Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 02 тамыздағы N 21-229-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 06 қыркүйекте N 5-18-102 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 маусымдағы № 28-287/VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 19.06.2018 № 28-287/VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Салық Кодексінің 422 бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үржар ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың ставкалары белгіленсін:

      1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматына - 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

      2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматына - 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

      3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерге - 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

      4) ойын жолы үшін - 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

      5) карт үшін - 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

      6) бильярд үстеліне - 6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

С. Миқанова

Аудандық мәслихаттың хатшысы

М. Бітімбаев