Кемелерді жөндеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 201 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 3 мамырда N 6938 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.03.2021 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кемелерді жөндеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ә. Құсайынов


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 201 бұйрығымен
бекітілген

Кемелерді жөндеу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Кемелерді жөндеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы өзен флотының азаматтық кемелеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің жалпы талаптарын, ұйымдастыру мен жоспарлау принциптерін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидалардың қолданысы ішкі су жолдарында пайдалануға арналған азаматтық өзен кемелерінің олардың ведомстволық тиістілігіне, меншік нысанына қарамастан иелеріне қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кемелерге техникалық қызмет көрсетуді жүргізу мен жөндеудің кезеңділігі кеменің үлгілері мен мақсатына, оны пайдалану шартына, жүзу ауданына, кеменің жасына және қызмет ету нормативтік мерзіміне, сондай-ақ Кеме қатынасы тіркелімі (бұдан әрі - Кеме қатынасы тіркелімі) жүргізетін кезеңдік куәландыруды жүргізу тәртібіне байланысты белгіленеді.

      4. Жөндеуді кеме қатынасы тіркелімінің нормаларына және талаптарына сәйкес келетін, осы қызметтерді орындау үшін техникалық жарамдылықты тану туралы куәлігі бар заңды және жеке тұлға жүзеге асырады.

      5. Кеменің және оның элементтерінің ақаулығын жүргізуді Кеме қатынасы тіркелімін және Кеме қатынасы тіркелімі танығаны туралы куәлігі бар заңды және жеке тұлға жүргізеді.

      6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) бірыңғай жөндеу тізімдемесі - топтық кемелерді орташа және ағымдағы жөндеу үшін кеме жөндеу жүйесіндегі негізгі сметалық, технологиялық және ұйымдастырушылық құжаты болып табылады. Бірыңғай жөндеу тізімдемесі жоспарлы-алдын ала жөндеу шарттары үшін әзірленеді және кеме қызметінің белгіленген мерзімі шегінде қолданылады;

      2) дербес жөндеу тізімдемесі - топтық емес жасалған кемелерді орташа және ағымдағы жөндеу үшін кеме жөндеу жүйесіндегі негізгі сметалық, технологиялық және ұйымдастырушылық құжаты болып табылады. Дербес жөндеу тізімдемесі жоспарлы-алдын ала жөндеу шарттары үшін әзірленеді және кеме қызметінің белгіленген мерзімі шегінде қолданылады;

      3) док – жөндеу жұмыстарын орындау үшін корпустың су асты бөлігіне, соның ішінде шлюздер камераларына еркін кіруді қамтамасыз ететін кеме көтеретін құрылыстар мен құрылғылардың барлық үлгілері;

      4) жөндеуді орындаушы – заңды және жеке тұлға, Кеме қатынасының тіркелімін тану куәлігі бар кеме жөндеу кәсіпорны немесе жеке тұлға;

      5) жасалу сипаттамалары – кемені (элементті, торапты) жасау кезінде қолданыста болған сипаттамалар;

      6) жөндеу – қабылданған тапсырма көлемінде белгілі бір уақыт аралығында кеменің жарамды немесе жұмысқа қабілетті жай-күйін қалпына келтіру бойынша операциялар кешені;

      7) авариялық жөндеу - авариялық жағдайлардан туындаған зақымдануларды жою үшін орындалатын жоспардан тыс жөндеу;

      8) кемені жоспардан тыс жөндеу – қоюы алдын ала белгілеусіз жүзеге асырылатын кемені жөндеу;

      9) кемені жоспарлы жөндеу – қоюы нормативтік-құқықтық құжаттама талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын кемені жөндеу;

      10) механика-кеме қызметі – кеме иесі белгілеген кеме жөндеуге жауапты қызмет немесе адам;

      11) Жаңғырту – техника-пайдалану сипаттамаларын, еңбек және тұрмыс жағдайларын, эстетикалық сыртқы түрін немесе ішкі жайластырылуын, сондай-ақ Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарын жақсарту мақсатында кеменің (кеме элементінің) конструкциясын өзгерту бойынша операциялар жиынтығы;

      12) қайта жабдықтау - кеменің (кеме элементінің) конструкциясын оның функционалдық мақсатын өзгерту мақсатында өзгерту бойынша операциялар жиынтығы;

      13) кемелерді слиптеу (доктау) – кемені куәландыру немесе су асты бөлігін жөндеу үшін көтеруді қамтамасыз ететін операциялар мен іс-шаралардың жиынтығы;

      14) жүріс сынаулары – жабдықтың (басты энергиялық қондырғының, рульдік және зәкірлік құрылғының, навигация және радиобайланыс құралдарының) ерекшелікті параметрлері мен жұмыс режимін, сондай-ақ кеменің кемелік сапасын тексеру бойынша қабылдау-тапсырудың технологиялық кезеңі;

      15) бекіту сынаулары – жабдықты монтаждау және реттеу сапасын тексеру, кеменің жұмысқа қабілеттігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты энергиялық қондырғыны, қосалқы механизмдерді, жүйелер мен құрылғыларды жүктеме арқылы алдын ала сынау бойынша қабылдау-тапсырудың технологиялық кезеңі;

      16) кеме элементі – кеме корпусының, механизмінің, жарақтарының құрамдас бөлігі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жоспарлы емес жөндеулердің сипаттамасы:

      1) авариялық жөндеу - авариялық жағдайлардан туындаған зақымдануларды жою үшін орындалатын жөндеу;

      2) қалпына келтіріп жөндеуі - дүлей апаттардан (мұз жүру, су тасқыны, өрт, дауыл) туындаған немесе кеменің пайдаланусыз, техникалық қызмет көрсетусіз және жөндеусіз ұзақ бос тұруымен байланысты зақымдануларын жою үшін орындалатын кемені жөндеу;

      3) қалпында ұстап жөндеу – кемені одан әрі пайдалану шартымен ЖАЖ жүйесінен оны шығарғаннан кейін тікелей уақыттың белгіленген аралығымен берілген шектерде оның техника-пайдалану сипаттамасын ұстап тұру үшін ең аз көлемде орындалатын кеме жөндеу;

      4) кепілдікті жөндеу – жасаушының (жөндеуді орындаушының) қаражаты есебінен кепілдікті кезеңде анықталған ақаулықтарды жою және кеменің техника-пайдалану сипаттамаларын нормативтік-техникалық құжаттамада немесе жасауға арналған (жөндеу) келісім шартта белгіленген мәндерге дейін қалпына келтіру бойынша кеме жасаушы (жөндеуді орындаушы) немесе басқа орындаушы күшімен және қаражатымен орындалатын кеме жөндеуі;

2. Жөндеуді сыныптау және кезеңділігі

      8. Жөндеу түрлерін сыныптау:

      1) ағымдағы;

      2) орташа;

      3) күрделі.

      9. Ағымдағы жөндеу берілген шектерде жекелеген тез тозатын элементтерін ауыстырумен және (немесе) қалпына келтірумен кеменің техника-пайдалану сипаттамасын қалыпты ұстау үшін орындалатын жөндеу. Ағымдағы жөндеу кезінде кеме корпусының қаптамасы мен жиынтығын (кеме корпусының жалпы салмағынан 3% дейін көлемде) ішінара ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

      Ағымдағы жөндеуді навигация кезеңі арасында оны навигация басталғанға дейін аяқтаумен жүргізіледі.

