-алдын алу ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби біліктігін арттыруға қатысу;

      9) көп және байланысқан жарақаттармен ауыратын науқастарды профилактикалау, диагностикалау, емдеу және оңалтудың жаңа тиімді әдістерін жүйелі меңгеріп, практикаға енгізу;

      10) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүзеге асыру;

      11) есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;

      12) медициналық айғақтары бойынша науқастарға стационарды алмастыратын көмек көрсету.

      27. Бөлімшенің құрылымы мен медициналық қызметкерлердің штат санын емдеу-диагностикалық жұмысын жүргізу көлеміне, қызмет көрсетілетін халық санына және денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтеріне сүйене отырып, құрамында ол құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.

      28. Стационарлық бөлімше орта, жоғары және қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың клиникалық базасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

      29. Бөлімше осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес жабдықтардың стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесіне арналған минимал тізбесімен қамтамасыз етіледі.

9. Орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесі

      30. Орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесі (бұдан әрі – Травматологиялық бөлімше) жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мемлекеттік жағдайда көлік жолдарына жақын орналасқан орталық аудандық (ауданаралық) ауруханаларда апаттық-қауіпті жол учаткілерінде жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге білікті және мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімдікті қамтамасыз ету мақсатында құралған.

      31. Травматологиялық бөлімше мынадай қызметтерді атқарады:

      1) жол-көлік оқиғаларында (кейін – ЖКО) көптеген және/немесе байланысқан жарақаттармен зардап шеккен науқастарға шұғыл жағдайларда жедел медициналық жәрдем көрсету және әрі қарай емдеу;

      2) көптеген және байланысқан жарақаттары бар науқастарға оңалтудың емдеуге жату кезеңін жүзеге асыру;

      3) ЖКО зардап шеккен көп және байланысқан жарақаттар кезінде ауруханалық өлім-жітімді төмендету және емдеу-диагностикалық жұмыстың сапасын арттыру іс-шараларын әзірлеу және өткізу;

      4) ЖКО зардап шеккен көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарды профилактикалаудың, диагностикалаудың, оңалтудың емдеумен жаңа тиімді әдістерін жүйелік игеру және практикаға енгізу;

      5) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу;

      6) ЖКО зардап шеккен науқастарға шұғыл жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша басқа медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл;

      7) есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;

      8) медициналық айғақтары бойынша науқастарға стационарды алмастыратын көмек көрсету.

      32. Травматологиялық бөлімшенің құрылымы мен медициналық қызметкерлердің штат санын емдеу-диагностикалық жұмысын жүргізу көлеміне, қызмет көрсетілетін халық санына және денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтеріне сүйене отырып, құрамында ол құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.

      33. Травматологиялық бөлімше осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес жабдықтардың орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесіне арналған минимал тізбесімен қамтамасыз етіледі.

10. Стационарлық медициналық ұйымдардың
травматологиялық пункті

      34. Стационарлық медициналық ұйымдардың травматологиялық пункті (бұдан әрі – Травмпункт) шұғыл жағдайларда жарақат алған пациентке амбулаториялық жедел медициналық жәрдем көрсету мақсатында құрылады.

      35. Жарақат алған пациент өздігінен немесе жедел медициналық жәрдем арқылы Травмпункте қаралады. Травмпункттің травматолог дәрігері зардап шегушінің жалпы жағдайын, оның травматологиялық-ортопедиялық мәртебесін бағалайды, диагнозын нақтылау және кейіннен шұғыл айғақтары бойынша пациентке шұғыл жедел медициналық жәрдем көрсету үшін қосымша зертханалық және аспаптық зерттеулердің қажеттілігін анықтайды, оны медициналық айғақтары бойынша бейінді стационарға білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін емдеуге жатқызу қажеттігін анықтайды.

      36. Травмпункттің пандустармен жабдықталған және келесі функциялық қосалқы үй-жайларымен жеке есігі бар:

      1) тіркеу бөлімі;

      2) күту залы;

      3) дәрігерлік қабылдау үшін екі кабинет (алғашқы және қайталама);

      4) таза операциялық;

      5) екі таңу бөлмесі: таза және іріңді таңулар үшін;

      6) гипстік кабинет;

      7) егу кабинеті;

      8) рентген кабинеті;

      9) Травмпункт меңгерушісінің кабинеті.

      37. Травмпункттің негізгі қызметі болып табылады:

      1) диагностикалық іс-шаралармен қамтамасыз ету, жарақаттары бар пациентке терапиялық және/немесе хирургиялық ем көрсету. Шұғыл жағдайларда травматология және ортопедия бойынша жедел медициналық жәрдем көрсету үшін мынадай жағдайлар медициналық айғақтар болып табылады:

      - зардап шегушінің жалпы жағдайы қанағаттанарлық болған жағдайда жұмсақ тіндердің сіңірлердің, бұлшықеттердің, нерв діндерінің және ірі тамырлардың зақымданбай инфекцияланбаған жарақаттары;

      - соғып алу; асқынбаған гемартрозбен, буындардың байланысқан аппаратының созылуы;

      - қол, қол ұшы және аяқ бастары буындарындағы жарақаттық шығу;

      - өкпеқабын зақымдамай қабырғалардың бірлі-жарым сынуы; кеуденің, омыртқалардың және т.б. соғылуы;

      - сүйектердің жабық сынықтары (орнына салуға және ұстатуға болатын сынықшалардың ығысқан немесе ығыспаған);

      - хирургиялық араласуларды талап етпейтін шектелген күйіктер мен үсулер (дене бетінің кемінде 5%);

      2) медициналық айғақтары болған жағдайда пациентті республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, облыстық және қалалық ауруханалардың, жедел медициналық жәрдем ауруханаларының, орталықтардың, орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың бейінді бөлімшелеріне емдеуге жатқызуға жіберу;

      3) нормативтік құқықтық актілеріге сәйкес есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, тізілімдер үшін деректер жинақтау болып табылады.

      38. Травмпункте шұғыл жағдайларда шұғыл медициналық жәрдем пациенттерге оның тұрғылықты мекенжайына қарамастан тәулік бойы көрсетіледі.

      39. Травмпункттің құрылымы мен медициналық қызметкерлердің штат санын емдеу-диагностикалық жұмысын жүргізу көлеміне, қызмет көрсетілетін халық санына және денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтеріне сүйене отырып, құрамында ол құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.

      40. Травмпункт осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес жабдықтардың травматологиялық пунктіне арналған минимал тізбесімен қамтамасыз етіледі.

  Травматологиялық және
ортопедиялық көмек көрсететін
медициналық ұйымдардың қызметі
туралы қағидаға 1-қосымша

Амбулаторлық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинетіне арналған жабдықтардың минимал тізбесі

№ п/п

Жабдықтар атауы

Саны (дана/жинақ)

1

Медициналық таразы

1

2

Бой өлшеуіш

1

3

Жиналмалы бұрыш өлшеуіш

1

4

Негатоскоп

1

5

Электрлік дрель

1

6

Электрлік сорғыш

1

7

Электрлік коагулятор

1

8

Ортопедиялық операция үстелі

1

9

Таңу үстелі

1

10

Гипс салатын үстел

1

11

Аспаптық жылжымалы үстелше

1

12

Гипс салуға арналған үстелше

1

13

Медициналық жылжымалы шам

1

14

Бактерицидті стационарлық сәулелеуші

2

15

Эбониттік воронкалы оттегі жастықшасы

1

16

Зарарсызданған аспапты сақтауға арналған камера

1

17

Бастапқы хирургиялық көмек көрсетуге арналған жиынтық

1

18

Гипсті алу және салуға арналған аспаптар жиынтығы

1

19

Қаңқаны тартып созуға арналған аспаптар жиынтығы

1

20

Плевраға пункция жасауға арналған жиынтық

1

21

Қол және аяқ сынықтарына арналған аспаптар жиынтығы

1

22

Сымдардың әртүрлі диаметр мен көлемдегі жиынтығы

1

23

Балалардың бұғана сынықтарын емдеуге арналған таңғыш

2

24

Қол ұшы мен саусақтарды бекітуге арналған таңғыш

1

25

Қол және аяққа арналған сым таңғыш (Крамера)

2

26

Аяққа арналған көліктік таңғыш (Дитерихса)

1

  Травматологиялық және
ортопедиялық көмек көрсететін
медициналық ұйымдардың қызметі
туралы қағидаға 2-қосымша

Стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесіне арналған жабдықтардың минимал тізбесі

№ п/п

Жабдықтар атауы

Саны (дана/жинақ)

1

Негатоскоп

1

2

Көлеңкесіз жылжымалы шам

2

3

Қарқынды терапия кереуеті

бөлімшенің төсек көлемінің 50 %

4

Ортопедиялық операция үстелі

1

5

Гипс салатын үстел

1

6

Диагностикалық жылжымалы рентген аппараты

1

7

Эбониттік воронкалы оттегі жастықшасы

1

8

Бастапқы хирургиялық көмек көрсетуге арналған жиынтық

2

9

Сіңір зақымдануына арналған аспаптар жиынтығы

2

10

Қол және аяқ сынықтарына арналған аспаптар жиынтығы

2

11

Қаңқаны тартып созуға арналған аспаптар жиынтығы және жүктеме

1

12

Қаңқаны тартып созуға арналған Белер таңғышы

1

13

Балканский рамасы

1

14

Сымдардың әртүрлі диаметр мен көлемдегі жиынтығы

1

15

Остеосинтезге арналған әртүрлі диаметр мен көлемдегі бұранда жиынтығы

1

16

Остеосинтезге арналған әр түрлі диаметр мен көлемдегі канюлирленген бұранда жиынтығы

1

17

Шор сүйек остеосинтезге арналған әр түрдегі және көлемдегі пластиндердің жиынтығы

1

18

Сүйек ішінен остеосинтездеуге арналған әр түрдегі және көлемдегі стерженді жиынтық

