"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 мамырдағы N 191 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 мамырда N 6961 тіркелді

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012.08.08 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 2-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесін және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 838 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6652 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 31 желтоқсанда № 556-559 (26402) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      1-тармақта:
      3) тармақшаның төртінші абзацы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
      «дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер;».
      2-тармақта:
      23) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар және олардың негізінде дайындалатын, адамның денсаулығы үшін әлеуетті қауіп төндіретін (дәрілік заттардан басқа) препараттар, өндіру, қолдану, тасымалдау, өңдеу жағдайларында, сондай-ақ тұрмыстық жағдайларда адамның денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсер етуге бейім табиғи немесе жасанды жолмен алынған жеке заттар (қосындылар);»;
      мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      «24) бақылаудағы нүктелерден алынған су, жабық үй-жайлардың микроклиматы мен ауасы.»;
      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
      13-тармақ алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (А.С. Таласпаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі                     С. Қайырбекова