      Ағымдағы жөндеудің кезеңділігі мен оны жүргізу кезіндегі жұмыс көлемін кеменің жай-күйіне байланысты кеме иесі анықтайды, ал сол жөндеулер орташа жөндеу аралықтарында жүргізіледі.

      10. Орташа жөндеу кеменің техника-пайдалану сипаттамаларын Кеме қатынасы тіркелемінің талап ететін мәндеріне дейін шектелген номенклатура элементтерін ауыстырумен және\немесе қалпына келтірумен орындалады.

      11. Әртүрлі типтегі кемелер үшін орташа жөндеу жүргізу кезеңділігі мен мақсаттары Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес (әдетте, кезекті куәландыру алдында 5 жылда 1 рет кезеңділігімен) белгіленеді.

      Кеме қатынасы тіркелімімен келісім бойынша орташа жөндеу жүргізу мерзімі белгілі бір мерзімге ауыстырылады.

      12. Күрделі жөндеу кеме элементтерін бөлу және ақаусыздау, олардың құрамдас бөліктерін ауыстыру немесе жөндеу, соның ішінде базалықты да, кеменің металл конструкцияларының жалпы салмағынан 20% дейін металды ауыстырумен, кеменің барлық элементтерін тексеру, оларды жинау, реттеу және сынау жолымен жүргізіледі. Күрделі жөндеу Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық байқауында жүргізіледі.

      13. Кемені күрделі жөндеудің кезеңділігі оның техникалық жай-күйімен анықталады және оның жасалғаннан кейін 12 – 16 жыл жұмысынан соң орындалады.

      14. Кемелердің жақсы жай-күйі кезінде күрделі жөндеуге қою мерзімі Кеме қатынасы тіркелімінің қатысуымен кеме иесінің арнайы техникалық комиссиясының қорытындысы бойынша кейінге шегеріледі.

      Негізінен күрделі жөндеу кеме жөндеу зауытының күшімен және құралдарымен жүргізіледі, әрі осындай жөндеу құны біркелкі сипаттамаларымен жаңа кеме жасау құнынан 40 пайызынан аспайды.

      15. Күрделі жөндеу кезінде машиналар мен механизмдердің барлық тозған бөлшектерін өз ресурсын атқарған жабдықтар ауыстырылады, сондай-ақ металл конструкцияларын ауыстырумен кеме корпусының беріктігі қалпына келтіріледі.

      16. Орташа және күрделі жөндеу кезінде корпустың су асты бөлігін тексеріп қарайды және жөндейді, ол үшін кемені жағалауға (слип) көтереді немесе докка енгізеді.

      17. Кемені уақтылы слиптеуді ұйымдастыруды кеме иесі жүргізеді.

      18. Кемені тазалау, зәр-нәжістерді, слан асты суларды, бункерден отынды ағызу, бункерді газсыздандыру бойынша жұмыстар кемені слипке қоюға дейін 5 тәулік ішінде ұйымдастырылады және орындалады.

      19. Кезекті куәландыру мерзімі жақындаған жағдайда кемелерді слипке жоспардан тыс көтеру кезінде (бірақ бір жылдан артық емес) кеме иесі корпустың су асты бөлігін ақаулауды жүргізеді және кезекті куәландыру үшін Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынады.

      20. Кеменің қызмет мерзімі өткен соң жоспарлы-алдын ала жөндеу жүйесінен тыс одан әрі пайдалану және жөндеудің орындылығын кеме иесі техника-экономикалық есептер негізінде бағалайды.

      21. Жаңғырту мен қайта жабдықтауды Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық қадағалауымен жүргізіледі және жөндеу кестесінде белгіленген мерзімге ұштастырылады.

      22. Басқа жоспардан тыс жөндеу навигация кезінде ақаулықтарды, өндірістік (технологиялық) сынулар мен тозуларды, жасырын ақаулықтарды, сондай-ақ жоғарыда айтылмаған жоспардан тыс жөндеудің басқа түрлерін қамтиды.

3. Кемелерді жөндеуді жоспарлау

      23. Кемелерді жөндеуді жоспарлауға флотты жөндеу бойынша жұмыстардың болжамды көлемін негізге ала отырып, кеме жөндеудің жылдық жоспарын әзірлеу кіреді.

      24. Кеме жөндеудің жылдық жоспарын кеме иесі мыналарды ескере отырып әзірлейді:

      1) кеме қатынасы тіркелімінің кемелерді кезектегі куәландыруларды жүргізудің жоспарлы мерзімдерін;

      2) кеме иесі бекіткен кемелердің ЖАЖ жүйесінің кестесін;

      3) алдағы жылдарға ЖАЖ кестесін нақты орындау;

      4) флоттың құрамы және техникалық жай-күйі, оның толықтырылуы және азаюы;

      5) қолданыстағы кемелердің және флотты толықтыруға белгіленген кемелердің техникалық жарақтануын;

      25. Кемелерді жөндеуге қою кестелерін кеме иесі кемені жөндеуге қойғанға дейін әзірлейді және бекітеді.

      26. Навигациялық кезеңде нөлдік кезең жұмыстары және кемелерді жоспарлы слиптеу жоспарланады.

5. Кеме жөндеуге шарттар

      27. Кемелерді жөндеуге шарттар кеме иесі мен жөндеуді орындаушының арасында бекітілген жөндеу тізімдемелер негізінде жасалады.

      28. Жөндеудің басталу және аяқталу мерзімі кеме жөндеуші жасаған, кеме иесі басшылығы бекіткен кестелермен анықталады.

6. Кемелерді жөндеуге дайындау
§ 1. Кемелерді жөндеуге қойғанға дейін оларды жөндеуге дайындау.

      29. Кемелерді жөндеуге тікелей дайындауды кеме иесі жүргізеді. Келісім бойынша дайындық жұмыстарының бөлігі жөндеуді орындаушының күшімен және құралдарымен орындалуы мүмкін және кемелерді жөндеу жөніндегі жұмыстардың жалпы құнына қызметтер түрі ретінде кіргізілуі мүмкін.

      30. Кеме иесі кемені жөндеуге қою алдында кеменi "Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекiтiлген Өрт қауiпсiздiгi қағидаларының (бұдан әрi – Өрт қауiпсiздiгi қағидалары) талаптарына сәйкес дәнекерлеу және басқада от қауiпi бар жұмыстарды жүргiзудiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жай-күйге келтiредi.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Кемені жөндеуге дайындаған кезде кеме иелері мынадай жұмыстарды орындайды:

      1) жөндеу жұмыстары болатын орындарда трюмдерді, пиктерді, еден аралық бөліктерді, цистерналарды, отын танктарын және май цистерналарын жүк, отын, май, қоқыстан тазалау;

      2) басын ашу, газсыздандыру, отын және жүк танктарын газ-ауа қоспасының құрамын өлшеп, буландыру және желдету, төсемдері және машина және қазандық үй-жайлар плиталарына жинақты тазарту;

      3) жөндеу үй-жайлардан жөндеу жұмыстарын орындауға кедергі жасайтын мүкәммалды, мүлікті, сондай-ақ пиротехникалық құралдарды, бояу және басқа да тез тұтанғыш материалдарды шығару.

      32. Докқа қояр алдында корпус бойынша отпен жұмыс жүргізу үшін сыйымдықтардағы және үй-жайлардағы, корпуспен жанасатын барлық өрт қауіпі бар жүктер шығарылады.

