"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына өзгерістер мен толықтыр

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 наурызда № 6799 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігі декларациясын ұсынудың тәртібін және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 764 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 23, 266-құжат);
      2) «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілерді Мемлекеттік тізілімге тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1346 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 639-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5 және 26-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов