"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 65 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 21 ақпанда № 6781 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 71 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамада:
      шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері құрылымында:
      420 «Негізгі капиталды құру» кіші сыныбында:
      мынадай мазмұндағы шығындардың Анықтамасы мен Тізбесі бар 424 ерекшелікпен толықтырылсын:
      «424 Мемлекеттік кәсіпорындардың ғимараттары мен құрылыстарды салу (реконструкциялау)»;
      «Анықтама» бағанында:
      «Күрделі жөндеу мен қалпына келтіруден басқа ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру.»;
      «Шығындар тізбесі» бағанында:
      «Осы ерекшелік бойынша бұрын мемлекеттік кәсіпорындармен жасалған аяқталып отырған ұзақ мерзімді шарттар бойынша шығыстарды қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.».
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Б. Жәмішев