Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 48 "Әділет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, қолдануды, мемлекеттік тіркеу мен жариялауды реттейтін заңнаманы сақтау бо

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 33 бұйрығы. Қазақстан республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 1 ақпандағы № 6762 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кеден қызметін дамыту жобасы жөнінде Байқау комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 358 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитеті туралы ережеде:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Байқау комитетінің құрамы мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық және өзге ұйымдардың өз өкілдерінің кандидатураларын ұсынуы бойынша және Халықаралық Қайта Құру және Даму банкімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі.»;
      7-тармақтағы «министрі» деген сөз «вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов