Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы құралдарын бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 16 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 11 сәуірде № 6882 тіркелді

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы» 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiнде:
      7-тармақта:
      бірінші бөлігінде «қаржы құралдарын» деген сөздер «бағалы қағаздарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлігінде «орташа мөлшерленген» деген сөз «орташа» деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртінші бөлігінде «жарияланатын» деген сөз «жарияланған» деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесінші бөлігінде «қаржы құралдарын» деген сөздер «бағалы қағаздарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағалауы қор биржасының қаржы құралдарын бағалау әдістемесінде және осы Ережеде көзделмеген борыштық бағалы қағаздардың әділ бағасы апта сайын бірінші жұмыс күнінің соңына оның әділ бағасын анықтау күніне дейін дисконтталған құны бойынша есепке алу арқылы анықталады.»;
      7-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-2. Басқарушы компания ай сайын инвестициялық қордың активтерін құрайтын қаржы құралдарының құнсыздануына тест жүргізеді және құнсызданудың қажетті мөлшерін қалыптастырады немесе эмитенттің қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны салдарынан құнын жоғалтқан кездегі осы активтердің құнсыздануымен (арзандауымен) байланысты құнының кері түзетуін жүзеге асырады.
      Құнсыздануына тест жүргізуге инвестициялық қордың активтерін құрайтын, «өтелгенге дейін ұсталатын» және «сату үшін қолда бар» санаттарына жатқызылған қаржы құралдары жатады. «Өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін әділ баға бойынша бағаланатын қаржы құралдары» санатына жатқызылған активтерді құрайтын және белсенді нарығы жоқ қаржы құралдары бойынша құнын төмендету эмитенттің өзінің міндеттемелері бойынша дефолт жариялаған, не эмитенттің бағалы қағаздарының делистингі, және (немесе эмитенттің банкроттығы, және (немесе) эмитенттің өзге қаржы құралдары бойынша өзінің міндеттемелерін орындамауы фактілері болған жағдайларда жүзеге асырылады.
      Бағалы қағаздардың құнсыздануы және құнын төмендету құнсыздандыру әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.»;
      7-3-тармақта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-3. Құнсызданудың немесе құнын төмендетудің критерийлері мыналар болып табылады:»;
      екінші және үшінші бөлігі «құнсыздануына» деген сөзден кейін «немесе құнының төмендетілуіне» деген сөздермен толықтырылсын;
      7-5-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Басқарушы компания бухгалтерлік есепте осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес есептелген бағалы қағаздардың қажетті құнсыздануының мөлшерін есепке алады.
      Бағалы қағаздардың қажетті құнсыздануының мөлшерін қалыптастыру немесе құнын төмендетуді жүзеге асыру осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес барынша төменгі мөлшерде жүргізіледі.
      Әдістемеде көзделген жағдайларда басқарушы компания қажетті құнсызданудың мөлшерін қалыптастырады немесе осы Ереженің
2-қосымшасында белгіленген барынша төменгі мөлшерінен асатын мөлшерде бағалы қағаздардың құнын төмендетеді. Басқарушы компания қажетті құнсызданудың мөлшерін қалыптастыруды немесе бағалы қағаздардың құнын төмендетуді жүзеге асыруды құнсыздануды тану критерийінің пайда болуына қарай, бірақ кем дегенде айына бір рет жүргізеді.
      Құнсызданудың қажетті мөлшері немесе бағалы қағаздар бойынша құнын төмендету бағалы қағаздардың ағымдағы (баланстық) құнынан бұрын қалыптастырылған осы бағалы қағаздардың құнсыздану немесе құнының төмендету мөлшерлері ескерілмей есептеледі.»;
      7-6-тармақтта:
      екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте сәйкестендірілген құны қор биржасының ресми интернет-ресурсында жарияланатын қаржылық есептілігінде көрсетілген, не қор биржасының ресми интернет-ресурсында осындай ақпарат болмаған жағдайда «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 76-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес жарияланатын қаржылық есептілігінің негізінде анықталатын баланстық құнына, мынадай сәйкес келтіру кезеңдерін ескере отырып, акциялардың ағымдағы құнын біркелкі өзгерту арқылы анықталады:»;
      төртінші бөлігінде:
      «негізінде» деген сөзден кейін «және» деген сөз алып тасталсын;
      «органмен» деген сөзден кейін «(бұдан әрі – уәкілетті орган)» деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші бөлігі алынып тасталсын;
      15-тармақта «заңдарында» деген сөзден кейін «және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында» деген сөздермен толықтырылсын;
      1-қосымшада:
      «Бағалы қағаздардың құнсыздануын тану критерийлері» кестесінде: атауындағы «құнсыздануын» деген сөзден кейін «немесе құнының төмендеуін» деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 1.4 жолдың үшінші бағанында «+5» деген цифр «+7» деген цифрға ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 2.5-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2.6-жолмен толықтырылсын:
«

2.6

1 күнтізбелік жылдан астам

+4

                                                                     »;

      реттік нөмірі 5.3-жолдың екінші бағанындағы «ВВВ-»-тен төмен» деген сөздер ««ВВВ-»-тен «В-»-ке дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 5.3-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5.4-жолмен толықтырылсын:
«

5.4

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар

+3

                                                                     »;

      «Бағалы қағаздарды құнсыздандыру үшін осы критерийлерді қолданған кезде рейтингтік бағасы және листинг санаты болған жағдайда рейтингтік бағасы алынады.
      1-ге дейін (қоса алғанда) баллдар сомасын алған жағдайда – бағалы қағаз стандартты деп жіктеледі.
      Баллдар сомасы 2-ден 4-ке дейін (қоса алғанда) болған кезде – бағалы қағаз 1-санаттағы күмәнді деп жіктеледі.
      Баллдар сомасы 5-тен 7-ге дейін (қоса алғанда) – бағалы қағаз 2-санаттағы күмәнді деп жіктеледі.
      Баллдар сомасы 8-ден 10-ға дейін (қоса алғанда) – бағалы қағаз 3-санаттағы күмәнді деп жіктеледі.
      Баллдар сомасы 10-нан астам болған кезде қанағаттанарлықсыз деп жіктеледі.
      Бағалы қағаз эмитентінің банкрот болған жағдайда осы бағалы қағаз нөлге дейін біржолғы есептен шығарылады.» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақпарат жоқ» деген критерийі бойынша баллдар эмитенттің қызметі туралы ақпарат (оның ішінде қаржылық есептілігі) қор биржасының, уәкілетті органның интернет-ресурсында, эмитенттің өз интернет-ресурсында да орналастырылмаған жағдайда, сондай-ақ эмитенттің өзінен қаржылық ахуалына талдауды жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық және өзге де есептілікті алуға мүмкіндік болмаған жағдайда тағайындалады.»;
      2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Агенттіктің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысымен бекітілген Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiне 2-қосымшасының «Бағалы қағаздар құнсыздануының қажетті мөлшері (құнын түзету)» кестесін толтыру бойынша түсініктемелердің (бұдан әрі – Түсініктемелер) алтыншы, сегізінші, тоғызыншы бөліктерін, 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 2-тармағының алтыншыдан бастап оныншыға дейінгі абзацтарды, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 2-тармағының он екіншіден бастап он алтыншыға дейінгі абзацтарды қоспағанда, осы қаулы, ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Түсініктемелердің бесінші және жетінші бөліктерінің қолданылуы 2011 жылғы 1 шілдеге дейін таралады.
      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелерінің, «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы», «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестіктерінің назарына жеткізсін.
      5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                         Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы      
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен       
қадағалау агенттігі        
Басқармасының           
2011 жылғы 28 ақпандағы      
№ 16 қаулысына қосымша      

«Инвестициялық қор активтерiнiң,
инвестициялық қордың таза       
активтерiнiң құнын, инвестициялық
пай қоры пайының есептi құнын   
және акционерлiк инвестициялық  
қордың акцияларын сатып алу     
бағасын есепке алу және айқындау
ережесiне 2-қосымша         

 Бағалы қағаздар құнсыздануының немесе құнының төмендетілуінің қажетті мөлшері

Баллдар сомасы

Бағалы қағаздардың жіктеу санаты

Құнсызданудың қажетті (барынша төмен) мөлшері

1

Стандартты

0%

2-4

1-санаттағы күмәнді

10%

5-7

2-санаттағы күмәнді

15%

8-10

3-санаттағы күмәнді

25% (35%)

10-12

Қанағаттанарлықсыз

50% (70%)

10-нан астам

Үмітсіз

90%

Кесте бойынша түсініктемелер:

      Бағалы қағаздарды құнсыздандыру немесе бағалы қағаздардың құнын төмендету үшін осы критерийлерді пайдаланғанда, рейтингтік бағасы және листинг санаты болған кезде есепке рейтингтік бағасы алынады
      1-ге дейінгі (1 қоса алғанда) балл сомасы алынған кезде – бағалы қағаз стандартты болып жіктеледі.
      Балл сомасы 2-ден 4-ке дейінгі (4 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 1 санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 10 (он) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
      Балл сомасы 5-тен 7-ге дейін (7 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 2 санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 15 (он бес) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
      Балл сомасы 8-ден 10-ға дейінгі (10 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 3 санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 25 (жиырма бес) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
      Балл сомасы 8-ден 10-ға дейінгі (10 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 3-санаттағы күмәнді болып жіктеледі,
      облигациялар бойынша 25 (жиырма бес) пайыз провизиялар
      акциялар бойынша 35 (отыз бес) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
      Балл сомасы 10-нан 12-ге дейінгі (12 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз қанағаттанарлықсыз болып жіктеледі, 50 (елу) пайыз провизия қалыптастырылады.
      Балл сомасы 10-нан 12-ге дейінгі (12 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз қанағаттанарлықсыз болып жіктеледі,
      облигациялар бойынша 50 (елу) пайыз провизиялар;
      акциялар бойынша 70 (жетпіс) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
      Сомасы 12-ден артық болған кезде бағалы қағаз үмітсіз деп жіктеледі, 90 (тоқсан) пайыз провизиялар қалыптастырылады. Бұл ретте, егер эмитенттің борыштық бағалы қағазы үмітсіз деп жіктелсе, онда осы эмитенттің акциясы бір мезгілде нөлге дейін есептен шығарылады.
      Эмитент банкрот болған жағдайда осы бағалы қағаз бір мезгілде нөлге дейін есептен шығарылады.».