Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 19 сәуірде № 6893 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 534 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.08.27 № 534 (4-тармақты қараңыз) бұйрығымен.

      «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру рәсімін реттеу мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н.Барменқұлов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Министр                                        Ә. Құсайынов

Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникация 
министрінің     
2011 жылғы 18 наурыздағы
№ 158 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және көліктік бақылау мәселелері бойынша уәкілетті орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарының (бұдан әрі - аумақтық орган) Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беруді реттейді.
      2. Аумақтық органдардың лауазымды тұлғалары рұқсат беруді жүзеге асыра отырып, Заңды және осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.
      3. Осы Нұсқаулықта мынадай түсініктер пайдаланылады:
      1) аумақтық орган - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы;
      2) лауазымды тұлға – Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының су көлігінде бақылауды жүзеге асыратын қызметкер.

1. Рұқсат беру

      4.  Ішкі және аралас (өзен-теңіз) кемелеріне:
      1)осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме иесінің өтініші;
      Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын нақты пайдалану мерзіміне бюджетке сома төлеуді бір күнтізбелік айға төлем мөлшерінен кем емес енгізгендігін растайтын құжат негізінде рұқсат беріледі.
      5. Рұқсатты аумақтық орган Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына кеме иесі өтінішін қабылдаған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде береді.
      6. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген ұсынылатын құжаттар сәйкес келмеген және анықталмаған кезде өтiнiш берушіге өтініш алынған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
      7. Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану мерзімін көрсете отырып, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық орган беретін рұқсат құжатымен расталады.
      8. Рұқсат, оның берілуі осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылатын Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беруді есепке алу журналында (бұдан әрі - Есепке алу журналы) тіркелуге жататын құжат болып табылады.
      9. Рұқсат кеме иесіне Есепке алу журналына қол қоюымен беріледі.

Қазақстан Республикасының
кеме қатынайтын су жолдарын
пайдалану құқығына рұқсат
беру жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша      

Нысан

Көліктік бақылау комитетінің
аумақтық органының басшысы
«__________________»   
______________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерi,
басшының тегi, аты, әкесiнiң аты /жеке тұлғаның
тегi, аты, әкесiнiң аты және мекен-жайы)

Қазақстан Республикасының
кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына
рұқсат беру жөніндегі өтініш

Кеменің атауы мен түрі ______________________________________________
Жоба нөмірі _________________________________________________________
Мемлекеттік кеме тізілімі бойынша кеменің тіркелу нөмірі ____________
жүзу ауданы _________________________________________________________
толық атауы мен кеме иесі (лер)нің мекенжайы ________________________
сыйымдылығы (жалпы, тір.тонна) ______________________________________
Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану мерзімі _____________________________________________________________

өтініш берушінің қолы ______________
күні ________________

М.О. (заңды тұлғалар үшін)

Қазақстан Республикасының
кеме қатынайтын су жолдарын
пайдалану құқығына рұқсат
беру жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша      

Нысан

Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын пайдалану құқығына
РҰҚСАТ РАЗРЕШЕНИЕ
на право пользования судоходными водными путями Республики Казахстан

№ ______________

Кемеге берілді ______________________________________________________
Выдано судну (кеменің аты / название судна)
1. Кеменің деректері ________________________________________________
   Данные судна
1) кеменің түрі _____________________________________________________
   тип судна
2) жобаның нөмірі _______________, тіркелу нөмірі ___________________
   номер проекта                   регистрационный номер
3) тіркелу орны _____________________________________________________
   место регистрации
4) сыйымдылығы (жалпы) ______________________________________________
   вместимость (валовая)
2. Жүзу ауданы ______________________________________________________
Район плавания (жүзу жүзеге асырылатын ішкі су жолдары учаскесінің атауы / название
                       участка внутренних водных путей, где осуществляется плавание)
3. Пайдалануға рұқсат етілді: 20__ жылғы «___» ____бастап 20__ жылғы « __» ____ дейін
Пользование разрешается:          с                    по
4. Кеме иесінің (лерінің) атауы,
мекен-жайы және телефоны ____________________________________________
Наименование, адрес и телефон судовладельца (ев)
5. Рұқсатты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің ____________________________
аумақтық органы берді / Разрешение выдано территориальным органом
Комитета транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан

20__ жылғы «______» _________________
        (күні / дата) (айы / месяц)

М.О.
М.П

____________ __________________________ Көліктік бақылау комитетінің
(қолы / подпись) (аты-жөні / Ф.И.О.)    аумақтық органының басшысы
                                        Руководитель территориального
                                        органа Комитета транспортного
                                        контроля

Қазақстан Республикасының 
кеме қатынайтын су жолдарын
пайдалану құқығына рұқсат 
беру жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша        

Нысан

Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беруді есепке алу
журналы / Журнал учета выдачи разрешений на право пользования
судоходными водными путями Республики Казахстан

Реттік нөмірі

Өтініштің келіп түскен күні

Кеме иесі-өтінушінің атауы, мекенжайы және СТН-і

Кеменің аты (түрі, кеменің тіркелу нөмірі)

Жүзу ауда ны

1 жалпы регистрлік тонна үшін айлық төлем ставкасы 0,26 х АЕК / аймен көрсетілген навигация кезеңі, (теңге)

Кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану мерзімі (аймен)

Кеменің сыйымдылығы (тіркелімдік тонна)

Төлем сомасы (6х7х8 бағандар) және төлем күні

Рұқсат 200__ жылдың_____ бастап______ дейін берілді

Рұқсат қағазын ың нөмірі және берілген күні

Рұқсатты алғаны туралы Өтініш берушінің қолы

№ п/п

Дата поступления заявления

Наиме нование, адрес и РНН судовладельца – заявителя

Название судна (тип /регистрационный номер судна)

Район плавания

Месячная ставка платы за 1 регистро вую тонну:0,26 х 1МРП /период навигации в месяцах (тенге)

Срок пользова ния судоходных водных путей (месяц)

Вместимость судна (регистровая тонна)

Сумма платы (графы 6х7х8) (тенге) и дата оплаты

Резрешение выдано на срок с___ по____200_ года

Номер разрешения и дата выдачи разрешения

Подпись Заявителя о получении разрешения

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12