"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 12) тармақшасын іске асыру мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Ғылым комитеті (Б.Ә. Қасымбеков):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М. Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Жұмағұлов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 200 бұйрығымен бекітілген |
Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар туралы үлгi ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертхана туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертхана (бұдан әрі – Зертхана) өзінің қызметiнде "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және осы Ережені басшылыққа алады.
3. Осы ереже Зертхананың құқықтық негіздерін анықтайтын құжат болып табылады, зертхана қызметiнiң мәселелерін регламенттейді.
Зертхана Ережесімен, Жарғысымен материалдық-техникалық мүмкіндіктерді есепке ала отырып, ұйымдастыру құрылымы, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің бағыттары, сондай-ақ Зертхана қызметкерлерінің міндеттерін бөлу анықталады.
4. Зертхана ғылыми ұйымның немесе жоғарғы оқу орнының құрылымдық бөлімшесі немесе дербес заңды тұлға ретінде құрылады, ғылыми зерттеулердің және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың алдыңғы қатарлы деңгейіне қол жеткізу, сондай-ақ Зертхананың материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында жұмыс істейді. Зертханалардың тиімді қызмет етуі мақсатында зертханаларды пайдаланушылардың жабдықтарға қол жеткізуін, негізін және қол жеткізудің шарттарын қарастыратын Зертхана регламенті бекітіледі.
5. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу бойынша Зертхананың мемлекеттік органдармен және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылы шарт негізінде жүзеге асады.
2. Зертхананың мақсаты, міндеттері және қызметтері
6. Зертхана қызметінің негізгі мақсаты – отандық және шетелдік ғалымдарға олардың жұмыс істейтін ғылыми ұйымдардың және жоғарғы оқу орындарының ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін мүмкіндік беру; ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) жүргізуін қамтамасыз ету.
7. Зертхана үшін мына міндеттер басым болып табылады:
1) ғылыми және ғылыми-техникалық, оның ішінде ғылыми және технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша іргелі, қолданбалы бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, ғылыми бағыттардың тиісті саласында магистрлік, докторлық диссертациялық жұмыстарды дайындауға жәрдемдесу;
2) жаңа бiлiмдер мен технологияларды тарату;
3) студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, жас ғалымдарды ҒЗТКЖ-ға тарту;
4) отандық және шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бiрлескен ғылыми зерттеулерді өткiзу;
5) жоғары технологиялар секторына инвестицияларды тарту мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау;
6) мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тетіктерін дамытуға жәрдемдесу;
7) ғылыми және ғылыми-техникалық сипаттағы міндеттерді шешу үшiн құралдар мен жабдықтарды тиiмдi пайдалану;
8) халықаралық ғылыми-техникалық қызметтерге қатысу.
8. Зертхана мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
1) ҒЗТКЖ өткізуге қатысады;
2) ҒЗТКЖ өткізу бойынша әдістемелер мен бағдарламаларды, нормативтік және технологиялық құжаттарды әзірлейді және жетілдіреді;
3) ҒЗТКЖ, маркетингтік зерттеулер; жаңа үлгідегі машиналарға, жабдықтарға, құралдарға, бұйымдарға, материалдарға және технологиялық процестерге тәжірибелік тексеріс өткізуге әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
4) жүргізілетін жұмыстардың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді, бекітілген тапсырмалар мен бағдарламаларға сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарының уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген зияткерлік меншік құқығын сақтау туралы, мемлекеттік және (немесе) коммерциялық құпияны сақтау туралы талаптарды сақтай отырып орындалған және орындалып жатқан ҒЗТКЖ туралы ақпараттарды жинауды, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады;
6) Зертхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ кадрларды даярлау мен қайта даярлауды жүргізеді.
