Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 16-1 "2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қазандағы № 26-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 қазанда № 3054 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 3 қарашадағы № 35-6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы  2-тармағына сәйкес және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Павлодар облыстық мәслихатына және Павлодар облысының әкімдігіне:
      1) шекарасын өзгертпей, Екібастұз қаласы Комсомол ауылдық округін "Шиқылдақ" ауылына қайта құру;
      2) шекарасын өзгертпей, Екібастұз қаласының Қарасу ауылдық округін "Бесқауға" ауылына қайта құру ұсынысы енгізілсін.
      2. Нақты шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н. Дычко

      Сессия төрағасы                            Е. Шаихов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ғ. Балтабекова