«Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 мамырда № 6965 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 10.02.2016 № 59 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Осы бұйрық 2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (3-т.).

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6829 тіркелген):
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Осы бұйрықтың 2-121-қосымшаларына сәйкес Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомы;»;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) Осы бұйрықтың 122-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормалары бекітілсін.»;
      мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес толықтырылсын;
      осы бұйрыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      «12. Мемлекеттік мекеме ұзақ мерзімді активтердің амортизациясын есептеу үшін мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормаларын пайдаланады.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2011 жылғы 27 сәуірдегі
№ 219 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 95 бұйрығына    
122-қосымша      

Мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормалары

Ұзақ мерзімді активтердің түрлері және топтары

Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттары жоспарының шот/субшоттың нөмірі

Тозу нормасының шифрі

Тозудың жылдық нормасы (бастапқы құнына %-ға)

1. Ғимараттар
Тұрғын үй емес ғимараттары
Тұрғын үй ғимараттары

2320
2321
2322

-
1.1
1.2

-
7
2

2. Құрылыстар (су айдағыштар, стадиондар, бассейндер, жолдар, көпiрлер, ескерткiштер, парктердiң, саябақтар мен қоғамдық бақтардың қоршаулары, бұрғылау ұнғымалары, штольнилар мен басқалар)

2330

2330

2.1

7

3. Берiлiс құрылғылары
Электрберiлiс және байланыс құрылғылары
Трансмиссиялар мен құбырлар желiлерi

2340

2340

2340

-

3.1

3.2

-

4

5

4. Көлiк құралдары
Темiр жол көлiгінің жылжымалы құрамы
Су көлігі
Автомобиль көлігі
Әуе көлiгi

2350

2350
2350
2350
2350

-

4.1
4.2
4.3
4.4

-

15
15
15
15

Ат-көлiгi
Өндiрiстiк көлiк
Спорт көлiгi

2350
2350
2350

4.5
4.6
4.7

15
20
23

5. Машиналар мен жабдықтар
Қуат машиналары мен жабдықтар
Жұмыс машиналары мен жабдықтар
Өлшеу аспаптар
Реттегiш аспаптар мен қондырғылар
Лабораториялық жабдықтар Компьютерлiк жабдықтар Дәрігерлік жабдықтар
Офистiк жабдықтар
Өзге машиналар мен жабдықтар

2360
2360
2360
2360
2360

2360
2360
2360
2360
2360

-
5.1
5.2
5.3
5.4

5.5
5.6
5.7
5.8
5.9

-
10
12
20
20

10
25
10
10
15

6. Аспаптар, өндiрiстiк және шаруашылық мүкәммалы
Аспаптар
Өндiрiстiк мүкәммалы және бөліктер
Шаруашылық мүкәммалы
Өзге де өндiрiстiк және шаруашылық мүкәммалы

2370

2370

2370
2370

2370

-

6.1

6.2
6.3

6.4

-

30

10
15

10

7. Өзге негізгі құралдар
Көгалдандырылған, безендіру екпелері және басқа да жасанды екпелер
Жерді жақсарту бойынша күрделі шығындар
Өзге мүкәммалы
Жұмыс малдары
Өзге негізгі құралдар

2380

2383

2383

2383
2383
2383

-

7.1

7.2

7.3
7.4
7.5

-

8

12

25
12
25

8. Инвестициялық жылжымайтын мүлік
Тұрғын үй емес ғимараттары
Тұрғын үй ғимараттары

2500

2510
2510

-

8.1
8.2

-

7
2

9. Биологиялық активтер
Жануарлар
Көпжылдық екпелер

2600
2610
2620

-
9.1
9.2

-
12
8

10. Материалдық емес активтер
Бағдарламалық қамтамасыз ету
Авторлық құқық
Лицензиялық келісімдер
Патенттер
Өзге материалдық емес активтер

2710
2711
2712
2713
2714
2716

-
10.1
10.2
10.3
10.4
10.5

-
10
10
10
10
10