      Бұл ретте олардағы газ-ауа қоспасының қауіпсіз құрамын қамтамасыз ету бойынша барлық іс-шаралар орындалады:

      1) бу қазандықтары бойынша:

      су мен буды жіберу, от кеңістігі жағынан тазарту, қаланған кірпішті және қазандықтың отығын алып тастау (қажет болған жағдайда);

      от жағу құрылғысын, түтін құбырларын, экономайзерлерді, мұржаларды, от камераларын күйеден және кірден үрлеу, тазалау;

      қазандық бөшкесінің және түтін күйік құбырының аузын ашу және тазалау;

      2) басты қозғалтқыш, қосалқы және кәсіптік механизмдері бойынша;

      суды, майды, отынды шығару, механизмдер мен құбырлардың сыртын тазалау және сүрту;

      қозғалтқыштар мен механизмдердің картерлерін тазалау;

      3) кеме жүйелері мен құбырлар бойынша – суды, майды, отынды және газ түріндегі ортаны жою.

      33. Кемелерді жөндеуге қоюға дейінгі жұмысты ұйымдастыру және өндірісті дайындау мыналарды қамтиды:

      1) кемені пайдалану кезінде кеме иесінің жоспарлы жөндеу жұмыстарының құрамы мен көлемін, кеме конструкциясы мен жабдығының элементтерін бағалауы;

      2) кеме иесінің кемені жаңғыртуға (қайта жабдықтауға) жөндеу тізімдемелері мен техникалық құжаттамаларын жасауы, оларды Кеме қатынасы тіркелімімен келісуі және осы құжаттарды жөндеуді орындаушыға беруі;

      3) жөндеу құжаттамаларын әзірлеу;

      34. Нөлдік кезең деп кемелерді жөндеуді орындаушы кемені жөндеуге қойғанға дейін навигация кезеңінде орындайтын жұмыстар кешені ұғынылады, мыналар кіреді:

      1) айырбастау қорының бөлшектерін, буындарын және механизмдерін сатып алу;

      2) айырбастау қорының буындарын, механизмдері мен жабдықтарын жөндеу;

      3) тапсырыс берушімен бірыңғай жөндеу тізімдемесі немесе дара жөндеу тізімдемесі негізінде келіскен номенклатура бойынша бөлшектерді, буындарды, бұйымдар мен конструкцияларды дайындау;

      4) құйманы, соғылма және басқа жартылай фабрикаттарды, жөндеу құжаттамасының номенклатурасы бойынша қажетті заттарды өндіру

      5) қосалқы бөлшектерді дайындау;

      35. Кемелерді жаңғыртуға (қайта жабдықтауға) немесе қалпына келтіруге арналған техникалық құжаттаманы өтеусіз негізде кеме иесі әзірлейді немесе әзірлеуге бастамашылық етеді.

      36. Жаңғыртуға (қайта жабдықтауға) немесе қалпына келтіруге арналған техникалық тапсырма мен техникалық құжаттама бекітілуге ұсынылғанға дейін қадағалау ұйымдарымен және жөндеуді орындаушымен келісіледі.

§ 2. Кемені жөндеуге қою кезінде және одан кейін жөндеуге дайындау.

      37. Кемені жөндеудің тиісті түріне жөндеу жұмыстарының қажетті көлемін нақтылауды кеменің команда құрамы оны жөндеуге тапсыру кезеңінде пайдалану кезінде байқалған және куәландыру және жөндеу алдындағы ақаулау кезінде анықталған ақаулар мен жарамсыздықтарды ескере отырып, жүргізеді және жөндеу тізімдемесі мен кеме жөндеу жоспарларында көрсетіледі.

      38. Нақтыланған жұмыс көлемі жөндеу тізімдемесі мен флот жөндеу жоспарына өзгерістер мен толықтырылулар түрінде енгізіледі.

      39. Нақтыланған қажетті жөндеу көлемін анықтаған кезде қадағалау ұйымдарының талаптары мен қорытындылары ескеріледі.

      40. Жөндеу алды ақаулар:

      1) ағымдағы жөндеу алдында – кеменің командалық құрамы механиктер топтарымен (инженер-механик, механик-жетекші ) бірлесіп;

      2) орташа және қалпына келтіріп жөндеу алдында - құрамында капитан-механик немесе капитан (командирлер, шкиперлер) және механик, топтық механик (инженер-механик, механик-жетекші), Кеме қатынасы тіркелімінің өкілі бар комиссия жүзеге асырылады.

      41. Ақаулау қазіргі заманғы дефектоскоп әдістерін, жасаушы зауыттың ұсыныстары мен нұсқауларына және жөндеуге арналған техникалық шарттарға сәйкес арнайы бақылау өлшеу құралдарын, өлшеу аспаптарын қолдану арқылы орындалады.

      42. Бақылау ұйымдарының қадағалауындағы кеме корпусының элементтері, механизмдер, құрылғылар, электр жабдықтары бойынша оларды куәландыру және ақаулау кезінде осы ұйымдардың талаптары ескеріледі.

      43. Орташа және қалпына келтіріп жөндеу алдында жөндеу алды ақаулау кезінде кеменің механизмдерін, жабдығын, құрылғылары мен конструкцияларын бөлшектеу кеме корпусының жекелеген бөлшектерін қажетті өлшеуді және барлық элементтерін ақаулаудың орындалуын қамтамасыз ету көлемінде жүргізіледі.

      44. Ағымдағы жөндеу алдында кеменің механизмдерін, жабдығын және құрылғыларын бөлшектеу жөндеу тізімдемесі бойынша жұмыстарды орындауды және пайдалану кезінде анықталған ақауларды жоюды қамтамасыз ету көлемінде жүргізіледі.

      45. Мамандандырылған өндіріс жағдайында жөндеуге жататын басты және қосалқы қозғалтқыштар, машиналар, механизмдер және құрылғылар кемеде бөлшектеуге және ақаулауға түспейді, салынған механизмдерімен және аспаптарымен немесе жинақталымда жөндеуді орындаушымен келісілген жөндеуге жіберіледі.

      46. Қосымша ақаулық тізімдемесі тексеріледі, калькуляциялауға жіберіледі кеме иесі өкілі түрінде бекітіледі.

      47. Куәландыру мен жөндеу алды ақаулау нәтижелері бойынша жұмыс көлемін нақтылаудан кейін кеме жөндеудің есепті құны негізі және қосымша тізімдемелер шығындары сомасында орындалады.

6. Кемені жөндеуге қою, жөндеу жүргізу және жөндеуден
қабылдап алу

      48. Кемелерді жөндеуге қою кеме иесі бекіткен немесе кеме жөндеу шарты талаптарымен ескерілген кеме жөндеу жоспарында белгіленген пункттерде және мерзімдерде жүргізіледі.

      49. Қысқы жөндеуге қою кезінде кеме осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген мерзімде қыстық жай-күйге келтіріледі.

      50. Кемелер бекітілген ретімен орналастыру схемасына сәйкес өртке қарсы қашықтықты және түбінде өртке қарсы су қорын сақтаумен жөндеуге қойылады.

      51. Кемелерді жүк қалдықтарынан тазартуды кеме иесі соңғы түсіру. пунктінде жүргізеді.

      52. Құйып таситын кемелердің отын сыйымдылықтары мен бөліктерін жуу мен газсыздандыруды кеме иесі немесе жөндеуді орындаушы уағдаластық бойынша орындайды.

      53. Құрғақ жүк кемелерін, сондай-ақ зәр-нәжіс жүйесін жүк қалдықтарынан тазарту құйып таситын кемелерді жуу және газсыздандыру, слан асты суларды беру кемені қыстық жағдайға келтіруге жатпайды және кемені жөндеуге қоюға дейін жүргізіледі.