3. Зертхананың ұйымдастырушылық қызметі
9. Зертхана өзіне жүктелген міндеттерді атқару үшін:
1) арыз берушілерден (тапсырыс берушілерден) ҒЗТКЖ өткізуге қажетті құжаттарды, мәліметтер мен материалдарды сұрайды және алады;
2) арыз берушінің (тапсырыс берушінің) келісімі бойынша өткізілген ҒЗТКЖ нәтижесі бойынша ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерді жариялайды;
3) студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және басқа да ғылыми қызметкерлерді зерттеу жұмыстарына тартады;
4) гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру негізінде ғылыми-зерттеулерге қатысады, сондай-ақ өзге де қаржыландыру көздерін тартады;
5) қазіргі заманғы ғылыми-техникалық және әдістемелік деңгейде зерттеу жұмыстары мен әзірлемелерді орындауды ұйымдастырады;
6) шетелдік ғалымдармен, ғылыми ұйымдармен немесе жеке кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп, ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен, соның ішінде ҒЗТКЖ-ны жүзеге асыратын субъектілермен құралдар-жабдықтарды пайдалануға беруге арналған шарт жасайды;
7) бекітілген оқу, магистрлік, докторлық (PhD) бағдарламаларға сәйкес ҒЗТКЖ-ны жүзеге асыратын Зертхана құрамына кіретін ғылыми ұйымның немесе жоғарғы оқу орнының студенттеріне, магистранттарына, жас ғалымдары мен ғылыми қызметкерлеріне құрылғылар мен жабдықтарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді және тегін пайдалануға береді;
8) жабдықтардың сақталуын, жұмысқа жарамды қалпын, сондай-ақ тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
9) ҒЗТКЖ өткізуге қойылатын мемлекеттік стандарттар, нормативтік және әдістемелік құжаттар талаптарын сақтайды;
10) өткізілетін ғылыми зерттеулер мен тәжірбиелік-конструкторлық жұмыстардың құпиялығын қамтамасыз етеді;
11) арыз берушінің (тапсырыс берушінің) зияткерлік меншік құқығын сақтайды;
12) еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі саласындағы талаптарды, сондай-ақ өндірушілердің құралдар мен аналитикалық және ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдалану бойынша ұсынымдарын орындайды;
13) уәкілетті органға қаржыландыру, оның ішінде базалық қаржыландырумен қоса Зертхананың қызметі туралы есепті ұсынады.
4. Зертхананың материалдық-техникалық және ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етілуі
10. Ғылыми ұйымның немесе жоғары оқу орнының құрамындағы Зертхананың материалдық-техникалық базасын олар пайдалануға берген құралдар мен жабдықтар, сондай-ақ орын-жайлар (ғимараттар) құрайды.
11. Құрал-жабдықтардың пайдалану (техникалық ерекшелік) шарттарына сәйкес Зертхана зерттеу құралынан бөлек орналасқан Зертхана жетекшісіне арналған бөлмемен қоса, құралдарды орналастыруға қажетті талаптар мен стандарттарға жауап беретін арнайы орын-жайлармен (ғимараттармен) қамтамасыз етіледі.
12. Зертхананың штаттық кестесі еңбек заңнамасында белгіленген нормативтерге сәйкес құрылады. Штаттық кестеде тұрақты инженерлік және қызмет көрсету персоналы қарастырылады.
13. Зертхана қызметкерлері қызметтік нұсқаулықтарында және Зертханаға жүктелген қызметтер мен міндеттерде белгіленген міндеттемелеріне сәйкес ҒЗТКЖ-ны ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Лауазымдық нұсқаулықтарды Зертхана жетекшісі бекітеді және құрылымына кіретін ғылыми ұйымның немесе жоғары оқу орнының басшысымен келісіледі.
14. Зертхананың ағымдағы қызметін қаржыландыру, оның ішінде орын-жайларды (ғимараттарды), жабдықтар мен материалдарды ұстауды, әкімшілік және қызмет көрсету персоналының еңбекақысын төлеуді, сондай-ақ оның ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қоса алғанда, құрылымына кіретін ғылыми ұйымның немесе жоғары оқу орнының базалық қаржыландыру қаражаттарынан іске асырылады (жоғары оқу орны немесе ғылыми ұйым бюджетінде қаржыландыру көлемі жеке тармақпен көрсетілуі тиіс).