Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі N 06-4/228 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 30 мамырдағы N 6983 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 4-6/1106 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.12.2015 № 4-6/1106 бұйрығымен.

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»;
      2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу, қайта тіркеу»;
      3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»;
      4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды сенiмхатпен жүргiзетiн адамдарды тiркеу»;
      5) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері бекітілсін.
      2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығының вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі   
№ 06-4/228 бұйрығына    
1-қосымша           

«Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 – бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық (облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалаларының) инспекциялары ұсынады (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар)
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының 4-бабының 1-тармағы және «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 (бұдан әрі – Стандарт) қаулысы негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру не дәлелді бас тарту болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      6. Аумақтық инспекцияның орналасқан жері, мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлардан алуға болады.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz орнатылады.
      8. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағанда айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күн ішінде;
      2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      9. Стандарттың 11-тармағында айқындалған дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау аумақтық инспекцияның бір жауапты қызметкері жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзінің келуі немесе сенімхат негізінде әрекет ететін уәкілетті өкіл арқылы көрсетіледі.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне аумақтық инспекциясының маманы қатысады.
      14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір құрылымдық-функцоналдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«Тракторлардың және олардың         
базасында жасалған өздігінен        
жүретін шассилер мен механизмдердің,
монтаждалған арнайы жабдығы бар     
тіркемелерді қоса алғанда, олардың  
тіркемелерінің, өздігінен жүретін   
ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылысы машиналары мен         
механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі
жоғары арнайы машиналардың кепілін  
тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы
куәліктер беру» мемлекеттік қызмет  
көрсету регламентіне 1-қосымша      

Таблица. ҚФБ іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы

1

Әрекетің (жұмыс барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

2

ҚФБ атауы

Инженер-инспектор

Инженер-инспектор

3

Әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы мен оның сипаттамасы

Өтініш берушінің құжаттар пакетін тексеру және қабылдау

Кепілін тіркеуді жасау, не дәлелді бас тарту

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Кіріс құжаттар журналында тіркеу, өтініштің көшірмесіне белгі қойылады

Машинаның кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру, не дәлелді бас тарту

5

Орындау мерзімдері

30 (отыз) минуттан аспайды

2 жұмыс күн ішінде

«Тракторлардың және олардың         
базасында жасалған өздігінен        
жүретін шассилер мен механизмдердің,
монтаждалған арнайы жабдығы бар     
тіркемелерді қоса алғанда, олардың  
тіркемелерінің, өздігінен жүретін   
ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылысы машиналары мен         
механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі
жоғары арнайы машиналардың кепілін  
тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы
куәліктер беру» мемлекеттік қызмет  
көрсету регламентіне 2-қосымша      

Функционалдық өзара іс-қимыл жасау сызбасы

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі 
№ 06-4/228 бұйрығына   
2-қосымша        

«Нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу, қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу, қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық (облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалаларының) инспекциялары ұсынады (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар).
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 шілдедегі Заңының 1-бабының 4) тармақшасы және «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 (бұдан әрі – Стандарт) қаулысы негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі техникалық паспортты және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бере отырып, машиналарды тіркеу, қайта тіркеу не дәлелді бас тарту болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      6. Аумақтық инспекцияның орналасқан жері мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлардан алуға болады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz орналастырылады.
      8. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағанда айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде;
      2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметтін тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      9. Стандарттың 11-тармағында айқындалған дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау аумақтық инспекцияның бір жауапты қызметкері жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзінің келуі арқылы жүзеге асырылады.
      12 Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде аумақтық инспекцияның маманы қатысады.
      14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«Нөмірлік тіркеу белгілерін бере      
отырып, тракторларды және олардың     
базасында жасалған өздігінен          
жүретін шассилер мен механизмдерді,   
монтаждалған арнайы жабдығы бар       
тіркемелерді қоса алғанда, олардың    
тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл  
шаруашылығы, мелиоративтік және       
жол-құрылыс машиналары мен            
механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі   
жоғары арнайы машиналарды тіркеу»     
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша                     