7. Кемелерді жөндеуге беру және кемелерді жөндеу уақытында күтіп ұстау

      54. Кемелерді қыстық жағдайға келтіргеннен кейін жөндеуді орындаушының өкілі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес акті рәсімдеумен жөндеуге қабылдайды.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Кемені жөндеуге қабылдау актісіне қол қойылған сәттен бастап кеменің қауіпсіздігін және оның барлық бөліктерінің сақталуын жөндеуді орындаушы қамтамасыз етеді.

8. Кемелерді жөндеуді жүргізу және жұмыстарды қабылдау
§ 1 Кеме бойынша жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру

      56. Кемелерді жөндеуді орындаушы жобалық техникалық және жөндеу құжаттамасын пайдаланумен немесе шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      57. Жөндеу жұмыстары барысын бақылау бойынша тағайындалған адамдар, кеме иесінің өкілдері:

      1) жөндеу тізімдемесіне, жобаға, техникалық шарттарға сәйкес жұмыс көлемінің орындалуы мен сапасын бақылайды;

      2) жөндеуге арналған техникалық шарттарда немесе басқа нормативтік құжаттарда көзделген кеменің бөлшектерін, буындарын, конструкцияларын және механизмдерін сынауларға және қабылдауға қатысады;

      3) кемені қысқы жағдайларда техникалық және пайдалану дайындығына қабылдауға қатысады.

      58. Механизмдер мен жабдықтардың сапасын операциялық және қабылдау бақылауын, бөлшектер мен буындарын дайындауды жөндеуді орындаушы кеме иесінің өкілін тарту арқылы ұйымдастырады, бұл ретте сынаулардың актілері мен хаттамаларын рәсімдейді, оған материалдарға сертификаттар, паспорттар немесе механизмдерге, жабдық пен бұйымдарға формулярлар қоса беріледі.

      59. Тіркелімнің қадағалау объектілері номенклатурасы бойынша механизмдер, жабдықтар және бөлшектер куәландыру үшін инспекцияның нұсқаушысына ұсынылады.

      60. Мамандандырылған цехтарда жөнделген механизмдер және жабдықтар бойынша сынаулар нәтижелері, техникалық параметрлер, сондай-ақ орындалған жөндеудің сипаты мен көлемі сынау хаттамаларында, паспорттарда немесе формулярларда көрсетіледі.

§ 2 Жөндеуден кейін жұмыстарды қабылдау тәртібі

      61. Ағымдағы және орташа жөндеуді орындағаннан кейін, кемелерді түпкілікті пайдалануға қабылдаумен қатар мыналарды қысқы жағдайларда алдын ала қабылдау көзделеді:

      1) барлық типті кемелерді – техникалық дайындыққа;

      2) энергиялық қондырғыларсыз өздігінен жүрмейтін кемелер және көктемгі жұмыстарсыз - пайдалану дайындығына.

      62. Навигация аралық кезеңде кемелерді техникалық дайындыққа (корпустың және акваторийдегі кемелердің қозғаушы-рульдік кешенінің зақымдануын жою жұмыстарынан басқа) тапсыру үшін қажетті жұмыстар және пайдалану дайындығына тапсыру үшін көктемгі кезеңдегі жөндеу жұмыстары орындалады.

      63. Кемелерді техникалық дайындыққа қабылдау барлық жөндеу жұмыстары мен жаңғырту аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Қысқы кезеңде климаттық жағдайларға байланысты (көктемгі жұмыстар) орындалуы мүмкін емес жұмыстар ерекше болып табылады.

      64. Қысқы жағдайларда өздігінен жүрмейтін кемелерді пайдалану дайындығына қабылдау жұмыстарды орындау жағдайы және оларды мүкәммалмен, такелажбен, қосалқы бөлшектермен және навигациялық жабдықтаумен жинақтаған кезінде жүргізіледі.

      65. Қысқы жағдайларда пайдалану дайындығына қабылдануға жататын өздігінен жүрмейтін кемелер тізімдері мен қабылдау кестелерін кеме иесі жасайды.

      66. Кемені жөндеуді аяқтау және техникалық дайындыққа тапсыру мерзімдері жөндеуді орындаушы әзірлейтін, кеме иесі бекітетін кеме (кемелер) жөндеу кестесінің бағанында көрсетіледі.

      67. Кемелерді техникалық және пайдалану дайындығына қабылдауды тапсыру және қабылдау комиссиялары жүргізеді, оларды кеме иесі тағайындайды және осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша акті ресімделеді.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Жекелеген жөндеу жұмыстарын және жөндеуден кемені тұтастай қабылдауды жөндеуді орындаушы әзірлеген, кеме иесімен және Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген міндетті аралық қабылдау тізбесіне және қабылдау-тапсыру сынақтары бағдарламасына сәйкес жөндеуді орындаушы, кеме иесі өкілдері, Кеме қатынасы тіркелімі және басқа қадағалау органдары жүзеге асырады.

      69. Орындалған жөндеу жұмыстарын қабылдауды кеме иесі мынадай екі кезеңде жүргізеді:

      1) алдын ала – кеменің жекелеген бөлшектерін және жинау бірліктерін, элементтерін жөндеуді аяқтауға қарай жөндеу процесінде кезең-кезеңмен;

      2) түпкілікті – кемені (бекітілетін, жүрістік) қабылдау-тапсыру сынақтары немесе бақылаулық шығу процесінде.

      70. Жөнделген элементтерді оларды кеме иесіне ұсынғанға дейін техникалық құжаттамаға сәйкес жөндеуді орындаушы қабылдайды. Жөнделген элементтерге (бөлшектерге) паспорттар мен материалдарға сертификаттар кеме иесіне беріледі.

      71. Белгілі техникалық ерекшеліктері бар (техникалық қабылдаудың ұзақтығы, шекті жүктемелермен сынау, қазандардың булы сынамалары) жекелеген техникалық құралдарды қабылдауды кеме иесінің өкілімен және Кеме қатынасы тіркелімімен бір уақытта жөндеуді орындаушы жүргізуге рұқсат етіледі.

      72. Кеме иесі жекелеген жұмыстарға тапсырылған кеме қатынасы тіркелімінің қадағалауындағы кеме элементтері жөндеуден кейін жөндеуді орындаушы мен кеме иесіне жөндеуді орындаушы орындауға қабылдаған көлемде ұсынылады. Кеме қатынасы тіркеліміне осы элементтерді ұсынуды кеме иесі жүзеге асырады. Бұл ретте жөндеуді орындаушы кеме иесіне көмек көрсетеді және Кеме қатынасы тіркелімі жөндеуді орындаушы атқарған жұмыстар бойынша ескертулерді жояды.

      73. Кемені жөндеуден қабылдауды комиссия жүргізеді, оған кеме иесінің мамандарынан басқа жөндеуді орындаушының өкілі кіреді. Сынаулар жүргізу және кемені жөндеуден қабылдау бойынша комиссияның төрағасы болып кеме иесінің өкілі тағайындалады.

      74. Кемені сынау әдетте, екі кезеңде жүргізіледі: бекіту сынағы және жүріс сынағы.

      75. Кемелерді отынмен, маймен және сынауды жүргізуге қажетті барлық материалдармен жабдықтау кеме иесіне жүктеледі және олар жөндеуді орындаушы әзірлеген жөндеу жоспарында белгіленген мерзімде жүзеге асырады.