1

19

Сүйек арқылы остеосинтезге арналған әр түрдегі және көлемдегі аппараттар жиынтығы (спицалы және стерженді)

1

20

Остеосинтездеуге арналған жабдықтардың күштеу жиынтығы (электрлік дрель, электрлік коагулятор, электрлік сорғыш және басқалары)

1

21

Жамбас сүйектерінің сынықтарындағы аспаптар жиынтығы

1

22

Жамбас сүйегін шор сүйек остеосинтездеуге арналған әр түрлі түрдегі және көлемдегі пластиндер жиынтығы

1

23

Жамбас сүйегін сүйек арқылы остеосинтездеуге арналған әртүрлі түрдегі және көлемдегі (стерженді) аппараттар жиынтығы

1

24

Бас сүйегін тесуге арналған аспаптар жиынтығы

1

25

Декомпрессиялық ляминэктоминге арналған аспаптар жиынтығы

1

26

Сүйектерді өңдеуге арналған күштеу жабдықтар жиынтығы

1

27

Омыртқа сынықтарындағы аспаптар жиынтығы

1

28

Ортопедиялық операция жасауға арналған аспаптар жиынтығы

1

29

Балалардың ортопедиялық пластина жиынтығы

1

30

Ұзын сүйектерді сүйек арқылы ұстатуға және буындарды қозғалтуға арналған әр түрдегі және көлемдегі аппараттар жиынтығы

1

31

Буындарды эндопротездеуге арналған аспаптар жиынтығы

1

32

Түрлі буындарды эндопротездеуге арналған әр түрдегі және көлемдегі эндопротездер жиынтығы

1

33

Артроскопиялық баған

1

34

Майда буындарға арналған артроскопиялық жиынтық

1

35

Шынтақ, иық және тізе буындарына арналған артроскопиялық жиынтық

1

36

Омыртқаға операция жасауға арналған аспаптар жиынтығы

1

37

Микрохирургиялық операцияларға арналған аспаптар жиынтығы

1

  Травматологиялық және
ортопедиялық көмек көрсететін
медициналық ұйымдардың қызметі
туралы қағидаға 3-қосымша

Орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесіне арналған жабдықтаудың минимал тізбесі

№ п/п

Жабдықтар атауы

Саны (дана/жинақ)

1

Ортопедиялық операция үстелі

1

2

Таңу үстелі

1

3

Гипс салатын үстел

1

4

Аспаптық жылжымалы үстелше

1

5

Гипс салуға арналған үстелше

1

6

Көлеңкесіз стационарлық шам

1

7

Бактерицидті стационарлық сәулелеуші

1

8

Негатоскоп

1

9

Электрлік дрель

1

10

Дерматом

1

11

Эбониттік воронкалы оттегі жастықшасы

1

12

Бастапқы хирургиялық көмек көрсетуге арналған жиынтық

1

13

Гипсті алу және салуға арналған аспаптар жиынтығы

1

14

Қаңқаны тартып созуға арналған аспаптар жиынтығы

1

15

Қол және аяққа арналған сым таңғыш (Крамера)

1

16

Аяққа арналған көліктік таңғыш (Дитерихса)

1

17

Қаңқаны тартып созуға арналған Белер таңғышы

1

18

Балканский рамасы

1

  Травматологиялық және
ортопедиялық көмек көрсететін
медициналық ұйымдардың қызметі
туралы қағидаға 4-қосымша

Травматологиялық пунктіне арналған жабдықтаудың
минимал тізбесі

№ п/п

Жабдықтар атауы

Саны (дана/жинақ)

1

Ортопедиялық операция үстелі

1

2

Таңу үстелі

1

3

Гипс салатын үстел

1

4

Аспаптық жылжымалы үстелше

1

5

Көлеңкесіз стационарлық шам

1

6

Бактерицидті стационарлық сәулелеуші

2

7

Негатоскоп

1

8

Электрлік коагулятор

1

9

Эбониттік воронкалы оттегі жастықшасы

1

10

Ультрафиолеттік камера

1

11

Жиналмалы бұрыш өлшеуіш

1

12

Гипс салуға арналған үстелше

1

13

Электрлік дрель

1

14

Бастапқы хирургиялық көмек көрсетуге арналған жиынтық

2

15

Гипсті алу және салуға арналған аспаптар жиынтығы

1

16

Сіңір зақымдануына арналған аспаптар жиынтығы

1

17

Қол және аяқ сынықтарына арналған аспаптар жиынтығы

1

18

Сымдардың әртүрлі диаметр мен көлемдегі жиынтығы

1

19

Шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған жиынтық

1

20

Білек сүйектерін реппозициялауға арналған аппарат

1

21

Тобық және табан сүйектерін реппозициялауға арналған аппарат

1

22

Балалардың бұғана сынықтарын емдеуге арналған таңғыш

2

23

Қол ұшы мен саусақтарды бекітуге арналған таңғыш

2

24

Қол және аяққа арналған сым таңғыш (Крамера)

2