Зеленов аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 қыркүйектегі N 8-4 "Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 26-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 19 қазанда N 7-7-117 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 сәуірдегі N 3-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 28.06.2013 N 138 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағы 4 тармақшасына, 18 бабының 5 тармағына және аудан әкімдігінің 2010 жылғы 5 тамыздағы N 795 қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 4 мамырдағы "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек беру нұсқаулығын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 3 маусымда N 10-7-75 болып тіркелген 2009 жылдың 21 қыркүйекте N 84 "Жаңақорған тынысы" газетінде жарияланған) N 134 шешімінің тақырыбы мен мәтініндегі "ереже" мен "нұсқаулық" деген сөздер "қағида" деген сөзбен және "бір ғана мүшесіне" деген сөздер "әр мүшесіне бөлек" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2.  Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың кезекті
      XXXI сессиясының төрағасы                        Қ. ИСАХАНОВ

      Аудандық Мәслихат хатшысы                        С. ДҮЙСЕБЕКОВ