      76. Кеме иесі кемені бекіту немесе жүріс сынауы үшін қажетті кеме экипажын жинақтайды.

      77. Бекіту немесе жүріс сынауы нәтижесінде кеменің жөнделген элементтерінен табылған ақаулар жөндеуді орындаушының күшімен жойылады. Жөндеуді орындаушы жөндеуі жөндеу тізімдемелері мен және жұмыс көлемін нақтылау хаттамасымен көзделмеген кеме элементтерінде сынау кезінде табылған ақаулықтар мен ақаулар үшін жауапты болмайды. Осындай ақаулықтарды немесе ақауды жою кеме иесіне қысқа технологиялық мүмкін мерзімге жүктеледі.

      78. Бекіту немесе жүріс сынауы аяқталған соң тиісті акті жасалады, онда анықталған ақаулар және жөндеуді атқарушы жөндеген кеме элементтері бойынша қажет ревизиялар тізбесі келтіріледі. Іс-қимылда қайталап тексеру ақаулар анықталған немесе ревизия жасалған элементтер бойынша ғана жүргізіледі.

      79. Қабылдауға шақыруды және жөндеуді орындаушының жекелеген жөнделген кеме элементтерін Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынуды жөндеуді орындаушы жүзеге асырады.

      80. Кемені жөндеуден кейін тұтастай Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынуды кеме иесі жүзеге асырады. Бұл ретте жөндеуді орындаушы кеме иесіне жәрдемдеседі және жөндеуші орындаған жұмыстар бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің ескертулерін жояды.

      81. Кемені тұтастай техникалық қабылдауды аяқтағаннан кейін жөндеуді орындаушы кеме иесіне түзетілген пайдалану құжаттамасын береді.

      82. Орташа жөндеуден кейін кемені қабылдауды кеме иесі тағайындаған комиссия жүзеге асырады, тапсыруды жөндеуді орындаушы тағайындаған комиссия жүргізеді.

      83. Кемені техникалық және пайдалану дайындығына қабылдау кезінде комиссия құрамына жөндеуге жауапты және жөндеуді орындаушының осы кемесін жөндеуін бақылайтын адамдар кіреді.

9. Сынау және кемені жөндеуден пайдалануға қабылдау

      84. Кемені жөндеуден пайдалануға қабылдау кеме иесі бекіткен кестеде белгіленген мерзімде жүргізіледі. Кестені жөндеуді орындаушыға кемелерді пайдалануға беру басталуының жоспарлы мерзіміне дейін бір айдан кешіктірмей береді.

      85. Кеме экипажы капитанның (командирдің, шкипердің) басшылығымен жөндеуді орындаушы бірлесіп, кемені пайдалануға дайындауды жүзеге асырады.

      86. Өздігінен жүретін кемелерді пайдалануға қабылдау жөнделген механизмдерді, жабдықтарды, құрылғыларды тексеру мен сынауды және кемені жөндеуден қабылдауды қамтитын қабылдау-тапсыру сынауларын жүргізуді көздейді. Қабылдау-тапсыру сынауларымен бір уақытта кеменің пайдалануға дайындығы және оның қажетті мүкәммалмен, қосалқы бөлшектермен, навигациялық жабдықтаумен қамтамасыз етілуі тексеріледі.

      87. Қабылдау-тапсыру сынаулары мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1)егер өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілмесе;

      2) сынауды одан әрі жүргізуге кедергі болатын немесе қызмет көрсететін персоналдың қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақаулықтарды немесе ақауды анықтау;

      3) сыну немесе авариялар;

      4) параметрлердің рұқсат етілетін мәндерден ауытқуы;

      88. Тоқтатылған режимде сынауларды қайталау немесе жалғастыру туралы шешімді әрбір жеке жағдайда қабылдау комиссиясының төрағасы немесе тапсырыс берушінің өкілі Тіркелім инспекциясының өкілімін келісімі бойынша қондырғының қалыпты жұмысын бұзуды туындатқан себептерге байланысты қабылдайды.

      89. Кемені орташа, қалпына келтіру жөндеуіне пайдалануға қабылдау кезінде бекіту және жүріс жұмыстары жүргізіледі.

      90. Ағымдағы жөндеуден кейін немесе жөндеусіз қысқы тұрақта тұрудан кейін бекіту және жүріс сынаулары жүргізілмейді, ал комиссияның қалауы бойынша кемелердің жарамды екенін және жұмысқа қабілеттілігін тексеруді қамтамасыз ететін режимдерде кеменің барлық элементтері мен механизмдерін қысқа мерзімді сынау жүргізеді.

      91. Бекіту сынаулары кезінде кеменің техникалық жай-күйі, орындалған жөндеудің сапасы тексеріледі, сондай-ақ кемені жүрістік тапсыру сынауларына шығу қауіпсіздігі белгіленеді.

      92. Бекіту сынауларын өткізуге комиссия кемені тексеріп қарағаннан және жөндеуді орындаушыдан барлық жұмысты, механизмдерді және кемені тұтастай қабылдауды растайтын жөндеу бойынша құжаттамаларды тексергеннен кейін рұқсат етеді. Кәсіпорын қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

      1) кеменің барлық элементтері бойынша жөндеу тізімдемелері;

      2) жаңғырту іс-шаралары және жөндеу бойынша техникалық құжаттама мен сызбалар;

      3) жөндеу кезінде пайдаланылған материалдарға, бұйымдарға сертификаттар немесе оларды сынау актілері;

      4) жаңа орнатылған механизмдер мен жабдықтарға техникалық құжаттама және оларды күтіп ұстау бойынша нұсқау;

      5) Кеме қатынасы тіркелімі өкілімен механизмдерді, құрылғыларды және бөлшектерді аралық бақылау актісі;

      6) жұмысты аралық қабылдау журналы мен актісі;

      7) контрагенттер орындаған жабдықтарды, бұйымдарды және жұмыстарды сынау және қабылдау актісі.

      93. Жүріс режимін сынау үшін қажет емес механизмдер, жабдық, құрылғы, жүйелер, электр жабдығы, байланыс және электррадионавигация құралдары кемені бекіту сынауында толық сынақталады.

      94. Қабылдау комиссиясының қалауы бойынша жекелеген механизмдерді, құрылғыларды және жабдықтарды сынау жүріс сынаулары кезінде жүргізіледі.

      95. Басты қозғалтқышты сынау кезінде бір уақытта резервтік және авариялықты қоса, оларға қызмет көрсететін барлық механизмдер мен жүйелер сынаудан өтеді.

      96. Энергиялық қондырғыларды бекіту сынаулары процесінде мыналар тексеріледі:

      1) әр түрлі пайдалану режимдерінде механизм жұмысы;

      2) реверстер мен іске қосулар;

      3) реттеуіштер мен автоматты құрылғылар.

      97. Жөндеуден кейін басты қозғалтқыштарды бекіту сынауларының ұзақтығы мен режимдері осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген талаптар бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      98. Дизельге қызмет көрсететін қабылдануы кеменің жүріс сынауларына шығуымен байланысы қосымша механизмдер, жүйелер мен құрылғылар бекіту сынауларына дейін немесе одан кейін қабылданады. Жүріс сынауларында жұмыс істеген кезеңде оларға тікелей мақсатта жалпы бақылау жүргізіледі.

