"2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 20/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы N 30/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 желтоқсанда N 13-8-137 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 4/4 Шешімімен

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 34-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік актілер жинағында жарияланған, № 7, 2010 жылы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарды, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарын, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдарды қоспағанда стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарда, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері.»;
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарды, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарын, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдарды қоспағанда стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері»;
      «Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны

106116

88629

203204

60917

205755

141711

86338

177509

101046

113484

64326

105668

92711

321570

127451

193406

2 189 841

                                                   »;

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
      «Туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарда, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері.»;
      «Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны

15538

15998

28972

10000

36433

18890

15763

38528

11900

17734

13380

23171

15200

50514

19108

50627

381756

                                                            ».

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) оны мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа  енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    С. Қайырбекова