"Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 634 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 8 маусымдағы № 366 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 маусымда № 7011 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 23.09.2013 N 81 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, мүгедектердi жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында, Жарма ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жарма ауданының жұмыс берушiлерiне мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы жұмыс орнының жалпы санының үш пайызы мөлшерiнде белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданы әкiмiнiң орынбасары Н. Шалтабановқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


      Аудан әкімі                                Т. Қасымжанов