Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 33 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 11 мамырда № 6941 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 121 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 523-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 44, 478-құжат).
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                           Н. Назарбаев