Таблица. ҚФБ іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы

Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысының, жұмыс ағынының)

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

мемлекеттік техникалық инспекция

мемлекеттік техникалық инспекция

мемлекеттік техникалық инспекция

3

Әрекеттің (процестің, рәсімнің, операияның) атауы мен оның сипаттамасы

Өтініш берушінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

Арнайы есеп бойынша тексеру және көлік құралдарының агрегаттарың салыстырып тексеру

техникалық паспортты және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін жасау не дәлелді бас тарту

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Кіріс құжаттар журналында тіркеу

Тіркеу кезіндегі байқау актісі

техникалық паспортты және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру не дәлелді бас тарту

5

Орындау мерзімдері

30 (отыз) минуттан аспайды

Күнтізбелік 15 күн ішінде

30 (отыз) минуттан аспайды

«Нөмірлік тіркеу белгілерін бере      
отырып, тракторларды және олардың     
базасында жасалған өздігінен          
жүретін шассилер мен механизмдерді,   
монтаждалған арнайы жабдығы бар       
тіркемелерді қоса алғанда, олардың    
тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл  
шаруашылығы, мелиоративтік және       
жол-құрылыс машиналары мен            
механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі   
жоғары арнайы машиналарды тіркеу»     
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша                     

Функционалдық өзара іс-қимыл жасау сызбасы

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2011 жылғы 29 сәуірдегі   
№ 06-4/228 бұйрығына     
3-қосымша          

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық (облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалалаларының) инспекциялары ұсынады (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар)
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 шілдедегі Заңының 1-бабының 4) тармақшасы және «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1084 (бұдан әрі – Стандарт) қаулысы негізінде көрсетіледі.
      5. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды техникалық байқаудан өткізу немесе дәлелді бас тарту көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады және мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы талон беріледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      6. Аумақтық инспекциясының орналасқан жері мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлардан алуға болады.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz орналастырылады.
      8. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап аумақтық инспекция бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады;
      2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудін рұқсат етілген ең көп уақыты - 40 минут;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға барынша рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты - 40 минуттан аспайды.
      9. Стандарттың 11-тармағында айқындалған дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау аумақтық инспекцияның бір жауапты қызметкері жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзінің келуі немесе сенімхат негізінде әрекет ететін уәкілетті өкіл арқылы көрсетіледі.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде аумақтық инспекцияның маманы қатысады.
      14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«Тракторларды және олардың базасында  
жасалған өздігінен жүретін шассилер   
мен механизмдерді, монтаждалған       
арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса  
алғанда, олардың тіркемелерін,        
өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы,   
мелиоративтік және жол-құрылысы       
машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ
өтімділігі жоғары арнайы машиналарды  
жыл сайынғы мемлекеттік техникалық    
байқаудан өткізу» мемлекеттік қызмет  
көрсету регламентіне 1-қосымша        

Таблица. ҚФБ іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

2

ҚФБ атауы

Инженер-инспектор

Инженер-инспектор

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы мен оның сипаттамасы

Өтініш берушінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

Машинаның техникалық жағдайын тексеру, техникалық байқаудан өткізген әрекетерін рәсімдейді

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Кіріс құжаттар журналында тіркеу

мемлекеттік техникалық байқаудан өткені жөнінде талон беріледі.

