Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 16-1 "2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 12 мамырдағы № 21-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 мамырда №3042 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 3 қарашадағы № 35-6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдарының және психотроптық заттардың, олардың прекурсорлары мен аналогтарының заңсыз айналымына және өзге де қылмыс түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 802 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Ахметұлы Мусиновқа» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Акрамұлы Әубәкіровке» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов