"Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 наурызда № 6802 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 842 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 15.10.2015 № 842 бұйрығымен.

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1797 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 16, 575-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      бұйрықтың 2-тармағында «Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің» деген сөздер «Астана, Алматы қалалары және облыстардағы ішкі істер департаментінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықта:
      барлық мәтiн бойынша «департаменті», «департаментінің» деген сөздер «комитеті», «комитетінің» деген сөздермен, ал «Астана қаласы Ішкі істер басқармасының (бұдан әрі - ІІБ), Алматы қаласының Ішкі істер бас басқармасының (бұдан әрі - ІІББ), облыстардағы ІІББ-ІІБ-ның» деген сөздер «Астана, Алматы қалалары және облыстардағы ІІД-нің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақтың 2) тармақшасында «(бөлімшелері, топтары)» деген сөздерден кейін «үш жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      54-тармақтың 1) тармақшасында «бөлімшесі» деген сөзден кейін «бес жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      54-тармақтың 2) тармақшасында «(бөлімшесі, тобы)» деген сөздерден кейін «үш жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      58-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген жолағында қызмет көрсету және сыртқы (визуалды) жарнама объектілерін орналастыруға арналған паспортты жол қызметі береді және жол полициясы бөліністерімен бес жұмыс күні ішінде келіседі.».
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Н.И. Калашников) жүктелсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Н.И. Калашников) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                 С. Баймағанбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрі
      _________ Ә.Қ. Құсайынов
      2011 жылғы 10 наурыз