5

Орындау мерзімдері

40 (қырық) минуттан аспайды

1 күн

«Тракторларды және олардың базасында  
жасалған өздігінен жүретін шассилер   
мен механизмдерді, монтаждалған       
арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса  
алғанда, олардың тіркемелерін,        
өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы,   
мелиоративтік және жол-құрылысы       
машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ
өтімділігі жоғары арнайы машиналарды  
жыл сайынғы мемлекеттік техникалық    
байқаудан өткізу» мемлекеттік қызмет  
көрсету регламентіне 2-қосымша        

Функционалдық өзара іс-қимыл жасау сызбасы

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2011 жылғы 29 сәуірдегі   
№ 06-4/228 бұйрығына    
4-қосымша         

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық (облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалаларының) инспекциялары ұсынады (бұдан әрі - аумақтық инспекциялар)
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 шілдедегі Заңының 1-бабының 4) тармақшасы және «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 (бұдан әрі - Стандарт) қаулысы негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі сенімхатты тіркеу немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      6. Аумақтық инспекцияның орналасқан жері мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлардан алуға болады.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz орналастырылады.
      8. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде;
      2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.
      9. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау аумақтық инспекцияның бір жауапты қызметкері жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзінің келуі арқылы жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Стандарттың
11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне аумақтық инспекциясының маманы қатысады.
      14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«Тракторларды және олардың базасында  
жасалған өздігінен жүретін шассилер   
мен механизмдерді, өздігінен жүретін  
ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және  
жол-құрылыс машиналары мен            
механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі   
жоғары арнайы машиналарды сенімхат    
бойынша басқаратын адамдарды тіркеу»  
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша                  

Таблица. ҚФБ іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, жұмыс ағынын) №

1

2

2

ҚФБ атауы

Инженер-инспектор

Инженер-инспектор

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операциясын) атауы мен оның сипаттамасы

Өтініш берушінің құжаттарын қабылдау және тексеру

Сенімхаттарды тіркеуін жасау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Кіріс құжаттар журналында тіркеу

Сенімхаттарды беру

5

Орындау мерзімдері

30 (отыз) минуттан аспайды

1 күн ішінде

«Тракторларды және олардың базасында  
жасалған өздігінен жүретін шассилер   
мен механизмдерді, өздігінен жүретін  
ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және  
жол-құрылыс машиналары мен            
механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі   
жоғары арнайы машиналарды сенімхат    
бойынша басқаратын адамдарды тіркеу»  
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша                  

Функционалдық өзара іс-қимыл жасау сызбасы

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2011 жылғы 29 сәуірдегі   
№ 06-4/228 бұйрығына     
5-қосымша          

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына  куәлiктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1- бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық (облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалаларының) инспекциялары көрсетеді (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар)
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 шілдедегі Заңының 1-бабының 4) тармақшасы және «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 (бұдан әрі – Стандарт) қаулысы негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі тракторшы-машинист куәліктерін беру немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      6. Аумақтық инспекцияның орналасқан жері мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлардан алуға болады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz орналастырылады.
      8. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап аумақтық инспекция бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады, бірақ 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайды;
      2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      9. Стандарттың 11-тармағында айқындалған дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау аумақтық инспекцияның бір жауапты қызметкері жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзінің келуі арқылы жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) іске қосылған:
      инженер-инспектор;
      емтихан комиссиясы.
      14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір ҚФБ бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер 
мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк     
және жол-құрылыс машиналары мен     
механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi 
жоғары арнайы машиналарды жүргізу   
құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша

Таблица. ҚФБ іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы

Негізгі процестің іс-қимылдың (барыстың, жұмыс ағынының)

1

Іс-қимылдың (барыстың, жұмыс ағынының) №

1

2

3

2

Құрылымды функционалды бірліктің атауы

Инженер-инспектор

Емтихан комиссиясы

Инженер-инспектор

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы мен оның сипаттамасы

Өтініш берушінің құжаттарын тексеру және қабылдау

Емтихан қабылдау

Жүргізуші куәлігінің беру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Кіріс құжаттар журналында тіркеу

Жүргізуші куәлігін рәсімдейді

Тізімдегі өтініш берушінің қолы

5

Орындау мерзімдері

30 (отыз) минуттан аспайды

30 жұмыс күн ішінде


«Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер 
мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк     
және жол-құрылыс машиналары мен     
механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi 
жоғары арнайы машиналарды жүргізу   
құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша

Функционалдық өзара іс-қимыл жасау сызбасы