"Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ онда науқастардың болу режимі туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 17 қарашадағы № 729 бұйрығына толықтыру енгіз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылы 1 наурыздағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 1 сәуірде № 6861 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.03.2019 № ҚР ДСМ-14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 109-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру, сондай - ақ онда науқастардың болу режимі туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 17 қарашадағы № 729 (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5959 тіркелген, №1 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған 2010 жыл, қаңтар, 365- құжат) бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген заңнамада белгіленген тәртіпте Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру ережесі және болу режимінде:

      16-тармақтың 4) тармақшасында "металл" деген сөздің алдынан "тез алынатын және ашылатын" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) Заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік, бақылау және кадр жұмысы департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау


министрінің міндетін атқарушы

Е. Байжүнісов