      99. Жүріс сынаулары бекіту сынаулары кезінде анықталған ақаулар мен ескертулер жойылғаннан кейін және сынаулардың техникалық құжаттамалары (өлшеу кестелері, сынаулар хаттамалары (актілері), бекіту куәліктері, формулярлар). Рәсімделгеннен кейін жүргізіледі. Жүріс сынаулары мыналарды тексеру үшін жүргізіледі:

      1) әр түрлі пайдалану режимдерінде дизель қондырғысының жұмысы;

      2) дизель қондырғысы жұмысының негізгі көрсеткіштері және техникалық құжаттамада бекітілген талаптарға сәйкестігі;

      3) қозғалтқыш қондырғысының реверсивтік қасиеті;

      4) рульдік басқарудың сенімділігі;

      5) кеме экипажы мүшелерінің еңбек жағдайы.

      100. Егер жөндеу кезінде кеме маневрлігіне әсер ететін корпус, механизмдер, құрылғылар сипаттамасы өзгерсе, онда жүріс сынаулары кезінде техникалық сипаттамаларды анықтау үшін қажетті көлемде оларды анықтау жүргізіледі.

      101. Кемені жүрістік сынаулар кезінде баста қозғалтқыш жұмысының ұзақтығы мен режимі осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген талаптар бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      102. Бекіту және жүріс қабылдауын талап етпейтін кеме элементтері жөндеу процесінде түбегейлі қабылданады, одан кейін оның сақталуын кеме иесі қамтамасыз етеді.

      103. Топтық кемені реконструкциялау немесе жабдықтар мен құрылғылардың тәжірибелік үлгілерімен жарақтау кезінде басты кемені қабылдауды кеме иесі-кәсіпорын тағайындаған комиссия Тіркелім инспекциясын енгізумен жүргізеді. Қабылдау кезінде келісілген бағдарлама бойынша жүргізілген реконструкцияның тиімділігін белгілеу және оны топқа енгізу үшін ұсынымдар жасау үшін қажетті көлемде сынау жүргізеді.

      104. Кемені пайдалануға тапсыру және кемелерді уақтылы ұсыну жөндеуді орындаушыға жүктеледі.

      105. Кемені пайдалануға қабылдау процесінде анықталған ақауларды жөндеуді орындаушы ең аз техникалық мерзімде жоюы тиіс.

      106. Сынаулар процесінде ақаулықтар мен ақаулар анықталған кезінде тоқтатылған сынаулар режимі қайталанады.

      107. Комиссия белгілеген ақауларды тексеру мен жою аяқталған соң қайталап тексеру мен сынаулар жүргізіледі және олардың қанағаттанарлық нәтижелері кезінде кемені жөндеуден түпкілікті қабылдау актісін орындалған жұмыстар сапасын бағалауды осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген нысан бойынша көрсете отырып жасалады.

      Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      108. Қабылдау-тапсыру актісіне қол қою сәтіне жөндеуді орындаушы кеме экипажына кемелік құжаттарды және жөндеу бойынша есеп құжаттамаларын кеме паспортына және механизмдер формулярларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге береді.

11. Кемені техникалық дайындыққа тапсырғаннан кейін (көктемгі жұмыстар) орындауға рұқсат етілетін жөндеу жұмыстарының құрамы

      109. Кеме бойынша жалпы жұмыстар:

      1) слипте (докта) қыста жөнделген кемені суға түсіру;

      2)қозғалтқыштарды, құрылғылардың, жүйелердің, электржабдықтарының механизмдерін, байланыс пен электрнавигация құралдарын реттеу және сынау.

      3) кемені бекітуде және жүрісте сынау.

      110. Оқшаулау жұмыстары:

      1) жөндеу немесе қоймада сақтау үшін кемеден алынатын барлық механизмдер, жабдық, аппаратура, аспаптар және жиһаз кемені техникалық дайындыққа тапсырғанға дейін жинақталуы, жөнделуі, сыналуы және сырлануы тиіс;

      2) мұзды қозғалтқыш-рульдік кешеннен кетіру үшін қажет болған кезде өздігінен жүретін кемені көтеруді жүзеге асыру;

      111. Корпус және қондырма бойынша жұмыстар:

      1) гидравликалық сынаулар жүргізгеннен кейін кеме бөліктерінің сыртқы және ішкі сырлау;

      2) корпус бөліктерін су құюмен гидравликалық сынау;

      3) слиптегі кеме корпусының су асты бөлігін тазарту және сырлау;

      4) егер су асты бөлігі сырланған болса, борт пен қондырманың су асты бөлігін тазалау және сырлау, кемедегі шартты және айырма белгілерді жазу және таңбалап түсіруді орындау;

      5) палубаны мастикамен жабу, қаптау плиталарын салу, цементтеу жұмыстары;

      6) кеме үй-жайларын, машина бөлімшесін және және оның жабдығын жуу және сырлау;

      7) безендендіру жамылғыларын салу;

      8) қысқы кезеңде кемеден алынған жиһазды кемеге жеткізу және орнату;

      9) линолеумды, линкустрді және оларды алмастыратындарды желімдеу;

      10) су асты қанаты бар және глиссирлейтін кемені сырлау.

      112. Дизельдік жұмыстар.

      1) дизельді жөндеуден кейін консервациядан алу;

      2) бақылау-өлшеу аспаптарын орнату,

      3) дизельді және оның барлық жүйесін іске қосуға дайындау;

      113. Кеме механизмдері және құрылғылар бойынша жұмыстар, қазандықтар.

      1) бақылау-өлшеу аспаптарын және аппаратуларды орнату,

      2) гидравликалық сынаулар;

      3) механизмдер мен құрылғыларды бояу;

      4) люктердің жабылуын сынау;

      5) қазандықтардың футерлеуін және қаланымын қалау.

      114. Білікөткізгіштер және қозғағыштармен жұмыстар.

      1) слипте тұрған кемелердің біліктік желілерін түпкілікті тексеру;

      2) мұзды жағдайда басты қозғалтқышты ауыстыру жағдайында біліктік желіні жүзуде тексеру.

      115. Жүйелер мен құбырлармен жұмыстар.

      1) жинақтауда жүйелерді гидравликалық сынау;

      2) кингстондарды, шарбақтық жәшіктер мен арматураларды сырлау;

      3) құбырларды, цистерналар мен арматураларды сырлау;

      4) танкілердің мұнай жылытқышын жөндеу және сынау;

      5) рефрижераторлық қондырғыны хладагентпен толтыру;

      6) танктердің газтартқыш жүйелерін жөндеу және сынау.

      116. Электр жабдығы, байланыс пен электррадионавигация құралдары бойынша жұмыстар.

      1) жылытылатын үй-жайда сақтау үшін аппаратураның блоктарын, электрвакуум аспаптарын орнату;

      2) жинауда жабдықтарды, аппаратураларды және аспаптарды реттеу және сынау;

      3) аккумуляторларды зарядтау және орнату;

      4) кемеде қалған электр желісін және жабдықтарды кептіру және оқшаулауды қалыпты жағдайға жеткізу;

      5) электр жабдықтарын сырлау.

      117. Техникалық флоттың арнайы жабдықтарымен жұмыстар.

      1) қарпу шынжырын іліп қою және реттеу;

      2) жүзбелі топырақ тасымалдағыштарды (шар қосындыларының салниктерін тотыруды қоса) жинау;

      3) жебелер мен шығырларды троспен жарақтандыру.

