2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге одан әрі шағын кредит беру үшін шағын кредиттік ұйымдарға кредит беру туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылы 7 сәуірдегі № 28-3/170 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 19 сәуірде № 6892 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 28-3/472 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011.08.12  № 28-3/472(қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінің 34 және 36-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. 2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге одан әрі шағын кредит беру үшін шағын кредиттік ұйымдарға кредит беруге бағытталатын қаражаттардың облыстар бөлінісіндегі бөлінуі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына ауыл халқын және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге одан әрі шағын кредит беру үшін шағын кредиттік ұйымдарға кредит беру кезінде мыналар:
      1) жылдық 7,5% -дан артық емес сыйақы ставкасы;
      2) шағын кредиттік ұйымдарға кредит беру мерзімі - 4 жылдан артық емес;
      3) ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге (шағын кредиттік ұйымдарының түпкі қарыз алушыларына) берілетін қарыздың жылдық 14,5%-дан артық емес сыйақы ставкасы белгіленсін.
      3. Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитеті (Тұңғышбеков С.Т.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 7 наурыздағы 
№ 28-3/170 бұйрығына қосымша

2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге одан әрі шағын кредит беру үшін шағын кредиттік ұйымдарға кредит беруге бағытталған қаражаттардың облыстар бөлінісіндегі бөлінуі

Р/с

Облыстардың атауы

Бөлінетін қаражаттар сомасы, теңге

1

Ақмола

30 000 000

2

Ақтөбе

30 000 000

3

Алматы

50 000 000

4

Атырау

10 000 000

5

Шығыс Қазақстан

50 000 000

6

Жамбыл

50 000 000

7

Батыс Қазақстан

30 000 000

8

Қарағанды

10 000 000

9

Қостанай

20 000 000

10

Қызылорда

20 000 000

11

Маңғыстау

30 000 000

12

Павлодар

30 000 000

13

Солтүстік Қазақстан

50 000 000

14

Оңтүстік Қазақстан

90 000 000


Жиыны

500 000 000