Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 192 "Махамбет ауданының 2010-2012 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2010 жылғы 13 қазандағы № 238 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 24 қарашада № 4-3-147 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 81 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық мәслихатының 2012.12.07 № IX-5 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 5000 (бес мың) теңге әлеуметтік көмек беру мөлшері белгіленсін.
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өтіп алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Аудандық мәслихаттың кезекті
      22-сессиясының төрағасы                    С. Габдуллин

      Аудандық мәслихат хатшысы                  А. Құрманбаев