  Кемені жөндеу қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Кемелерді қысқы жай-күйге келтіру мерзімдері

Кемені техникалық сипаттамасы

Мерзімдері тәулікпен

Кәсіптерді қатар атқарумен жұмыс кезінде

Кәсіптерді қатар атқарусыз жұмыс кезінде

1

Қуаты кВт (а.к) сүйрегіш және қызметтік-қосымша кемелер


60-221 (80-300)

4

3


221-515(300-700)

5

4


515 (700) астам

6

5

2

Ішкі жүзу әмбебап мақсаттағы құрғақ жүк теплоходы жүк көтергіштігі т


200 дейін

3

-


200-500

4

-


500астам

6

4

3

Құйма теплоходтар жүк көтергіштігі


200 дейін

4

-


200-500

5

4


500 астам

8

7

4

Аралас жүзу жүк теплоходтары

8

6

5

Жолаушылар кемелері:



5.1

Су ығыстырғыш, қуаты,


60-221 (80-300)

4

3


221-442 (300-600)

6

5


442 (600) астам

-

6

5.2

Су асты қанатарымен, әуе жастығымен және глиссирлейтіндер, кВт (а.к.)




735 (1000) дейін

4

3


735 (1000) астам

5

4

6

Құрғақ жүкті баржалар жүк көтергіштігі т


1000 дейін

-

2


1000 астам

-

3

7

Құйма баржалар жүк көтергіштігі т


1000 дейін

-

2


1000 астам

-

3

8

Дебаркадер, брандвахттар, понтондар


50 дейін

-

3


50 астам

-

4

9

Жер сорғыш, жер қарпығыш машиналар өнімділігімен куб.м/сағ


400 дейін

5

4


400 астам

6

5

10

Су асты қанатарымен, әуе жастығымен және глиссирлейтіндер, кВт (а.к.)


10 дейін

3

2


10 астам

4

3

11

Жүзбелі мұнай станциялары, м


25 дейін

-

3


25 астам

-

4

12

Бункерлеу базалары жүк көтергіштігімен, 1000 т дейін

5

5

13

Мотозавоз

-

2

  Кемені жөндеу қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Кемені жөндеуге қабылдау актісі

      20 ___ ж. "____" _________

      _____________________________

      (елді мекеннің атауы)

      кеме:

      _____________________________________________________________________

      (жоба нөмірі, кеме типі және атауы)

      Кеме иесі:

      _____________________________________________________________________

      (кәсіпорын, ұйым атауы, жеке тұлғаның аты-жөні)

      Жөндеуді орындаушы:

      _____________________________________________________________________

      (кәсіпорын, ұйым атауы, жеке тұлғаның аты-жөні)

      Жөндеу пункті:

      _____________________________________________________________________

      (елді мекен атауы)

      Біз, төменде қол қойғандар:

      капитан (командир, шкипер) _____________________________________________________________________

      (тегі және әкесінің аты)

      Кеме иесінің өкілі

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі және әкесінің аты)

      Жөндеуді орындаушының өкілі _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі және әкесінің аты)

      Қыстаумен байланысты кеменің жөндеуге дайындығын анықтау үшін жоғарыда көрсетілген кемені тексеріп қарауды жүргіздік

      _____________________________________________________________________

      (қыстау орнын және қыстау жағдайын: жүзуде, слипте)

      Бұл ретте Ереже талаптарына сәйкес кеме қыстау жағдайына келтірілгені айқындалды:

      1. Борттан тыс саңылаулар тығыздалған

      ______________________________________________________________

      (тығыздау тәсілі)

      2. Отын және май цистерналары тазартылған

      ______________________________________________________________

      (тазарту сипаты)

      3. Трюмдер (танктер мен мұнай құю баржалары үшін – жүк танктері) тазартылған _____________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (тазарту сипаты)

      4. Жөндеу жүргізу үшін техникалық құжаттамалар берілген:

Жөндеу немесе жұмыс түрлері

Құжат түрі

Беру күні





      5. Кеме мүкәммалы және жабдығы тізімдемеге сәйкес жөндеуді орындаушы кәсіпорынның қоймасына тапсырылды.

      67 Кемеде қалған кеме мүкәммалы үй-жайларға қойылды

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _______________________________________________ оларға пломба салынды

      (үй-жайлардың атауы)

      7. Ерекше ескертулер___________________________________________

      Жоғарыда айтылғандар негізінде кеме жөндеуге қабылданды деп есептеледі.

      осы Актіге қол қойылған сәттен бастап кеменің қауіпсіздігі мен күзетіне жауапкершілікте

      ____________________________________________________________________________________________________________________________________болады

      Кәсіпорын қоймасына қабылданған жабдықтар мен мүкәммалдардың тізімдемесі ______________ парақ.

      Кемені тапсырғандар:

      Капитан (командир, шкипер) __________________________

      (қолы)

      Кеме иесінің өкілі__________________________

      (қолы)

      Кемені қабылдағандар:

      Жөндеуді орындаушының өкілі ____________________(қолы)

  Кемені жөндеу қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

АКТ
Кемені техникалық дайындыққа қабылдау актісі (өздігімен жүрмейтін кемелер үшін – пайдалану дайындығына

      20 ___ ж. "____" _________

      _____________________________

      (елді мекеннің атауы)

      кеме:

      _____________________________________________________________________

      (жоба нөмірі, кеме типі және атауы)

      Кеме иесі:

      _____________________________________________________________________

      (кәсіпорын, ұйым атауы, жеке тұлғаның аты-жөні)

      Жөндеуді орындаушы:

      _____________________________________________________________________

      (кәсіпорын, ұйым атауы, жеке тұлғаның аты-жөні)

      Жөндеу пункті:

      _____________________________________________________________________

      (елді мекен атауы)

      комиссия мынадай құрамда:

      комиссия төрағасы: ____________________________________________

      (лауазымы, тегі және әкесінің аты)

      Комиссия мүшелері: "Кемені техникалық дайындыққа қабылдау жөніндегі комиссия туралы" 20___ж. "__"___________ № ______ бұйрықтың (өкімнің) негізінде іс-қимыл жасайтын _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________,

      (лауазымы, тегі және әкесінің аты)

      орындалған жұмыстың сапасы мен көлемін және _________________ (жөндеудің атауы) жөндеуден кейін кеменің қысқы жағдайға дайындығын тексеруді жүргізді.

      Орындалған жұмыстың сапасы___________________________________________

      (сапаны бағалау)

      Ерекше ескертулер ___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексеріп қарау нәтижелері негізінде комиссия кемені техникалық дайындыққа қабылданды деп есептейді.

      Комиссия төрағасы: ________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.а)

      Комиссия мүшелері: ________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.а.)

      ________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.а.)

      ________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.а.)

  Кемені жөндеу қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Кемені пайдалануға қабылдау актісі

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20 ___ ж. "____" _________

      _____________________________

      (елді мекеннің атауы)

      кеме: _____________________________________________________________________

      (жоба нөмірі, кеме типі және атауы, жөндеу пункті)

      Кеме иесі: _____________________________________________________________________

      (кәсіпорын, ұйым атауы, жеке тұлғаның аты-жөні)

      Жөндеуді орындаушы: _____________________________________________________________________

      (кәсіпорын, ұйым атауы, жеке тұлғаның аты-жөні)

      Жөндеу пункті:_______________________________________________________ (елді мекеннің атауы)

      Комиссия мынадай құрамда:

      Комиссия төрағасы_______________________________________________

      (лауазымы, тегі және әкесінің аты)

      Комиссия мүшелері:___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________,

      (лауазымы, тегі және әкесінің аты)

      Және жөндеуді орындаушыдан тапсыру комиссиясының мүшелері мынадай құрамда:

      _________________________________________________________________________________________________________________________________________,

      (лауазымы, тегі және әкесінің аты)

      Орындалған жөндеудің сапасы мен көлемін_____________________тексеруді жүргізді.

