"Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 285 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 8 маусымда № 6996 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Уранкеніштарату» республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісім бойынша осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен;
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 19.09.2014 № 995; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        К. Мәсімов