      (жөндеу түрі)

      1. Кемені жөндеудің сапасы мен техникалық жай-күйі элементтері бойынша:

Кеме элементтері

Жөндеу сапасын бағалау

Техникалық жай-күйін бағалау

жөндеуге дейін

Жөндеуден кейін

Корпус

а) палуба

б) қаптама

в) жиынтық

Кеме құрылғысы

а) рөлдік

б) зәкірлік

в) бекітпелік және сүйрету жүйесі

а)

б)

в)

қондырмалар





      2. Кемені жөндеу процесінде орындалған жұмыстар:

Жұмыс түрі

Құжаттама атауы

Құжаттаманы кім және қашан бекіткен








      3. Техникалық құжаттамадан ауытқулар тізбесі (М.2.1-нысаны)

      4. Кеменің негізгі элементтері бойынша жөндеу сапасы:

Кеме элементтері

Жөндеу сапасын бағалау

Ескертпе

Корпус

Қондырма

Кеме құрылғылары

Басты қозғалтқыш

ДАУ

Қосымша механизмдер

машина бөлімшесі

Палуба механизмі

Қозғағыштар

Кеме жүйелері

Электр жабдығы

Байланыс және

Электррадионавигации құралдары арнайы құрылғылар




      5. Кеме бойынша жалпы жөндеу сапасы

      ______________________________________________________

      (сапаны бағалау)

      6. ҚР ККМ басшылық құжаттарына, Кеме қатынасы тіркелімі ережелеріне, санитарлық ережелерге, кеме иесінің басшылық құжаттамаларына сәйкес бар болуы, жай-күйі және мерзімдері бойынша мынадай құжаттамалар, жабдықтар және үй-жайлар тексеруге жатады:

Атауы

Бар болуы, жай-күйі және мерзімдері, ескертулер

Кеме құжаттары және кеме қатынасы тіркелімінің құжаттары

Механизмдердің, жүйелердің, байланыс және электр радионавигация аппаратураларының, штурмандық аспаптардың техникалық формулярлары мен паспорттары

Техникалық және жалпы кемелік құжаттама және іс жүргізу

Штурмандық құжаттама, поправки штурмандық және электр радионавигациялық аспаптарды тексеру

Таблицалы сигнал шығару, маневрлік элементтердің және магнит компастердің девиациясы және радиопеленгаторлар кестесі

Навигациялық карта мен оқу құралы, оларды түзету Меңгерім бойынша және дабыл бойынша кеме кесте, жеке карточкалар, дабылдар атқарымы, жеке карточкалар, іс-қимылдар атқарымы

Штатпен жинақталуы, дипломдар, куәліктер

Палубалық және су өткіш аралықтарда трюмдерді, люктерді, лаздарды, сондай-ақ есіктерді, иллюминаторлар мен басқа саңылауларды жабу

Сырлау және таңбалау жабдық пен жарақтарды есептен шығару

Жалпы кемелік жарақтау және механизмдерге, жүйелерге, байланыс және электр радионавигация аппаратураларын ЗИП

Үй-жайлар:

қызметтік

тұрмыстық

тұрғын үйлік

Нысандық және арнайы киім, мәдени спорт мүкәммалы, тұрмыстық және жұмсақ мүкәммал, ыдыс



      7. Кеменің элементтер бойынша жай-күйі (Тіркелім инспекциясының бағалауы бойынша)

Кеме элементтері

Кемені техникалық жай-күйі

жөндеуге дейін

жөндеуден кейін

Корпус

Қондырғы

Механизмдер

Электр жабдығы

Кеме бойынша жалпы




      8. Кеме толық құтқару және сигнал беру құралдарымен, навигациялық аспаптармен, құралдармен, сүйрету және бекіту тростарымен, авариялық құралдар қорымен, қолданыстағы нормалар бойынша өртке қарсы жабдықпен және материалдармен қамтамасыз етілген.

      9. Кемеге жөндеу бойынша құжаттамалық есеп берілді:

      _____________________________________________________________________

      (құжат атауы)

      10. Кемеге мүкәммал кітабына енгізілуге жататын қосалқы бөлшектер, құралдар мен мүкәммалдар жабдықтау тізімдемесіне сәйкес берілді (М.2.2-нысан).

      11. Тексеріп қарау, тексеру және сынау нәтижелері негізінде

      кеме_______________________________________________________________

      (кеменің типі мен атауы)

      20__ж. "____"_____________ пайдалануға толдық дайындалған. Осы

      Актіге қол қою сәтінен бастап кеме капитанның (командирдің)

      жауапкершілігіне өтеді.

      ____________________________________________________________________

      (тегі және аты-жөні)

      ____________________________________________________________________

      (жөндеуді орындаушының атауы)

      Кемелерді жөндеу қағидаларына сәйкес орындалған жұмыстың сапасына жауапты болады. Орташа және қалпына келтіріп жөндеуден өткен кемелер бойынша жөндеуді орындаушы-кәсіпорын олар алты толық навигациялық ай ішінде орындаған жұмыстың сапасына және техникалық мүмкін қысқа мерзімде өз қаражаты есебінен тиісті емес немесе сапасыз материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды қолданумен, жұмысты сапасыз орындаудан туындаған кемшіліктерді, зақымдалуларды және сынуларды түзетуге кепілдік береді.

      Кемедегі алда болатын кеме жұмысына _______ жөндеулерді орындау қажет. (жөндеу түрі)

      Комиссияның ерекше ескертулері

      _____________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Тапсырды: Қабылдады:

      Комиссия төрағасы __________ Комиссия төрағасы ___________

      (қолы) (қолы)

      Комиссия мүшелері Комиссия мүшелері

      ________________________________ ____________________________

      (қолы) (қолы)

      ________________________________

      (қолы)

      ________________________________

      (қолы)

  Кемені жөндеу қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жөндеуден кейін басты қозғалтқыштарды арқандау сынақтарының ұзақтығы мен режимі

Режим сипаттамасы

Жөндеуден кейін сынау ұзақтығы, сағ.

Номиналдыдан %-бен қуаты бойынша жүктеме

Номиналдыдан %-бен есу бұрмасында жұмыс істеу кезіндегі қозғалтқыш айналымының жиілігі

орташа

күрделі

Алдыңғы жүріс




25

63

0,5 (05)

0,5

50

80

0,5 (05)

1,0

75

91

0,5 (05)

1,0

100

100

2,0(2,0)

3,0

Артқы жүріс

80-85

0,5 (05)

0,5

  Кемені жөндеу қағидаларына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Кемені жүрістік сынау кезіндегі басты қозғалтқыштарды жұмысының ұзақтығы мен режимі

Режим сипаттамасы

Жөндеуден кейін сынау ұзақтығы, сағ.

Номиналдыдан %-бен қуаты бойынша жүктеме

Номиналдыдан %-бен есу бұрмасында жұмыс істеу кезіндегі қозғалтқыш айналымының жиілігі

орташа

күрделі

Алдыңғы жүріс




25

63

0,5 (05)

0,5

50

80

0,5 (05)

1,0

75

91

2,0 (05)

1,0

100

100

3,0(2,0)

12,0

110

103

0,5(0,5)

1,0

Артқы жүріс

30

0,5 (05)

1,0

Алдыңғы немесе артқы жүріс

Ең аз орнықты айналымдар

0,05(0,25)

0,5